Морфология



Pdf көрінісі
бет495/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   1132
Қосарлы  бұлшық  еттер  (m.m.  gemelli)  таспа  тəрізді  жіңішке  келген 

бұлшық  еттер.  Қосарлы  бұлшық  еттер  жамбас  сүйектің  кіші  шонданай 

ойығының  жиегінен  басталып,  сыртқы  жəне  ішкі  жапқыш  бұлшық  еттердің 

сіңірлі  құйрықтарының  арасымен  ортан  жіліктің  ұршық  шұңқырында 

аяқталады. 

Ерекшеліктері.  Қосарлы  бұлшықеттер  тек  итте  ғана  жеке  түрінде 

бөлініп тұрады. Бұлшық еттердің қосарланған ет құрсақтары болады. 



Шошқада  бұл  бұлшық  ет  ішкі  жапқыш  бұлшық  етімен  бірігіп  кеткен. 

Басқа жануарларда аталмыш бұлшық еттер жеке түрінде кездеспейді. 




237 

 

Қызметі.  Қосарлы  бұлшық  еттер  жапқыш  бұлшық  еттермен  бірге 

супинатор қызметін атқарады. 

Тобық  буыны  (articulatio  genus)  құрылысы  күрделі  жəне  бір  білікгі 

буын. Тобық буынының бұлшық еттері артқы аяқтың сан аумағында жатып, 

төменде орналасқан тобық буынына əсер етеді. Тобық буынын тобық сүйек, 

орган  жіліктің  дистальды  жəне  асықты  жілік  пен  шыбық  сүйектің 

проксимальды  бастары,  олардың  аралықтарындағы  латеральды  жəне 

медиальды  шеміршек  тегіршектер  кұрайды.  Буын  бір  білікті  болғандықтан, 

тобық  буынында  бір-біріне  қарама-қарсы  жұмыс  атқаратын  жазғыш  жəне 

бүккіш бұлшық еттер топтары болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет