Морфология



Pdf көрінісі
бет432/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   1132
Төс-бас  бұлшық  еті  (m.  sternocephalicus)  төс  тұтқасынан  басталып, 

самай жəне төменгі жақ сүйек бұрышына барып аяқталады. 

Ерекшеліктері.  Сиыр  мен  ұсақ  малдарда  самай  жəне  төменгі  жақ 

сүйектеріне,  шошқада  самай  сүйегіне,  итте  самай  жəне  шүйде  сүйектеріне, 

ал жылқыда төменгі жақ сүйегіне барып бекиді. 

Қызметі.  Төс-бас  бұлшық  еті  жиырылғанда  төменгі  жақ  сүйекті  төмен 

тартып,  ауыздың  ашылуына  көмектеседі  жəне  басты  сəл  ғана  өз  жағына 

бұрады. 

2.  Арқаның  тым  жалпақ  бұлшық  еті  (m.  latissimus  dorsi)  3  -інші 

көкірек омыртқаларынан соңғы бел омыртқаға дейінгі жотаүстілік байламнан 

басталып,  тоқпан  жіліктің  медиальды  бетіңдегі  үлкен  жұмыр  бұлшық  ет 

бұдырында аяқталады. 



Ерекшеліктері.  Арқаның  тым  жалпақ  бұлшық  еті  жылқыдан  басқа 

жануарларда аталған омыртқалардан жəне соңғы екі қабырғадан басталады. 



Қызметі.  Арқаның  тым  жалпақ  бұлшық  еті  иық-бас  бұлшық  етіне 

қарама-қарсы (антогонист) əсер етеді. Ол иық буынын бүгу арқылы алдыңғы 

аяқты  артқа  қарай  қозғайды.  Ал  алдыңғы  аяқ  жерге  иық  басылып  тұрған 

кезде, тұлғаны алға қарай жылжытады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет