Шошқада бұл лимфа түйіндері болмайды. Итте қолтық лимфа түйінінің
ұзындығы 5 см -ге дейін жетеді. Аталған лимфа түйіндерінде жиналған
лимфа оң жақта кеңірдек бағанына, сол жақта көкірек өзегіне құяды;
2) 1-қабырғаның лимфа түйіндері бірінші қабырға тұсында, иық
буынының медиальды бетінде орналасады. Лимфаны алдыңғы аяқтан,
мойынның вентральды бұлшық еттері мен иық белдеуінің бұлшық еттерінен
жинайды. Жиналған лимфаны кеңірдек бағанына, көкірек өзегіне немесе
мойынның терең лимфа түйіндеріне өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |