2. Тіласты сүйек бунақтарының буындары (articulatio hyoideum)
қарапайым буындар. Олар сыртынан буын қапшықтарымен қапталған.
Омыртқалар байланысы
Омыртқа бағаны бойында сүйектер байланыстарының бірнеше түрлері
кездеседі. Омыртқалар денелері: синхондроз (құйымшақ омыртқаларының
денелері — синостоз), омыртқа доғалары — синдесмоз, буын өсінділері
қарапайым жалпақ буындар арқылы байланысады.
Омыртқа бағанының байламдары
1. Сегментаралық байламдарға доғааралық байламдар (ligamenturn
flavum), жоталық өсінділераралық байламдар (ligamentum interspinalia)
жəне көлденең өсінділераралық байламдар (ligamentum intertransversarium)
жатады. Бұлар көрші омыртқалар тетіктерін өзара байланыстырады.
2. Жалпы байламдарға 1) дорсальды ұзын байлам (ligamentum
longitudinale dorsale), білік мойын омыртқасынан бастап, құйымшаққа дейін
омыртқа денелерін байланыстырады. Ол омыртқа денелерінің дорсальды
бетінде, омыртқа өзегінде орналасады;
Достарыңызбен бөлісу: |