Морфология



Pdf көрінісі
бет622/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   618   619   620   621   622   623   624   625   ...   1132
АЩЫ ІШЕК 

 

Ащы  ішек  (тонкая  кишка)  —  intestinum  tenue  —  қарын  мен  бүйеннің 

аралығында  орналасқан  азық  қорыту  аппаратының  ортаңғы  бөлімі.  Ащы 

ішекте  қарында  жартылай  қорытылған  жын  құрамындағы  қоректік  заттар 

(белоктар,  майлар,  көмірсулар)  қабырғалық  жалпы  ішектік  бездің,  ұйқы 

безінің  сөлдері  құрамындағы  ферменттердің  əсерінен  жəне  бауырдан  келген 

өттің  қатысуымен  өздерінің  қарапайым  мономерлеріне  ыдырап,  химиялық 

өңдеуден  өтіп  қорытылып,  қорытылған  қоректік  заттар  ащы  ішек 

бүрлеріндегі  эпителий  қабаты  арқылы  сорылып,  қанға  жəне  лимфаға 

сіңіріледі.  Сондықтан,  ащы  ішектің  қабырғасы  қан  жəне  лимфа 

тамырларымен  жеткілікті  дəрежеде  қамтамасыз  етілген.  Ащы  ішектің  ішкі 

бетіндегі  көптеген  қатпарлар  мен  ащы  ішек  бүрлері  ішектің  ішкі  беті 

ауданының көлемін арттырады. 




292 

 

Қабылданатын  азықтың  түрлеріне  (жануар  текті,  өсімдік  текті,  аралас) 



байланысты үй  жануарлары  ішектерінің  ұзындығы  əр  түрлі  болады.  Жануар 

текті  азықпен  қоректенетін  жануарлардың  ішегі  қысқа,  ал  өсімдік  текті 

азықпен  азықтанатын  жануарлардың  ішегі  өте  ұзын  болады.  Талғаусыз 

жануарлар (мысалы шошқа) ішегінің ұзындығы орташа болып келеді. 

Ащы  ішек  өз  кезегінде:  он  екі  елі  ішек,  аш  ішек  жəне  мықын  ішектен 

құралады. Азық қорыту аппаратының ортаңғы бөліміне аталмыш ішектерден 

басқа,  өзектері  он  екі  елі  ішекке  ашылатын  ірі  ас  қорыту  бездері  бауыр  мен 

ұйқы безі жатады. 



Он екі елі ішек (двенадцатиперстная кишка)— intestinum duodenum — 

жануарлардың түрлеріне байланысты ұзындығы 40 см -120 см дейінгі, қысқа 

шажырқайға  ілінген  ащы  ішектің  қарыннан  басталар  бөлігі.  Ол  қарынның 

қақпақша  бөлігінен  басталған  бойда,  S  əрпі  тəрізді  иілім  жасай  бауырға 

бағытталып,  одан  əрі  артқа  қарай  оң  бүйрекке  жетеді  де,  солға  жəне  алға 

қарай  бұрылып,  шекарасыз  аш  ішекке  өтеді.  S  əрпі  тəрізді  иілім  аумағында 

он екі елі ішек куысына  бауыр  мен  ұйқы безі өзектері  (сиыр  мен  шошқада 

бөлек,  ал  жылқы,  ұсақ  мал  мен  итте  бірге)  ашылады.  Он  екі  елі  ішектің 

кілегейліасты  негізінде,  өзектері  ішек  куысына  ашылатын  арнайы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   618   619   620   621   622   623   624   625   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет