Мыңбай батыр*
Тарихымызда із қалдырған тұлғалар қатарында Мыңбай
Құлғараұлының өзіндік алар орны бар. ол жөнінде ата шежіре мен
мұрағат деректері біраз мәліметтер береді. оларды пайдаланған,
мәселен, 2000 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Аты-
рау» энциклопедиясы «Мыңбай батыр (т.ж.б.-1795) – ұлт-азаттық
қозғалысына белсене қатысқан батыр. Тегі – Есентемір. Сырым
датұлы көтерілісінің басты тұлғаларының бірі. Есім хан айламен қолға
түсіріп өлтірген» деп анықтаса (Атырау: Энциклопедия. – 304 б.),
келесі зерттеушілер «Арманда кеткен батыр қазасы Сырымды қатты
толғандыра күйіндірген жағдай болыпты, ақыры 1797 ж. көктемде
Есімді өлтіріп, досының кегін қайтарған» деген қорытындыға келеді
(Каспий қайраңы. Тарих тағылымы. – Алматы, 2006.-293 б.).
Ата шежіре «Есентемір Көктаубай,
Сұлтангелді, Ер Мыңбай,
Ұлтарақ, Байпақ, Шеңгелді-ай,
Жау көрмесе сағынды-ай» - деп жырлап, есте қалдырған. Бұл ара-
да Көктаубай есентемір – тағашы - әжімбет руларының пірі ретінде
саналған. Ал Мыңбай батыр есентемір – тағашы – қожамбеттің Құлғара
атты ұлынан тараған (Маданов Х. Кіші жүздің шежіресі. Алматы, 1964,
57-58 бб.). осы кезеңді зерттеген кеңестік тарихшы М.П. вяткин 1787
жылдары есентемірлер 3000 түтінге жетіп, Бөкен би басшылығында
болғандығын атап, өткен-ді (вяткин М.П. Батыр Сырым.- М.-Л., 1947.
– С.253). Бұл мәлімет тарихта Қобда съезі кезеңінде хатталып, көптеген
қазақ старшындарының Нұралы хан Уфаға жер айдалғаннан кейінгі
шиеленіскен қазақ-орыс келіссөзінің жүзеге асуымен ерекшеленеді.
Патшалық Ресейдің Қазақ мемлекетінің мемлекеттік негізі болған
хандық басқаруды жойып, өз жүйесін енгізуге жанталасы жүзеге аспа-
ды. Қазақ Ресейдің түпкі мақсатын сезініп, қайта атқа қонды. Міне осы
тұста Мыңбай батыр есентемірлер арасынан суырылып алға шықты.
*Мақала «Ана тілі» газетінің 2011 жылғы 15-21 маусымдағы санында
жарияланған.
134
135
Мыңбай батырдың есімі алғаш рет орыс мұрағатындағы құжаттарда
1788 жылы аталады. осы жылы Қаратоқай Бөдене Тілеуұлы, Есенқұл
Шойтас батырлар теңіз жағалауындағы Әжімбай – арал мекенінде
адай Мәметәлі, есентемір Мыңбай, беріш Балқынбайлардың ел
ішіндегі белсенді қимылдарына куә болды (АоММ 1қ, 9 т, 163 іс,
31 п.). 1789 жылы 6 ақпандағы байұлы руларындағы молда Габдул-
карим Уразбаевтің хатында «Есентемір Мыңбай және адай Мәметәлі
Гурьевтің орыс-казагын жаралап, олардан 2 атты тартып алып кеткен»-
делінеді. осыдан кейін Гурьевтің жоғары жағын жайлаған қазақтар
қоныстарын ауыстырып, соғысқа әзірлене бастаған (ороММ 5қ, 1 т.,
29 іс, 6 п.)..
XYIII ғасырдың аяғында Есентемір руы 12 ата байұлдарымен бірге
жазда Жайық - Жем аралығында, Қалдығайты, Бұлдырты, Жусалы т.б.
өзен бойларында, қыста Маңғыстау тауларының оңтүстігіне дейін,
Жем тармақтарын, Каспий теңізі жағалауларын, Гурьев қалашығынан
Сарайшық қорғанына дейін, одан арғы жерлерді өзге де қазақ рулары-
мен бірге жайлаған.
Мыңбай батыр кейін 1791 жылдан бастап орыс тыңшылары хат-
тарында жиі атала бастады. осы жылы 3 маусымда Мыңбай, Беріштер
Балқынбай, досарылармен бірге 300 адамның орал қалашығынан
төменгі фарпосттарды шабуға аттанды деген хабарлар орынборға
жетті (ороММ. 5 қ, 1 т, 1 іс, 152-153пп). Ал 7 маусымда Мыңбай, кете
Наурызәлі, табын Елекбай, Бармақ, беріштер Балқынбай, досары Сы-
рыммен кеңесіп, қарулы қолдарын 500-600-ге жеткізіп, Шыңғырлау
өзенінің тармағына жинаған. Мұндай хабарды алаша Сопыра би орын-
бор экспедициясына хабарлады. Сопыра би хатында орал казак-орыс
атаманы д.д. донсковтың қазақ ауылдарына жасаған қиянатын қоса
жазуды да ұмытпады (ороММ. 5 қ, 1 т, 40 іс, 160-161пп).
1791 жылы 5 шілдеде молда Таймас Сейтов экспедицияға Сы-
рымды қолдаған қазақ рулары ішінен адайдың шалбар бөлімін,
Жем жақтағы есентемірлерді, беріштерден Балқынбай, досары-
ны, Қаратоқай – Амандық батырларды ерекше бөліп атап көрсетті
(ороММ. 5 қ, 1 т, 40 іс, 320 п).
Мыңбай батыр Сырым, Сарыалтай, Сегізбай, Қаракөбек, Басықара
және т.б. би-батырлардың 1792 жылғы қыркүйекте Ресейге қарсы
жариялаған соғысын толық қолдады. 1792 жылы 2 қарашада орын-
бор губернаторы А.А. Пеутлинг д. донсковқа Сырымды «өлтіруді, не
қолға түсіруді» бұйырғаннан кейін атаманның қазаққа әскермен қоқан-
лоқы жасауы күшейді. 1792 жылы күзі мен 1793 жылдың көктемінде
Мыңбай ауылдары аяусыз талқандалды. Тіпті Есім сұлтан Мыңбай
ауылынан 50 адамды тұтқынға алып, 50 жылқысын айдап әкетті (вят-
кин М.П. Батыр Сырым.- М.-Л., 1947. -С. 320). осы аралықта Мыңбай
батыр орыс тұтқынына түсті. оны қолға түсірудегі атқарған қызметі
үшін Ресей мемлекеттік кеңесі 1793 жылы ақпанда Есім сұлтанды
ерекше құрметтеп, штаб-офицері шенін берді (История Букеевского
ханства... С.904).
1793 жылы күзде шиеленіскен қазақ-орыс қарым-қатынасын
реттеу үшін Санкт-Петербургтен П.А. Зубовтың адъютанты сұлтан
Шерғазы Қайыпұлы жіберілді. оның 1700 қазақ сұлтандары, стар-
шындары, би-батырларымен кездесуі Елек қорғанынан 5 шақырым
жерде ұйымдастырылды. Міне осы кездесуде Мыңбайды тұтқыннан
босату мәселесі де арнайы көтерілді (вяткин М.П. Батыр Сырым.-
М.-Л., 1947. –С. 325).
1794 жылы қаңтар айында Кіші жүздің беделді би-батырлары
ІІ Екатеринаға хат жолдап, орынбор әкімшілігі мен Жайық казак
-орыстарының шекарадағы «әскери күш көрсетулерінің» зардаптарын
жеткізді. Хатта д. донсковтың Мыңбайдың бауырларын өлтіргендігі,
ал Есімнің батырды ұстап, орыстарға бергендігі дәлелденді. Сонымен
бірге хат жазушылар «Мыңбай екі жолдасымен орынбор түрмесінде
жатыр, оны Ресейде жарияланған амнистия бойынша босатуды бүкіл
қазақ жұрты атынан» өтініп қол қойды. Бұл өтініш астында Сырым
батыр, Тіленші тархан, Бөдене би, Қаракөбек би, Қайып хан ұлы
Әбілғазы және т.б. қолдары бар (Материалы по истории КазССР.
Т.IV....с. 165-166).
1794 жылдың басында есентемір, адай рулары орынбор экс-
педициясына бірнеше рет батырды босату туралы хат жолдады. осы
жылы ақпан айында хан жанындағы Нұртай расправасы төрағасы би
Төлеп даутов, мүшесі Тұрлыбек Тұяқовтар экспедицияға «Мыңбайды
орыстарға бергеніміз үшін қазақтар бізбен жауласты» деп хабарлауға
мәжбүр болды (Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында. –Алматы:
Ғылым, 2001. -174б.). Есім сұлтан 1794 жылы 12 ақпанда адай руының
танай бөлімі, есентемірлер былтыр Мыңбайды ұстап бергеніміз үшін
бізге өшігіп, Сырымға қосылды. Сырым жанында таз руынан Шафаев
ұлдары, ағайындары, қызылқұрт рулары, тамадан Қадыр, Садырлар
бар деп толықтыра түсті (ороММ 5қ, 1т, 51 іс, 34 п.). Ал жаз айларын-
да экспедиция Есентемір, адай руы қазақтары Мыңбайды босату үшін
шабуылға дайындалуда деген хабарларды алды (вяткин М.П. Батыр
Сырым.- М.-Л., 1947. -С.329).
Көп ұзамай Мыңбай батыр орынбор түрмесінен қашып шығып
ел ортасына оралды. Шамамен бұл оқиға тамыз, не қыркүйек айының
136
137
басында жүзеге асқан сияқты. Өйткені Есім сұлтан 1794 жылы 30
қыркүйекте «елмен біріккен Мыңбай батыр Сырымды қолдамай жүрген
кейбір алаша, байбақты руларының ауылдарына аттанып, 1000-ға жуық
жылқыларын қуып алды»-деген ақпаратты жеткізді. Сонымен бірге
Мыңбай Сырым, Қаракөбек билермен бірге, Есім сұлтанды ел ортасы-
на арнайы шақырып, кейбір мәселелерді талқылау үшін оған елшілер
жіберудің қажеттігін қолдады. Ал қайтыс болған Ерәлі ханның орнына
жаңа хан сайлау мәселесі көтерілген тұста Мыңбай Сырым, Басықара,
Қаракөбек, Сарыалтай, Қаралтайлармен ақылдасып, Кіші жүзде ар-
найы кеңес өткізу үшін Елек, Қиыл бойларында жиналуды жақтады.
Бірақ Есім ел ортасына баруға шамасы жетпей, би-батырларды орыс
шекарасынан 30 шақырым жерде кездесуге шақырды. Кейін Есім «мен
Мыңбай батырдың Сырым жанында екендігін естіп, кеңеске бармауға
шешім қабылдадым.»-деп губернатор А.А. Пеутлингтің алдында
ақталуға мәжбүр болды. (Мұқтар Ә.Қ. ...177б.).
Сөйтіп ел ішіндегі бірлік жүзеге аспай қалды. Араға уақыт сала
1795 жылы 17 қыркүйекте Есім сұлтан орынборда Кіші жүз ханы бо-
лып сайланды. Хан сайлауды көзімен көрген орыс жазушысы А. Боло-
тов «биыл жазда император қалауымен жаңа қазақ ханы сайланды»-деп
хабарлады. Мыңбай батыр Сырым батырлармен бірге хан сайлау үшін
арнайы орынборға шақырылғанымен кездесуге бармай, Жем, Сыр-
дария аралығына көшіп кетті. Яғни, қазақтың беделді би-батырлары
Есімнің ел келісімін алмағанына бірауыздан қарсылық білдірді.
Кеңестік тарихшы А.Ф. Рязанов 1796 жылы Есім ханның
қазақтың беделді би-батырларын (ішінде Мыңбай батыр да бар -
Ә.М.) орыстарға ұстап бергендігіне Сырым ашық қарсы шықты деп
жазған болатын. Бірақ осы арада зерттеушінің Халық кеңесінде «что
он отомстит хану Ишиму, что кровь Минбая будет возложена на Ишим
султана»-дегеніне келісу қиын. Өйткен, бұл кезеңде Мыңбай батыр
аман-есен Сырым жанында жүрді. Біздіңше, Сырым аузынан айтыл-
ды деген әңгіме 1793 жылы Мыңбай қолға түсіп, орынборда түрмеде
жатқан кезінде ел арасында тараған болуы әбден мүмкін.
1797 жылы наурыздың аяғында Есім хан өлтірілгеннен кейін 4
сәуірде губернатор о.А. Игельстромға есентемір Мыңбай, Арғынбай,
Байбақты Ерсары, Қойсарылар 1000 адаммен Сырымға қосылып, орыс
шекарасына аттанды деген суыт хабар жетті (Мұқтар Ә.Қ. ... 183б.).
Қазақтардың Гребенщиково форпостысы мен Кулагино қорғаны ара-
сында орыс-казактарға шабуыл жасағандығын атаман д.д. донсков
та мойындады. Міне осыдан кейінгі Мыңбай батыр туралы дерек
мұрағаттан 1803 жылы кездеседі. онда Есентемір руының 3000 түтінге
жеткендігі, олардың Мыңбай батыр басқаруында екендігі жазылған.
Біздіңше, Мыңбай батыр, сол заманда-ақ Кіші жүздегі ел ішінде ерек-
ше құрметке бөленгенін байқауымызға болады. Жоғардағы мұрағат
деректерінен екі маңызды қорытынды түйіндеуге болады. Біріншіден,
Мыңбай батыр бүгінге дейін жазылып жүргендей 1795 жылы қайтыс
болды деген пікірдің еш дерекке негізделмегендігі. Мұрағаттан
табылған жаңа деректер батырдың орыс түрмесінен елге оралып,
1803 жылға дейін руластарын басқарғандығын дәлелдейді. Екіншіден,
Мыңбай батыр 1801 жылы Еділ-Жайық аралығына көшпей, Жайықтың
Бұқар бетінде қалған. оны 1803 жылы Кіші жүз арқылы Бұқараға са-
пар шеккен Я.П. Гавердовский күнделігі анықтай түседі. Жәңгір хан
тұсында Есентемір рулары Еділ-Жайық аралығында біртіндеп көбейе
бастады. Патша шенеуніктерінің есебіне сенсек Ішкі ордада есентемір
руының тағашы, көн бөлімдері 1825 жылы 140, 1834 жылы 350 түтінге
жеткен (История Букеевского ханства. 1801-1852 гг. Алматы, 2002.
-С.288,359). Кейін шежіреші Б. Қорқытов «Атырау билері мен батыр-
лары » атты еңбегінде «Кіші жүз ... руларының революцияға дейін ме-
кендеген қоныстарын» тарқата келе «Есентемір Гурьев пен Ақмешіт
уездерін мекендеген. Бөкейлікте де аздап, таз бен есентемірлер болған.»
деген қорытындыға келеді (Алматы, 1972. – 121б.).
Ығылман Шөрекұлының дастанындағы
Ене сойын сұрасаң-
Есентемір Тағашы
Тағашыда Қожамбет,
Құлқара мен Киікші,
Өзіне тете нағашы- деген жолдарын және ел ішіндегі әңгімелерді
жинақтаған Х. досмұхамедов Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық
күресі кезеңінде Мыңбай батыр аталастары Қаракөл мекенін жай-
лады дей отыра, 1838 жылы Бөкейліктен Кіші жүзге өткеннен кейін
нағашысы Киікшінін басына дұға оқып, есентемірлер еліне келгендігін
жазады (Исатай-Махамбет. – Алматы, 1991. -79б.).
Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының та-
рихнамасын зерттеген Л. Бердіғожин Исатайдың анасы Нағибала деп
көрсетеді. Яғни, Исатай батыр нағашысы Мыңбай батырдың да ерлік
істеріне куә болып, қанығып өскен деуімізге әбден болады. Өлке та-
рихымен жете таныс Мақсұт Неталиев «Арыстан еді-ау Исатай» жы-
рында
Құлғара нағашысы кыз мінезді,
Жан сырын жиенінің түсінетін.
Хал-жайды түсінетін-сұрасатын
138
139
Содан соң Исатайға сыр ашатын ...
Бұл үйде ән менен күй шырқалады,
Біреуі мерген-дағы
Біреуі әнші
Жауласқан жауын-дағы құрталады – деп Исатай батырдың
нағашыларына сипаттама береді.
Қорыта келгенде, Мыңбай Құлғараұлы-Сырым батырмен бірге
қоян -қолтық араласып, қазақтың қамы үшін атқа мініп, елінің на-
мысын жыртып, оның ертеңі үшін арпалысқан біртуар тарихи тұлға.
Мыңбай батырдың ерлігін лайықты бағалап, өскелең ұрпаққа жеткізіп
насихаттау бүгіннің міндеті деп білемін.
III ТараУ
XIX ғасырдағы ҚоғаМдыҚ – саяси
жағдай жӘне Тұлғалар
• Бөкей ханның қоғамдық-саяси қызметі.
• Бекет ата тағылымы
• Сарышоңай бидің өмірі мен қызметі
• Сыпыра Қарабатырұлының өмірі мен қызметі
• Шерғазы Қайыпұлының қоғамдық-саяси қызметі
• Арыстан еді-ау Исатай
Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса - халықтық мақсат сон-
да орындалады.
Әлихан Бөкейханов
140
141
Бөкей ханның қоғамдық-саяси қызметі*
Қазақ халқының тарихында елінің қамын жеп, оның ертеңі үшін
алаңдап, еліміздің тұтастығына еңбек сіңірген тұлғалар ерекше орын
алады. олардың қатарында Бөкей ордасының негізін қалаушы – Бөкей
Нұралыұлының (1748/1749 – 1815 жж.) орны ерекше. ол - Кіші жүз
ханы Нұралының төртінші ұлы, Әбілқайыр ханның немересі.
Бөкей Нұралыұлы туралы алғашқы деректер ХҮІІІ ғасырдың
екінші жартысындағы құжаттарда кездеседі. Бұл әрине аталмыш
тұлғаның ақсүйектер тұқымынан шығуымен, сондай-ақ хан Нұралы
Әбілқайырұлының ұлы болуымен де байланысты еді. Ал ХҮІІІ
ғасырдың 90 жылдарындағы мұрағат құжаттарынан Бөкей сұлтанның
тұлға ретінде қалыптаса бастағандығын байқаймыз. Мәселен, 1797
жылы наурыз айындағы мұрағат құжаттарында хан Есім Нұралыұлының
өлімінен соң Сырым датұлын қолға түсіру үшін шыққан полковник
Скворкинге Бөкей Нұралыұлы қарамағындағы байбақты, алаша, беріш,
тана, шеркеш, ысық және өзге де рулардан жиналған 800 адамымен ер-
ген делінеді [1, 183 б.].
1797 жылы қазанда Айшуақ сұлтан хандық таққа отырып, ал Бөкей
Нұралыұлы Хан Кеңесі төрағалығына бекітілді. Бұл оның беділінің ар-
туына, қазақ даласындағы саяси тұлғалар қатарына қосылуына әкеліп
соқты. Алайда осы кезеңде Нұралы ұрпақтарының барлығы бірдей
Бөкей сұлтанды қолдай қоймады. Бұл ел ішіндегі жағдайға және
ақсүйек өкілдерінің жеке бас мүддесімен де тығыз байланысты еді.
ХІХ ғасыр басында Бөкей сұлтан Еділ-Жайық аралығын иелену
мүмкіндігі пайда болғандығын есепке алып, бар күшті патша үкіметімен
келісімге жұмсады. І Павелдің 1798 жылғы 23 тамыздағы Нарын
құмында көшіп-қону рұқсатын қанағаттандыру туралы жарлығын
заңдастыруға, не болғанда да қазақ руларын өзі бастап көшуге әрекет
жасады [2, 76-77 пп.]. осылайша 1801 жылдың 11 наурызында Бөкей
сұлтан патша үкіметінің рұқсатына ие болды [3, с. 914-915].
Бөкей сұлтанның көшуі, еліміздің, Ішкі орда тарихының, Еділ-
Жайықты қайтару тарихының бетбұрысты кезеңі деуімізге болады.
Бұл мәселе орыс, кеңестік тарихнамада, бүгінгі тәуелсіздік даму ба-
рысымызда да жан-жақты талқыға түсіп, түрліше қорытулар жа-
салды. Қазақтардың Бөкеймен бірге көшуін елдегі алауыздықпен
байланыстырған Л.Мейер, М.А. Терентьевтер [4], патша үкіметінің от-
арлау саясатын алға тартып, соның жолында жасалған қадам екендігін
дәлелдеген в.Ф. Шахматов, С.З. Зиманов, Ж.Қ. Қасымбаевтар [5], ішкі-
сыртқы саяси жағдайды есепке алып, Ресейдің геосаяси қадамдарының
жүзеге асырылуымен заң жүзіне асқандығын И.в.Ерофеева сын-
ды ғалымдардың [6] пікірлерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар
бүгінгі таңда Бөкей ордасының құрылуын еш дәйексіз Наполеон
Бонапарттың саяси жоспарымен байланыстыратын көзқарастар да жоқ
емес. Алайда бұл арада Еділ-Жайық аралығының қазақтардың ата-
мекені болғандығын, төл халқымыздың атақонысына ұмтылғандығын
ескеруіміз керек. осы орайда «Қазақтар Жайық өзенінен әрі қарайғы
жерді өз жері деп есептейді» деген ХІХ ғасырдың белгісіз авторының
сөзі сол кезеңдегі Кіші жүз руларының сан ғасырлық күрес себебін
дәлелдей түседі [1, 24 б.]. Кейінгі зерттеулер де Ресей империясының
осы тарихи фактормен санасуға мәжбүр болғандығын, бірақ
қазақтардың ұзақ жылғы қанды күрестерін мойындай отырып, оны өз
мүддесіне айналдырған сыңай танытқанын дәлелдей түседі.
Сонымен Бөкей сұлтан Кіші жүз ханы Айшуақтың Хан кеңесі
төрағасы бола жүріп, елімен, мал-жанымен Жайықтың арғы-бетіне
көшеді. Бірнеше айға созылған тыңғылықты дайындығынан соң
сұлтан 1801 жылы 20 желтоқсанда негізінен өз туысқандарынан
тұратын 183 шаңырақты ішкі тарапқа бастап өтеді. Зерттеуші И.А.
Бирюковтың келтірген мәліметі бойынша осы көште 740 адам, 1366
ірі қара, 24-түйе, 3300 жылқы, 1250 қой есепке алынған [7, с. 616].
демек, әр шаңыраққа 82, әр жан басына 8 бас малдан келген. Ізінше
Кіші жүз қазақтарының өзге де шаңырақтары Қосөзен аралығына
ат басын бұрған. Бөкей сұлтанды ашық қолдаған алғашқы көшіп
келушілер арасында бұрынғы Кіші жүз ханы Есім Нұралыұлының
Сары, Ниетәлі, Айдыңғали атты ұлдары, сұлтан Шығай Нұралыұлы
секілді беделді тұлғалар кездеседі [8, с. 30-31]. олардың барлығы да
өз жанұяларымен, дүние-мүліктерімен көшіп келген. Ал 1802 жылы
шеркеш руының старшыны Бекмұхаммед Тұрмамбетов өзіне қарасты
шаңырақтарды Жайық өзенінің оң жақ бетіне өткізген. Аталмыш стар-
шынмен бірге туған інілері Жақып пен Бекболат та өз жанұяларымен
ішкі бетке тұрақтаған [9, 15 п.]. 1801-1803 жылдары Самар даласында
қоныстанғандар арасынан беріш руының старшыны Жүзбатыр, ноғай
руының старшындары Мәмбетқазы мен Кенжәлі Құрманқожаевтарды
кездестіреміз [10, с. 263].
Тағы бір айта кететін жайт, орыс зерттеушісі И.А. Бирюков белгілі
батыр Сырым датұлының ішкі тарапқа көшу үрдісіне ат салысқанын
нақтылап өтті. Автор өз еңбегінде Астрахань казак әскерінің басшы-
*Мақала тарих ғылымдарының кандидаты С.М. Ғиззатовпен бірлесе
дайындалып, «орал өңірі» газетінің 2012 жылғы 18 ақпандағы санында
жарияланған.
142
143
сы П.С. Поповтың 1801 жылы 5 қыркүйекте Сырымға бірінші ха-
тын жолдағандығы жөнінде мәлімет келтіреді. П.С. Попов батырға
дұрыс қабылдаған шешімі үшін алғысын білдіріп, ішкі тарапқа
асығуын өтінген және осы ұсынысын былайша жеткізген: «Өзіңізді
сыйлағандықтан, әрі жақын серігім санағандықтан сізге Жайықтың
оң жақ бетіне бірінші болып қадам жасауға, өзгелерге үлгі көрсетуге
кеңес беремін. Ең болмаса басқалардан бір күн бұрын өз ұлысыңызбен,
жанұяңызбен ішкі бетке көш түзеңіз. осы ерлігіңізден соң мен сіздің
орданың алғашқы дворяны атануыңызға міндетті түрде жағдай жа-
саймын және қызметіңізге сай қажетті шенді иеленуіңізге мүмкіндік
туғызамын». одан әрі қарай И.А. Бирюковтың мәліметтеріне
сүйенсек, 1801 жылдың 28 қыркүйегінде жолдаған екінші хатында
П.С. Попов Сырымның жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде
еткен. Ақыр соңында зерттеуші Сырым датұлы Бөкеймен бірге өтті
деген анық қорытындыға келеді [7, с. 614-615]. Ал орыс шенеунігі
А.Евреинов Бөкей ұсынысының жүзеге асуына Сырым батыр көмекке
келді, «батырдың тілегі мен сөздері қазақтарға күшті әсер етті» деп
толықтыра түседі [11, с. 54].
Патша жарлығында Бөкей қарамағы болып Еділ-Жайық
арасындағы дала, яғни солтүстікте Қара, Сары өзендерден, оңтүстікте
Каспий жағалауына дейінгі жайлау көрсетілді. Ішкі бетке өткен
қазақтарға Еділ-Жайық аралығындағы жайылым жақсы таныс бола-
тын. 1801 жылға дейін талас-тартыспен оны тек қана қыс мезгілінде
ғана пайдаланса, енді жылдың төрт мезгілі жайлайтын болды. Ал
Жайықтың дала бетіндегі қазақтар Нарын құмын қыс мезгілінде
пайдалануын жалғастыра берді. оларды реттеу Хан кеңесі төрағасы
Бөкейге жүктелді.
Сөйтіп Кіші жүз қазақтары ата қонысқа ие болғанымен, екіге
бөлінді. олардың ортасына Жайық казак-орыстары мен орыс ауылда-
ры, шекаралық әскерлер қалды. Біздіңше, патша үкіметі қазақтарды
көшіруді жүзеге асыра отырып, бұл қадамды отарлаудың бірден-
бір тиімді жолы ретінде пайдаланды. Ішкі бетке көшумен Кіші жүз
қазақтарының тұрмыс-тіршілігінің барлық мәселесі шешіле қалды деу
қиын. Өйткені патша үкіметінің бір атадан тараған ағайындыларды
араздастыруы салдарынан елде халық толқуы орын алды. Мәселен,
1804 жылы 22 наурызда орынбор генерал-губернаторы Г.С. волконский
Сыртқы істер министрі А.А. Чарторыйскийге жолдаған хатында Ішкі
ордадағы кейбір қазақ руларының Кіші жүзге қарай орын ауыстырып
жатқанын хабарлады. Солардың ішінде старшындар беріш руынан Жүз,
шеркеш руынан Мәмбет жанұялары және малдарын түгел Жайықтың
Бұқар бетіне бағыттағаны айтылады. Г.С. волконский қазақтардың
көбейіп, қыстауға Ішкі ордаға келген Пірәлі хан қазақтарымен арала-
сып, өтіп кетуге даялануда деген қорытындыға келді. Ал 1804 жылы 2
мамырдағы Грузия, Астрахань және Кавказ губернияларының басшы-
сы П.д. Цициановтың хабарына сенсек, Пірәлі хан мен оның адамдары
Бөкейге үлкен ықпал жасайды екен. Сондықтан Ішкі орданы тәртіпке
келтірмейінше, Санкт-Петебургке дайындалып жатқан Бөкей сұлтанды
әзірше ешқайда жібермеуді ұсынды [10, с. 264-265].
Айта кететін жайт, бұл кезеңде Нұралы ұрпақтары арасындағы
келіспеушіліктер ашық күреске ұласпаған. Қайта керісінше Пірәлі,
Бөкей, Қаратай, орман сұлтандар бір-біріне өзара қолдау көрсеткен. де-
генмен жоғарыда көрсетіліп кеткендей, осы тұста мұрағат қорларынан
бір сұлтанның қарамағындағы қазақтардың екіншілерінен мал қуып
алулары туралы деректер кездеседі. Бірақ оларды сол қалпында
қабылдау арқылы мәселенің ақиқатын ашу мүмкін емес. Өйткені хат-
тарды жазған татар молдалары болса, оны орынборда орыс тіліне
аударған тілмәштар екендігі белгілі. олар негізінен қазақтар емес еді.
ХІХ ғасырдың басында Кіші жүз халқы алдында Нұралыұлдары
Бөкей мен Қаратай, Айшуақұлы Жантөре сұлтандардың арасынан
лайықты хан сайлау тәртібі күн тәртібіне енеді. Басы ашық нәрсе Ре-
сей үкіметі ұзақ ойланбастан, Жантөре сұлтанды хан тағына бекітуге
шешім қабылдайды. Бөкей сұлтан Еділ-Жайық аралығындағы Ішкі ор-
дада деген сылтаумен, ал Қаратай «саяси сенімсіз» тұлға ретінде хан
тағына отыру мүмкіндігінен қағылады [12, 99 б.]. Біздіңше, бұл арада
тағы да орыс үкіметі өзінің отарлау саясатын шебер жүргізе білгендігі
басы ашық дүние.
осылайша, 1805 жылы 1 қыркүйекте Кіші жүз хандығына Айшуақ
ханның үлкен ұлы Жантөре сұлтан тағайындалды. Жаңа хан сайланған
соң Бөкей сұлтан Хан Кеңесі төрағалығы қызметінен босайды. Өйткені
сұлтанның тұрақты қонысы өзгеріп, оның алдында басқа маңызды
мемлекеттік мәселелерді шешу міндеті тұрды. Енді Хандық кеңеске
Бөкейдің орнына 1806 жылы орман Нұралыұлы келеді [13, 962 п.].
Алайда елде қалыптасқан ахуалға Бөкей сұлтан бейжай қарамады.
Мәселен, 1807 жылы 2 шілдеде орловск және Зеленовск форпостары
аралығында өткен басқосуға ол арнайы барады. орман Нұралұлы және
Жантөре ханның қатысуымен өткен кеңес тиянақты нәтиже бермеді.
Мұрағат деректерінен анықталғандай, кеңесте қазақтар арасындағы
ішкі мәселелерді шешудің екі түрлі жолы анықталады. Біріншісі –
патша үкіметі ұсынған бағыт. Бұл тұста шекаралық әскерлер дәстүрге
айналдырған қазақтарға әскери күш көрсету арқылы нәтиже шығару.
Мұны қолдаған Жантөре хан «әскер мен 10 зеңбірек» қажет, соны
жоғарыда аталған сұлтандармен бірлесіп сұрауды жақтайды. Ал екінші
144
145
бағыт, ішкі мәселеге ешкімді араластырмай, өзара келісімге келудің
жолдарын іздестіруді Бөкей, орман сұлтандар көтереді. Бұл арада
Бөкей Нұралыұлының көреген саясаткер екендігін байқай түсеміз.
Уақыт өте келе, яғни 1808-1811 жылдары Ішкі орда әлеуметтік-
экономикалық жағынан күшейіп, түрлі арандатушылыққа қарамастан
Бөкейдің өз бауырларымен байланысы да түпкілікті қалыпты жолға
қойылды. Кейінгі Ішкі орда, Кіші жүздегі оқиғалар орыс шенеуніктері
көрсетіп жүргендей Бөкей және Қаратай арасындағы шиеленісті
мүлдем жоққа шығарады [14, 68 б.]. Керісінше олар үнемі бір-бірімен
араласып, орман сұлтан және Есімұлдары Қара, Шожық ұрпақтарын,
олардың бауырларын жинақтап, қорғауға алды. Есімнің дерден
атты әйелінен туған Сары, Айдыңғали, Ниетәлілер Бөкей сұлтан
қамқорлығында болды. 1812 жылғы 22 маусымдағы есепте олардың
алдында 1000 түтін болған [15, 1 п.].
1811 жылы күзде хандық билікті күштеп жоя алмаған орыс
саясаткерлері Ішкі ордаға және Кіші жүзге бөлек-бөлек хан сайлап
тынды. ол жөнінде 1811 жылы 17 қазанда Г.С. волконский І Александр
патшаға хабарлады. Губернатор Бөкейді қолдаушылар деп Астрахань
аймағы мен бауырлары, немере ағалары Жайықтың екі бетінен де, со-
нымен қатар Қаратай сұлтанды да көрсетеді. Г.С. волконский: «Бөкей
сұлтан өзге сұлтандар ішіндегі ең үлкені, ақылдысы, тәжірибелісі және
патшаға адал адам, оған қолдап дауыс бергендер аталмыш сұлтанға
үлкен үміт артады», - деп сенім білдірген [8, с. 167-168].
Губернатор берген мәліметтерді тексерер болсақ Бөкей сұлтанды
хандыққа көтергендер қатарында Сары, Ниязғали Есімұлдары, барлық
Нұралыұлдары, Кіші жүздегі Батыр хан ұрпақтары – Есенгелді, Сирек,
Жарық Қарабайұлдары, орта жүзден Қайып хан ұрпақтары – Жантөре
Жиһангерұлы (Бөкейдің күйеу баласы), Нұрмұхамбет Жиһангерұлы
болған [16, 89 б.]. Тарихшы Ұ.Ахметова Бөкей сұлтанды қолдаушылар
қатарына Қайып хан ұрпақтары ішінен Шерғазы Қайыпов пен
Арынғазы Әбілғазиевті ерекше бөліп көрсетеді [17, 48 б.]. Мұның өзі
бұрын байқала қоймаған үлкен сенім еді. Заманында Әбілқайыр өліміне
Батыр сұлтанды кінәлаушылар болған-ды. Жаңа жағдайда екі үлкен
күш бірігіп, өзара бірлікті көрсетті. осылайша, Бөкей осы кезеңде өз
айналасына түгел әкесі Нұралы ханнан тараған ұрпақтардың, Батыр
хан ұрпақтарын жинақтап, олардың қолдауына арқа сүйеді. Сондықтан
да Қаратай, Шерғазы Қайыпұлы, Арынғазы Әбілғазыұлдарымен үнемі
байланыста болды. Мәселен, Шерғазы Қайыпұлын өзіне алдыртып,
1812 жылдың қаңтар-ақпанында оған Сарайшық қорғанында талас
мәселелерді шешуді тапсырды. Бөкей хан осы тұста ішкі бетке орман
сұлтан жанұясы мен төлеңгіттерін, малымен қоса барлығы 10 түтінді
көшіріп алды. Енді тағы да 50 түтіннен тұратын орман бауырлары Ел-
тай, Бөлекейді өзіне көшіруді жоспарлады [1, 226 б.].
1812-1815 жылдары Бөкей хан өзінің басқару мүмкіндігін
кеңейтіп, айналасына беделді сұлтандарды, старшындарды жинады.
олардың қатарында белгілі рубасы сұлтандар Шығай, Шоқы, Бегәлі,
Артығали Нұралыұлдары, Баба-Әли Жаналыұлы, қожалар Төке
Тілеуқожаұлы, Қарауыл Бабажанұлы, старшындар Бармақ Мұратов,
Өтеміс Құлманиязов, Жабал Бегалиев, Айтбай Мәмбетқазиев, Сегізбай
Медетов, Тулан Ерназаров және тағы басқалары болды. 1836-1838
жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі И.Тайманов та за-
манында Бөкей ханның сенімді адамы болған-ды. орда билеушісінің
1812 жылы Исатайға арнайы грамота беру арқылы тұрақты қонысын
анықтауы, ел мәселесін шешуде батырға үнемі арқа сүйеуі тарихи
ақиқат еді.
осы кезеңде Бөкей ханның алдында жайылым мәселесі, Астра-
хань, орал казактарымен қатынас мәселесі, Шерғазы ханмен байла-
ныс, оның қарамағындағы қазақ руларымен, өз алдындағы рулардың
өмірлік мәселелерін шешу, Ішкі ордадағы қоғамдық-саяси қатынасты
реттеу т.б. тұрды. Мәселенің түйіні патша алдында шешілетінін, ол
үшін арнайы Санкт-Петербургке делегация жіберу қажеттігін түсінді.
Сондықтан Астрахань казак полкінің командирі, генерал-майор
П.С. Поповпен келісе отырып, 1814 жылы шілде айында Санкт-
Петербургке майор Артығали Нұралыұлын, старшын Тулан Ерназа-
ровты, Бармақ Мұратовты жібереді. Міне осы елшілікте Артығали
сұлтан бас қолбасшы С.К. вязмитиновке шығып, түрмедегі бауырла-
рын (Жантөре хан өліміне кінәлі деп табылғандар) бостауды сұраған.
Елшілік оралған соң Бөкей хан 20 қарашада Ішкі орданың белгілі
сұлтандарын, би-батырларын, старшындарын жинап, кеңес өткізген.
П.С. Поповтың соғыс министріне жолдаған хабарында «Бөкей хан
аурулығына қарамастан» елді жинап, Ресейдің француз әскерін жеңіп,
Парижді алғандығын халыққа жеткізгендігі сөз болады [3, С. 914-
915].
Жоғарыда аталған мәселелердің ішінен экономика саласындағы
проблемалар ерекше рөлге ие болды. Бөкей сұлтан Ішкі орда шека-
расын нақтылауға ұмтылып, 1803, 1806-1808 жылдары орал әскери
кеңсесінен бастап, орынбор генерал-губернаторы және І Алек-
сандр патшаға өтініш жолдады. Алғашында Еділ-Жайық аралығын
қазақтар емін-еркін жайлағанымен, біртіндеп олардың қонысы орал
казак әскерлері, князь Н.Б. Юсупов, граф И.Безбородко секілді отар-
лаушы патша үкіметі қолшоқпарларының тарапынан шектеле бастай-
146
147
ды. Мұрағат құжаттарынан жайылым үшін таластың ашық тонауға
ұласып отырғандығын, ал бұл мәселелерді шешуде Бөкей ханға негізгі
күш түскендігін байқаймыз. Мысалы, хан 1814 жылы 21 ақпан күні
Астрахань губернаторына жолдаған хатында князь Н.Б. Юсуповтың
қарамағындағы казак-орыстардың қазақ ауылдарынан көптеген
жылқыларды қуып алып кеткендігін көрсеткен және осы жылқыларды
қайтаруды талап еткен [18, 24-27 пп.].
Бөкей сұлтан тұсында бөкейлік қазақтар көршілес халықтармен
сауда жүргізген. Мәселен, 1803 жылы 23 желтоқсанда Краснояр
төменгі сотының Астрахан азаматтық губернаторы князь д.в. Тени-
шевке жолдаған баянхатынан бөкей қазақтары мен қондырау татарлары
арасындағы сауда-саттықтың едәуір дамып үлгергендігін байқаймыз.
осы жылдың 28 қарашасында ауылдық заседатель Машин Матиевке
Хомутов және Сейітов ауылдарында ұйымдастырылған жәрмеңкелерді
қадағалау, Бөкей сұлтанның қарамағындағы қазақтардың қондырау
татарларымен арадағы сауда мәселесін реттеу тапсырылған.
Қарастырылып отырған кезеңде қазақтардың кейбірі аталған ауылдар-
да болып, сауда-саттықты берілген мерзімнің аяқталғанына қарамастан
жалғастыра берген. Бұл іске Бөкей сұлтан да мүдделі болды. Айырбас
сауда жасау туралы рұқсат қағаздарын бере отырып ол қазақтардың
күнделікті тіршілігіне қажетті азық-түлік пен тұрмыстық бұйымдарды
еркін сатып алуына жағдай туғызуды көздеді.
Бөкей сұлтан астық пен өзге де қажет өнім түрлерін Астра-
хан қаласынан сатып алып отырған. 1813 жылы 13 маусымда Бөкей
ханның Астрахан губернаторы С.С. Андреевскийге бөкейлік қазақтар
үшін ұн және басқа да тауарларды сатып алу ісіне қолдау көрсету ту-
ралы жазған өтінішінде былай делінеді: «Мен өз төлеңгітім старшын
Бармақ Мұратовты, онымен бірге ағасы Тұяқты бірнеше мың сом ақша
беріп Астрахан қаласына мың бума бидай ұнын, бес жүз бума қара би-
дай ұнын, басқа да тауарларды сатып алуға жібердім және оның бәрін
біздің қазақ халқының қыстақтарына жеткізіп, оларға сатуды тапсыр-
дым. осы жағдайда, Сізден, менің жіберген шаруаларым – старшын
Бармақ Мұратов пен ағасы Тұяққа жоғарыда айтылған ұн мен тауар-
ларды Бакиев кордоны тұсындағы біздің қыстаққа алып келуге рұқсат
беруіңізді сұраймын» [19, 3 п.].
Мұрағат құжатынан Бөкей сұлтанның өз қоластындағы
қазақтарға қажетті тауарларды сатып алуына қолайлы жағдай жасауға
тырысқандығы байқалады. Әсіресе астық және өзге де тауаларлар
түрлерін өз старшыны арқылы Астраханнан алдырып, қыстақтарға
жеткізіп отырған. Бұл түйткілді мәселені шешуде Ішкі орда билеушісі
губерния басшылығының саяси ықпалын пайдаланған.
Бар ғұмырын өз хандығының жерін қорғауға, халқына қызмет ету-
ге арнаған Бөкей хан 1815 жылы 21 мамырда кешкі сағат 21.00 шама-
сында шемен (денеге сарысу пайда болудан болатын ауру) ауруының
дендеуіне байланысты көз жұмады. ол өмірінің соңына дейін орал
казак-орыстармен, Еділ қалмақтарымен, қондырау татарларымен,
орыс помещиктерімен тілімдей жер үшін күрес жүргізді.
Әр түрлі келеңсіз оқиғаларға қарамастан Бөкей хан тұсында Ішкі
орда қазақтарының әлеуметтік жағдайы жақсарып, көшпелі халықтың
мерейі артты. Жылдар бойы тусырап жатқан шұрайлы далада мал
көбейіп, сауда өсіп, дәулет артты. 1802 жылы хандықтағы халық саны
6300 шаңырақты құраса, 1814 жылы 8500 шаңыраққа ұлғайды. Ал төрт
түлік саны 3 миллионнан асып жығылды.
Замандастары Бөкей ханның ел арасында аса сыйлы болғандығын
атап өткен. оның онша байлығы болмағандығы жөнінде де аңыз-
әңгімелер бар. Тіпті хан қайтыс болған кезде Жәңгір сұлтан Астраханьға
губернаторға бару үшін атақты бай татар дауыттың баласының
сыртқы киімін алған делінеді. Бөкей татарша сауаттылығымен,
ақылдылығымен, батылдығымен көзге түскен. оның бірінші әйелінен
– Тәуке, Әділ, екінші әйелі Атаннан – Жәңгір, үшінші әйелі шеркеш
Жұмадан – Меңдігерей туған.
Елді сауаттандыру, мәдениетке көп көңіл бөлген Бөкей хан
заманының заңғар ұлы бола білді. Прогрессивті, әрі өміршең сая-
сат ұстанған Бөкей саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуда үлкен
жетістіктерге жете білді. ол халықтың әл-ауқатын арттыру үшін сауда
ісін жаңғыртуға да жан-жақты жағдай жасады. Билеушісіне, көсеміне
риза болған халық «хан Бөкейдің тұсында секер шайнап, бал жұттық»
деп текке айтпаса керек. Сонымен қатар Жанұзақ жыраудың:
Байларға құба жайлатқан,
Жарлыға мыңдап жылқы айдатқан,
Алтынды тақтың үстінде
Рақыметті Бөкей хан өткен, - деп жырлауында тарихи шындық жа-
тыр. одан әрі жыраудың:
Ежелгі Бөкей барында
Толықсып жайлап еді біздің ел, - деп жалғастыруы сол заманның
тынысын айқын бейнелейді [20, 60 б.].
Ал азат рухтың күрескері, жалынды жыршы М.Өтемісұлының
заманның қиын уақыты, яғни ХІХ ғасырдың 30-40-шы жылдарында
елден жырақта жүргенде:
Еділ мен Жайық жер еді-ау,
Мекен еткен шаруаға,
148
149
Жағасы қорған жай еді-ау [21, 97 б.], - деп өлеңдетуінен Бөкей мен
Жәңгір заманының ара-жігі айқындала түседі.
Атақонысқа оралған көшпелілердің тұрмыс деңгейін, әлеуметтік-
экономикалық жағдайын ХІХ ғасырдағы қазақ зиялыларының бірі
М.Бекмұхамедов те «Қазақтардың тұрмысы мен мұқтаждары» атты
мақаласында сипаттады. Бұл жайында автор: «Жайықтың арғы
бетінен қысымшылықтан күйзеліп келген қазақтар тез ес жиып, аз
ғана уақытта өздерінің байлығымен көзге түсе бастаған еді» [22, 134
б.], - деп жазды.
Жалпы Бөкей Нұралыұлы халық мүддесін, ұлт болашағын бірінші
орынға қойды. Мұрағат қорларында сақталған орыс шенеуніктерінің
Ішкі орда ханына қатысты көзқарасы бұл пікірімізді дәлелдей түседі:
«отарлаушылардың сенімін Бөкей ақтамады. Сондықтан Ресей
Сыртқы істер министрлігінің Азия департаменті, орынбор әскери
генерал-губернаторы, орынбор шекаралық комиссиясы және Астра-
хань генерал-губернаторы, орал қазақ, қалмақ кордон басшылары та-
рапынан Бөкей қызметіне қатаң бақылау жасалды» [23, 4-5 пп.]. от-
арлаушы патша үкіметінің бұл бағасы Бөкей Нұралыұлының өз халқы
үшін қалтқысыз еңбек еткендігін дәлелдей түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |