Морфология


КӨПБӨЛІМДІ ҚАРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ



Pdf көрінісі
бет617/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   613   614   615   616   617   618   619   620   ...   1132
КӨПБӨЛІМДІ ҚАРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 

 

Көпбөлімді  қарын  күйіс  қайтаратын  жануарларга  тəн.  Қарында 

негізінен  төрт  бөлім  болады.  Олар:  мес  қарын,  жұмыршақ,  қатпаршақ, 

ұлтабар.  Алдыңғы  үш  бөлімнің  кілегейлі  қабықтарында  без  болмайды. 

Оларды біріктіріп, алдыңғы қарыңдар — деп атайды. Бұл бөлімдерде азық 

механикалық  жəне  биологиялық  өңдеулерден  өтеді.  Ферменттердің 

қатысуымен азықты химиялық қорыту ұлтабарда жүреді. 

Көп 

бөлімді 

қарын 

бөлімдерінің 

орналасу 

орындары 

(топографиясы). 

Мес  қарын  сақа  жануарларда  көлемі  жағынан  бірінші  орында.  Ол 

құрсақ куысының сол жақ жартысын толығымен алып жатады. Мес қарын 6 -

ншы  қабырғааралық  тұстағы  диафрагмадан  жамбас  куысының  кіреберісіне 

дейін  созылып  жатады.  Оның  қабырғалық  беті  (facies  parietalis)  сол  жақ 

құрсақ қабырғасымен, ал ішкі висцеральды беті (facies visceralis) ішектермен 

жанасады.  Мес  қарынның  дорсальды  иіні  (curvatura  dorsalis)  диафрагма  мен 




289 

 

бел бұлшық еттеріне байламдармен байланады, ал вентральды иіні (curvatura 



ventralis) құрсақ куысының вентральды қабырғасымен жанасады. 

Жұмыршақ диафрагманың артқы жағында, семсерше өсіндінің жоғарғы 

жағында  орналасады.  6-7  -нші  қабырғааралық  тұста  оның  жоғарғы  жағы 

бауыр жəне қатпаршақпен, ал оң жағы бауыр жəне диафрагмамен жанасады. 

Қатпаршақ  құрсақ  қуысының  оң  қабырғаастылық  аумағында  жатады. 

Оның  сол  жағында  мес  қарын,  оң  жəне  жоғарғы  бетінде  бауыр,  төменгі 

бетінде ұлтабар орналасады. 

Ұлтабар  құрсақ  қуысының  оң  қабырғаастылық  аумағында  орналасқан. 

Кейде  ол  семсерше  өсінді  аумағына  дейін  жетеді.  Ұлтабардың  жіңішкерген 

пилорустық ұшы оң жақ қабырға доғасының бойымен 12 -нші қабырғааралық 

тұсқа  дейін  көтеріліп,  сөл  ғана  алға  қарай  бұрылады  да,  9-11  -інші 

қабырғааралық тұста ұлтабар ұшына (он екі елі ішекке) өтеді. Ұлтабардың оң 

жағы бауырмен, сол жəне алдыңғы беті мес қарынмен жанасады. Оның артқы 

жағында ішектер жатады. 

Мес  қарын  (рубец)  —  rumen  —  көлемі  жағынан  қарынның  ең  үлкен 

бөлімі.  Оның  өңеш  тесігі  ашылатын  алдыңғы  бөлігін  мес  қарын  кіреберісі 

(anthrum  ruminis),  одан  төменірек  орналасқан  бөлігін  кранио-вентральды 

қалташа  (recessus  cranio-ventralis)  —  деп  атайды.  Екі  бүйіріндегі  алдыңғы 

жəне  артқы  сыртқы  сайлар  (sulcus  ruminis  cranialis  et  caudalis)  мен  оларға 

сəйкес:  алдыңғы  жəне  артқы  ішкі  қатпарлар  (pila  ruminis  cranialis  et 

caudalis)  мес  қарынды  дорсальды  жəне  вентральды  қапшықтарға  (saccus 

ruminis dorsalis et ventralis) бөледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   613   614   615   616   617   618   619   620   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет