де, канға өтіп, канның ағысымен ұрық организміндегі бастама жыныс безі
гонадқа барып қоныстанады. Жыныс бездерінде гонобласттар, оларды
339
қоректік заттармен қамтамасыз ететін тіректік жасушалармен қоршалып,
дамып жетіліп, жануарлардың болашақ жынысына байланысты аталық
(сперматозоидтар) немесе аналық (овоциттер) жыныс жасушаларына
айналады.
Бұдан кейінгі даму сатысында, көбею мүшелерінін жетілуі зəр бөлу
мүшелері дамуымен тығыз байланыста жүреді. Аралық бүйрек маңында,
бастама жыныс бездерінен кейінірек жануарлардың болашақ жынысына
байланысты жұмыртқалық немесе ен дамиды. Аралық бүйрек өзегі маңында,
жыныс қатпарымен бір мезгілде, бастапқы бүйрек өзегі қалдығынан арнайы
өзек қалыптасады. Ол алғашқы кезде аралық бүйрек өзегімен жапсарлас,
кейінірек одан ажырап, бастапқы бүйрек (Мюллер) өзегі — деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: