кəріжілік артериясына, беткей пальмарлы артерияға жəне шынтақ
тармағына ғана бөлінеді. Алдыңғы аяқ басының терең жəне беткей
пальмарлы артерия доғаларын түзуге кəріжілік артериясы, əсіресе,
шынтақтармағы катысады. Осы аталған доғалардан шығатын II-IV
пальмарлы жіліншік артериялары өз кезегінде проксимальды жəне дистальды
тескіш тармақтар бөліп, одан əрі бақай артерияларына айналады. Олардың
тарамдалуы күйіс қайтаратын жануарларға ұқсас.
Итте кəріжілік артериясы тізенің жоғарғы жағында беткей пальмарлы
жəне дорсальды тізе артерия тармақтарына (rr. carpeus palmaris et dorsalis)
ажырайды. Дорсальды тізе артерия тармақгарынан дорсальды тізе торы
түзіледі. Осы дорсальды тізе торынан I-IV дорсальды жіліншік
артериялары (аа. metacarpeae dorsales I-IV) шығады. Бүл артериялар
алдыңғы жіліншіктердің төменгі жағында, иық артериясынан бөлінетін
Достарыңызбен бөлісу: |