Морфология



Pdf көрінісі
бет541/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   1132
Бездердің жіктелуі. Без сөл бөлу сипатына қарай үлкен екі топқа: ішкі 

жəне сыртқы секреция бездері болып бөлінеді. Ішкі секреция бездері немесе 



эндокринді  бездер  инкреттерін  организмнің  сұйық  ішкі  ортасына  (қанға, 

лимфаға, ұлпа сұйығына)  шығарады.  Эндокринді бездердің  шығару  өзектері 

болмайды.  Олар  тек  қана  бөлінді  бөлетін  соңғы  бөлімдерден  тұрады.  Ал 

сыртқы  секреция  бездері  немесе  экзокринді  бездер  секреттерін  шығару 

өзектері арқылы қоршаған сыртқы ортаға немесе сыртқы ортамен қатысатын 

түтікше мүшелердің қуысына шығарады. 

Бездер  құрылысына  қарай:  бір  жасушалы  жəне  көп  жасушалы  бездер 

болып  бөлінеді.  Бір  жасушалы  бездер  төменгі  сатыдағы  жануарларға  тəн. 

Сүтқоректі жануарлардағы бір жасушалы бездердің өкілі құты (бокал) тəрізді 

жасушалар. Бұлар кеңірдектің, бронхтардың, ішектің эпителий қабаттарында, 

эпителиоциттер  аралықтарыңда  орналасады.  Сондықтан,  құты  тəрізді 

бездерді  эндоэпителиальды  бездер  —  деп  атайды.  Бұлар  эпителий 

қабатының ішкі бетін сылап тұратын кілегей бөледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет