Морфология



Pdf көрінісі
бет872/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   868   869   870   871   872   873   874   875   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

 

 

 


401 

 

ҚҰРСАҚ ҚОЛҚАСЫНЫҢ ВИСЦЕРАЛЬДЫ АРТЕРИЯ  



ТАРМАҚТАРЫ 

 

1. Іш артериясы (чревная артерия) — a. celiaca — соңғы көкірек немесе 

бірінші  бел  омыртқаларының  тұсынан,  құрсақ  қолқасының  вентральды 

жағынан  бөлінетін  ірі  тақ  артерия.  Іш  артериясы  құрсақ  қолқасынан 

ажырағаннан соң, өз кезегінде үш артерияға: 1) көкбауыр артериясына, 2) сол 

қарын артериясына жəне 3) бауыр артериясына тарамдалады. 

1) көкбауыр артериясы (a. lienalis) іш артериясынан бөлінгеннен кейін, 

көкбауырға  жетіп,  көкбауырды  тамырландырады.  Көкбауыр  артериясының 

соңғы  тармағы  көкбауырдан  қарынның  үлкен  иініне  қарай  бағытталып,  сол 

қарын-шарбы  артериясы  (a.  gastro-epiploica  sinistra)  —  деп  аталады. 

Карынның  үлкен  иінінде  сол  қарын-шарбы  артериясы  қарынның  қарсы 

жағынан  келетін  оң  қарын-шарбы  артериясымен  (a.  gastro-epiploica  dexstra) 

жалғасып  кетеді,  яғни  анастомоз  жасайды.  Көкбауыр  артериясынан  қысқа 

қоректендіргіш  артерия  тармақтары  қарынға  (rr.  gastrici  brevis),  ұйқы  безіне 

(rr. pancreatici) жəне шарбыға (r. epiploici) бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   868   869   870   871   872   873   874   875   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет