Морфология



Pdf көрінісі
бет98/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Сперматозоидтың  басын  плазмолеммамен  қапталған  цитоплазма  мен 

ядро құрайды. Басының алдыңғы жиегінің 2/3 бөлігінде, пішіні иілген жалпақ 

қапшыққа ұқсас цитоплазмалық оймақ пен оның ортасындағы тығыз денешік 

—  акросома  орналасады.  Бұлар  Гольдж  кешенінің  туындысы.  Ұрықтану 

кезінде  акросома  жұмыртқа  жасушасының  сыртқы  екіншілік  қабығының 

фолликулалық  жасушаларын  бір-бірімен  желімдеп  жабыстырып  тұрған 

гликозаминогликандарды  (мукополисахарид)  ерітеұлпа  протеаза  жəне 

гиалуронидаза  ферменттерін  бөледі.  Фолликулалық  жасушалар  бір-бірінен 

ажырап  ыдырағаннан  кейін,  аталықжыныс  жасушасы  аналық  жұмыртқа 

жасушасына  еніп,  ұрықтану  процесіне  қатысады.  Жоғарыда  аталған 

ферменттер  жұмыртқа  жасушасының  екіншілік  қабығын  ерітумен  қатар, 

жұмыртқа  жолындағы  овоциттердің  тезірек  пісіп  жетілуіне  жəне  олардың 

ұрықтануына  да  ықпалын  тигізеді.  Сперматозоид  басының  негізін  құрайтын 

тығыз  хроматинді  ядрода,  ұрыққа  тұқым  қуалаушылық  қасиеттерді 

жеткізеұлпа  аталық  тендер  жинақталған  хромосомалардың  гаплоидты 

жиынтығы  болады.  Шəуеттегі  сперматозоидтар  ядроларының  50%-ында  да 

ұрықтың  болашақ  еркек  жынысын  анықтайтын  Ү  жыныс  хромосомасы,  ал 

қалған  50%  -ын  да  ұрықтың  болашақ  ұрғашы  жынысын  анықтайтын  X 

хромосомасы болады. Қалған хромосомалар — аутохромосомалар.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет