Морфология



Pdf көрінісі
бет574/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   570   571   572   573   574   575   576   577   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Ерекшеліктері. Жылқыда таңдай шымылдығы өте ұзын. Оның тандай 

доғасы  тіл  түбіріне  дейін  жетеді.  Осыған  байланысты  жылқы  басқа 

малдармен 

салыстырғанда 

аузымен 

дем 


ала 

алмайды. 

Таңдай 

шымылдығында  тақ  тандай  бадамшасы,  ал  тіл  түбірінің  екі  бүйірінде  жұп 

тандай бадамшалары орналасады. 

Күйіс  қайтаратын  малдардың  жұмсақ  тандайы  сəл  қысқалау  келіп, 

көмекей  бөбешігінің  ұшына  дейін  созылады.  Таңдай  шымылдығының  екі 

бүйірінде тандай бадамшалары болады. 

Шошқада  тандай  шымылдығы  қысқа  жəне  қалың  болып  келіп, 

бөбешікке  горизонтальды  бағытталады.  Таңдай  шымылдығында  тақ  тандай 

бадамшасы орналасады. 

Итте тандай шымылдығы тіл түбіріне қарай бағытталыи, бірақ оған сəл 

жетпей  аяқталады.  Таңдай  бадамшалары  ерекше  бадамша  қуыстарда  (sinus 

tonsillares) орналасқан. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   570   571   572   573   574   575   576   577   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет