Шошқада бұл түйін болмайды, ал итте оның мөлшері 1,8-8 см.
2)латеральды жұтқыншақтары лимфа түйіндері (In. retropharyngei
lateralis) шықшыт сілекей безінің астында, атлант қанатының
шұңқырына жақын орналасады. Лимфаны бас аумағынан жинап, əр түрлі
лимфа түйіндеріне өткізеді.
Ерекшеліктері. Жылқыда бұл топты ұзындығы 0,3-1,5 см -дей 8 -15
лимфа түйіндері құрайды. Бұлар лимфаны бастан жəне мойынның алдыңғы
бөлігінен жинайды да, мойынның терең краниальды лимфа түйініне өткізеді.
Сиырда лимфа түйінінің ұзындығы 3-5,5 см -дей, ал ұсақ малдарда мөлшері
кішірек, орналасу орны мен лимфа жинау түбірі сиырға ұқсас. Лимфа бұл
түйіннен кеңірдек өзегіне ағып өтеді. Шошқада лимфа түйінінің мөлшері 1-3
см, лимфа мойынның беткей лимфа түйініне өтеді. Итте бұл түйін сирек
кездеседі. Лимфаны ол медиальды жұтқыншақарты лимфа түйініне өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |