Морфология



Pdf көрінісі
бет546/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   1132
орталық  пердені  (mediastinum)  құрайды.  Орталық  перде  сірлі  қабық 


260 

 

қабаттарының  арасында  өңеш,  кеңірдек,  қолқа,  жүйкелер,  жүрек  жəне 



жүрекқап  орналасады.  Орталық  перде  плеврасының  (pleura  mediastinal) 

жұрекқапты  (перикард)  қаптаған  бөлігін  перикардиальды  плевра  (pleura 

pericardiaca)  —  деп  атайды.  Орталық  перде  плеврасы  кеңірдек,  бронхтарды 

сыртынан  қаптап,  оң  жəне  сол  өкпеге  өтіп,  өкпелік  плевраны  (pleura 

pulmonalis)  түзеді.  Орталық  перде,  перикардиальды  жəне  өкпелік  плевралар 

висцеральды плевраны құрайды. 



 

131 - сурет. Сиыр денесіндегі ішкі мүшелердің орналасу орыңдары 

(топографиясы) 

1 — тік ішек, 2 — құрсақ қолқасы, 3 — сол бүйрек, 4 — оң бүйрек, 5 —бауыр, 6 — 

өт қабы, 7 — көкет (диафрагма) күмбезінің нобайы, 8 — оң өкпе, 9 — өңеш, 

10 — кеңірдек, 11 — жүрек, 12 — көкеттің қабырғалық бөлігі, 13 — ұлтабар, ]4 — 

он екі елі ішек (ұлтабар ұшы), 15 — ұйқы безі, 16 — аш ішек, 17 — тоқ ішек, 18 — мықын 

ішек, 19 — бүйен, 20 — куық, 21 — қынап. 

 

Париетальды  жəне  висцеральды  плевралар  аралығындағы  саңылау 



тəрізді сірлі қуысты плевральды қуыс (cavum pleurae) — дейді. Оң жəне сол 

плевральды  сірлі  куыстарда  оң  жəне  сол  өкпе  орналасады.  Бұл  қуыстар  бір-

бірімен  қатыспайды.  Плевральды  қуыстарда  тыныс  алуға  жəне  жүректің 

жиырылуына  байланысты  қозғалыс  кезінде  сірлі  қабықтардың  өзара 

үйкелісін  болдыртпайтын,  олардың  беттерін  майлап  сылап  тұратын  сірлі 

сүйық болады. Сүйықты сірлі қабық мезотелиоциттері бөледі. 

Құрсақ  қуысы  (cavum  abdominis)  диафрагмадан  жамбас  қуысы 

кіреберісіне  дейінгі  аралықтағы  дене  куысы.  Құрсақ  куысының  төбесін  бел 

омыртқалары,  олардың  бұлшық  еттері  мен  терісі,  алдыңғы  қабырғасын 

диафрагма,  екі  бүйір  қабырғасы  мен  түбін  құрсақ  бұлшық  еттері  жəне 

сыртындағы  тері құрайды.  Құрсақ куысы  мен жамбас куысының  шекарасын 

мықын жəне шат сүйектердің алдыңғы жиектері шектейді. Құрсақ қуысында 

өңеш,  қарын,  ұйқы  безі,  бауыр,  ащы  жəне  жуан  ішектер,  бүйрек,  несепағар, 

жыныс  мүшелерінің  көп  бөлігі,  қан  тамырлары,  лимфа  түйіндері,  жүйкелер, 

олардың тораптары орналасады. 

Жамбас  куысы  (cavum  pelvis)  жамбас  астауындағы  қуыс.  Жамбас 

қуысының  төбесін  құйымшақ,  бірінші  құйрық  омыртқалар,  екі  бүйірі  мен 

түбін  жамбас  сүйектері  құрайды.  Аталмыш  қуысты  түзуге  аталған 

сүйектердің  бұлшық  еттері  мен  байламдары  жəне  сыртындағы  тері  жабыны 

қатысады.  Жамбас  қуысында  азық  қорыту,  зəр  бөлу,  жыныс  мүшелерінің 

соңғы бөлімдері орналасады. 

Құрсақ куысы мен жамбас қуысының алдыңғы бөлігінің ішкі бетін сірлі 

қабық  ішперде  (peritoneum)  астарлайды.  Құрсақ  пен  жамбас  куыстары 

қабырғаларының  жəне  дифрағманың  ішкі  бетін  астарлайтын  ішперденің 

сыртқы  бөлігін  қабырғалық  немесе  париетальды  ішперде  (peritoneum 

parietale),  ал  дене  қуыстарындағы  ішкі  мүшелерді  сыртынан  қаптап  жатқан 

оның  бөлігін  висцеральды  ішперде  (peritoneum  viscerale)  —  деп  атайды. 

Аталған  ішперде  бөліктерінің  аралығында  саңылау  тəрізді  ішперде  немесе 



261 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет