Морфология



Pdf көрінісі
бет927/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   923   924   925   926   927   928   929   930   ...   1132
 

 


420 

 

ВЕНА ҚАН ТАМЫРЛАРЫ 

 

Жануарлар  дене  мүшелерінен  қан  жүрекке  вена  қан  тамырлары 



(көктамырлар)  арқылы  жеткізіледі.  Көптеген  вена  тамырлары  катар  жатқан 

аттас  артериялар  жəне  жүйкелермен  бірігіп,  тамыр-жүйке  будаларын 

құрайды.  Соңдықтан,  тамыр-жүйке  будаларындағы  вена  тамырларының 

атаулары да, қатар орналасқан артерияларға сəйкес келеді Дегенмен, вена қан 

тамырларының тек өздеріне тəн құрылымдық заңдылықтары мен тармақталу 

ерекшеліктерінің  бар  екендігін  атап  еткен  жен.  Соңдықтан,  вена 

тамырларына тəн морфологиялық заңдылыктарға тоқтала кетейік. Олар: 

1.  Жануарлар  организмдерінде  артерияларға  сəйкес  келмейтін, 

өздерінше  жеке  дара  жататын  веналар  да  кездеседі.  Бұларға:  жануарлар 

денесіндегі  краниальды  жəне  каудальды  қуыс  веналар,  көкірек  керегесінің 

тақ  веналары,  бауырдағы  қақпақтық  вена,  бас  аумағындағы  терең  бет  жəне 

ұрт веналары жатады. 

2.  Жануарлар  денелерінде  тамыр-жүйке  будалары  құрамындағы  терең 

магистральды  веналардан  басқа,  тері  астында  беткей  орналасқан  веналар  да 

болады.  Оларға:  мойын  аумағындағы  сыртқы күре-тамыр  (мойындырықтык) 

венасын,  кеуде  жəне  құрсақ  кабырғасының  төменгі  бөліктеріндегі,  алдыңғы 

жəне  артқы  аяқтардағы  тері  асты  веналарын  жатқызады.  Аяқтардың  төменгі 

бөліктеріндегі,  буындар  аумақтарындағы  теріасты  веналарында  жəне 

олардың ірі негізгі əкеткіш вена бағандарына ашылатын тұстарында көптеген 

жалғамалар болады. 

3.  Кейбір  тамыр-жүйке  будаларындагы  артериялармен  қатар  өтетін, 

артериямен аттас веналардың саны бірнеше болуы мүмкін. Мысалы, сыртқы 

жəне ішкі күретамыр  венасы т. б. 

4.  Вена  тамырлары  бір-бірімен  өзара  жалғасып,  көптеген  жалғамалар 

(анастомоздар),  венатораптарын,  вена  доғаларын  жəне  вена  тамырларының 

торларын  түзеді.  Веналардың  арасындағы  жалғамалардың  көп  болуы  вена 

қан  тамырлары  жүйелері  қызметінің  жоғары  деңгейде  жүретіндігінің  жəне 

вена тамырларының өз қызметтерін еш кедергісіз атқаратындығының белгісі. 

5.  Вена  қан  тамырларының  қабырғасы  артерия  қан  тамырларының 

қабырғасына  қарағанда  жұқа  болып  келеді.  Веналардың  ішкі  кабығы 



интимада,  тек  жүрекке  қараған  бағытта  ғана  ашылатын  қақпақшалар 

болады.  Бұл  кақпақшалар  жүрекке  қарсы  бағытта  веналардың  арналарын 

жауып,  қанды  кері  жакқа  өткізбейді.  Ал  вена  тамырларының  арналары 

артерия  арналарына  қарағанда  кең  болып  келеді.  Жануарлар  денесі  қан 

тамырларындағы  қанның  жалпы  мөлшерінің  85%  -ы  вена  тамырларының 

арналарында, тек 15% -ы ғана артериялар арналарында болады. Оның үстіне, 

жануарлар  денесінде  вена  қан  тамырларының  саны  артериялар  санына 

қарағанда  екі  еседей  көп.  Сондықтан,  кейбір  дене  мүшелерінің  вена  қан 

тамырларыньщ  арналарында  канның  қоры  сақталады.  Мысалы,  бауырдың 

веналарында денедегі қанның жалпы мөлшерінің 20% -ы, көкбауырда 16%-ы, 




421 

 

тері  тамырларында  10%-ы,  басқа  дене  мүшелерінде  36%-ы  қор  ретінде 



сақталады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   923   924   925   926   927   928   929   930   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет