Морфология


Ұйқы безінің гистологиялық құрылысы



Pdf көрінісі
бет639/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   1132
Ұйқы безінің гистологиялық құрылысы 

 

Ұйқы  безі  құрсақ  куысында,  он  екі  елі  ішек  ілмегі  аралығында 

орналасады.  Ол  сыртынан  дəнекер  ұлпалық  қапшықпен  қапталған. 

Қапшықтан  без  ішіне  тарамдала  енетін  дəнекер  ұлпалық  аралықтар  без 

паренхимасын  бөлікшелерге  бөледі.  Болікшелераралық  дəнекер  ұлпалық 

аралықтарда  қан  жəне  лимфа  тамырлары,  жүйке  талшықтары,  ұйқы  безінің 

бөлікшелераралық  шығару  өзектері,  қапшықталған  сезімтал  жүйке  ұштары 

орналасады.  Ұйқы  безінің  экзокринді  бөлігі  кұрылысы  жағынан  күрделі 

көпіршікше-түгікше  бездер.  Бөлікшелерді  пішіні  дөңгелек  не  сопақ  келген 

секрет  бөлетін  соңғы  бөлімдер  (альвеолалар,  ацинустар)  жəне  ендірме 

бөлімдер  мен  ендірме  өзектер  кұрайды.  Ұйқы  безінің  альвелоларының 

қабырғасын  негіздік  жарғақта  бір  қабатта  орналасқан,  пішіні  конус  тəрізді 

безді 

эпителиоциттер 



(главдулоциттер) 

түзеді. 


Гландулоциттер 

цитоплазмасының  секрет  белетін  базальды  бөлігі  көкшіл  түске,  ал  бөлінген 

бөлінді  жиналатын  апикальды  бөлігі  қызыл  түске  боялады.  Олардың 

дөңгелек  келген  ядролары  цитоплазма  орталығында  негіздік  жарғаққа 

жақындау орналасады. 

 

 



 


301 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет