Базофилді аденоциттердің үлес саны 5-10% -ға тең. Гипофиздің
алдыңғы бөлігі жасушаларының ішіндегі ең ірі эидокриноциттері. Базофилді
аденоциттер гонадотропоциттер жəне тиретропоциттер болып екі топқа
бөлінеді.
Гонадотролоцитгер гликопротеидті көкшіл дəншелерінің мөлшері 200-
300 нм. Гонадотропоцит цитоплазмасьшың орталығында орналасқан кең
қуысты Гольдж кешені ядро жəне басқа органеллаларды жасушаның шетіне
ығыстырып
шығарып
тұрады.
Гонадотропоциттер
фолликудды
жандандырғыш (ФЖГ) жəне лютеиндеуші (ЛГ) гормондар бөледі. ФЖГ
жыныс бездеріндегі (ен, жұмыртқалык) аталық жəне аналықжыныс
жасушаларыньщ дамуын, аналықжыныс мүшелеріндегі секрет бөлуді
реттейді. ЛГ жұмыртқалыктағы сары дененің өсіп жетілуін жəне ендегі
паренхимааралық (интерстициялык) эндокриноцитгердің дамуын реттейді.
Тиретропоцитгер пішіні бұрышты келген базофилді аденоциттер.
Олардьщ дəншелерінің мөлшері 80-150 нм. Тиретропоциттер қалқанша
бездің қызметін күшейтетін тиретроптық гормон (111) бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |