Шеткі қойнау лимфа түйіні капшығы мен лимфа түйіншелерінің,
аралық қойнау лимфа түйіншелері мен перделіктер, ал орталық қойнау
бозғылтша баулар мен перделіктер аралықгарында орналасады. Шеткі
қойнауға əкелгіш лимфа тамырлары ашылады. Олар арқылы лимфа түйініне
ұлпа сұйығы келіп құйылады. Орталық қойнаулардан лимфа түйінінің
қақпасынан əкеткіш лимфа тамырлармен лимфа ағып шығады. Қойнауларды
лимфоидты ұлпадан оқщаулайтын ретикулоэндотелиоциттер əкелгіш жəне
əкеткіш лимфа тамырларыньң ішкі бетіндегі эндотелиймен жалғасып кетеді
Достарыңызбен бөлісу: |