сперматоңиттерге айналады. Бұл кезеңде интерфазаның S -кезеңіндегі
қорлану процесіне сəйкес ДНҚ мен белоктардың мөлшері ей есе көбейіп,
олар көлемі жағынан ұлғаяды. Жыныс жасушаларының пісіп жетілуіндегі
жасушалардың бөліну түрін мейоз немесе редукциялық бөліну — деп
атайды. Сперматогониялардың біріншілік сперматоциттерге айңалуы кезінде,
олардың ядроларындағы хромосомалар мейоздың ең ұзақ бірінші кезеңі —
профазадағы лептотен, зиготен, пахитен жəне ди плотен сатыларынан өтіп,
олардың құрылысында күрделі құрылымдық өзгерістер жүреді.
Лептотен (грек, leptos — жіңішке, taenia — таспа) сатысында
сперматогония ядросындағы ядрошық анық көрініп, хромосомалары
ширатылып, жіңішке таспа түрінде байқалады. Гомологиялық хромосомалар
бір-біріне жанаспай, алшағырақ орналасады.
66
Зиготен (грек, zygoos — байланыс) сатысында гомологиялық
хромосомалар бір-біріне жақындап, байланысып (конъюгация), жұптасып
орналасып, диадтар (қосарлы орналасу) түзеді. Гомологиялық хромосомалар
диадтарда
бір-бірімен
өзара
гендерімен
алмасады.
Бұл
процесті
Достарыңызбен бөлісу: |