Морфология


 - сурет. Терінің құрылысы I — эпидермис, II — нағыз тері (дерма), III —



Pdf көрінісі
бет528/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   1132
 

124 - сурет. Терінің құрылысы I — эпидермис, II — нағыз тері (дерма), III — 

теріасты қабаты (шел) 

1 — негіздік жарғақ, 2 — мүйізді қабат, 3 — дерманың торлы қабаты, 4 — дерманың 

емізікше қабаты, 5 — тер бездері, 6 — тер бездерінің шығару өзектері, 7 — май бездері, 8 

— түк сабағы, 9 — түк қапшығы, 10 — түк қынабы, 11 — түлеуші түк, 12 — жүйкелер, 13 

— тері рецепторлары, 14 — артериялар, 15 — веналар, 16 — лимфа тамырлары, 17 — 

шелдегі май ұлпасы. 

 

Сүт  безі  (glandulae  lactiferae)  желін  (uber)  сүтқоректілер  сыныбына 

(класына)  жататын  жауарларға  тəн  тері  туындысы.  Желін  əр  түрлі 

жануарларда  түрлі  деңгейде  дамиды.  Ол  іштөлінде  төс  пен  құрсақтың 

төменгі  бетіндегі  теріде,  алдыңғы  жəне  артқы  аяқтар  аралығында  бірнеше 

жүп  төбешік  ретінде  эпидермистен  қалыптасады.  Бездің  стромасы 

мезенхимадан  дамиды.  Жануарлардың  түрлеріне  байланысты  төбешіктер  əр 

түрлі  дəрежеде  дамып  жетіледі.  Сиырда  төрт  бөлімді,  төрт  емшекті;  биеде 

төрт  бөлімді,  екі  емшекті;  қой  мен  ешкіде  екі  бөлімді,  екі  емшекті;  шошқа 

мен  итте көп  бөлімді  желін  болып  тері  қабаттарынан  қалыптасады.  Сүт  безі 

құрылысы  жағынан  күрделі  көпіршікшеүтікше  бездерге  жатады.  Ол 

паренхималы  мүше  ретінде  екі  бөлімнен:  паренхимадан  жəне  стромадан 

құралады.  Паренхиманы  сүт  безінің  безді  бөлігі,  ал  строманы  паренхима 




252 

 

бөлікшелері  аралықтарындағы  қан,  лимфа  тамырлары  мен  жүйкелерге  бай 



борпылдақ дəнекер ұлпасы құрайды. 

Желін сыртынан терімен, оның астындағы екі қабат: беткей жəне терең 

шандырлармен  қапталған.  Жоғарыда  баяндалғандай,  жануарлар  түрлеріне 

байланысты  желін  бөлімдерінің  саны  əр  түрлі  болады.  Əр бір  желін  бөлімін 

сыртынан  май  ұлпасымен  аралас  дəнекер  ұлпалы  қапшық  қаптап  жатады. 

Осы  қапшықтан  сүт  безі  бөлімінің  ішіне  тарала  енетін  дəнекер  ұлпалық 

перделіктер  (трабекулалар)  без  паренхимасын  көптеген  бөліктерге  бөледі. 

Сүт безі бөліктері өз кезегінде, жұқа дəнекер ұлпалық аралықтар арқылы тым 

майда,  тек  микроскоппен  ғана  көрінетін  без  бөлікшелеріне  бөлінеді.  Желін 

емшектері  сыртынан  терімен  қапталған.  Емшек  терісінде  тері  түктері,  май 

жəне  тер  бездері  болмайды.  Ол  жүйке  ұштарына  өте  бай.  Сүттің  бөліну 

мөлшері  мен  кұрамы  жануарлардың  түріне,  тұқымына,  азықтандыру 

сапасына  тікелей  байланысты.  Сүт  безінен  1  литр  сүт  бөліну  үшін,  кем 

дегенде  желін  арқылы  500  литр  қан  ағып  өтуі  керек.  Құрсақтың  төменгі 

бетіндегі  ақ  сызықтың  (үйектің)  бойында  желінді  ұстап  тұратын  екі  қабат 

терең шандырдың жалғасын желіннің көтергіш байламы — деп атайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет