Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында. – Алматы: Ғылым, 2001. – 258 б.
Ресей Федерациясы орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты ороММ),
6-қор, 10-тізбе, 1-іс.
Иванов И.С. К столетнему юбилею внутренней (Букеевской) киргиз-
кайсацкой орды // История Букеевского ханства. 1801-1852гг. (сборник доку-
ментов и материалов). – Алматы: «дайк-Пресс», 2002. – 1120 с.
Мейер Л. Киргизская степь оренбургского ведомства.- С. 24; Терентьев
М.А. История завоевания Средней Азии. - Т.1., Спб, 1906. – С. 73.
Шахматов в.Ф. Казахская пастбищно-кочевая община: вопросы образо-
вания, эволюции и разложения. – Алма-Ата: Наука, 1964. – 207 с.; Зиманов
С. Россия и Букеевское ханство.- Алма-Ата: Наука, 1982.- 190 с.; Касымбаев
Ж. Государственные деятели Казахских ханств ХҮІІІ - первой половины ХІХ
века. Т. 2.: Хан Айшуак. – с. 170.
Ерофеева И.в. внуренняя, или Букеевская орда в первой половине ХІХ
века: История и историография // История Букеевского ханства. 1801-1852гг.
(сборник документов и материалов). – Алматы: «дайк-Пресс», 2002. – 1120 с.
Бирюков И.А. История Астраханского казачьего войска. ІІІ ч. - Саратов,
1911. – 974 с.
История Букеевского ханства. 1801-1852гг. (сборник документов и мате-
риалов). – Алматы: «дайк-Пресс», 2002. – 1120 с.
Ресей Федерациясы Астрахань облыстық мемлекеттік мұрағаты (АоММ),
1-қор, 4- тізбе, 1-том, 554-іс.
Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Том IV.- МЛ.: Изд.
АН СССР, 1940. – 543 с.
Евреинов А. внутренняя или Букеевская, киргизская орда // Современ-
ник, 1851, №10.
Мұқтар Ә.Қ. Тарих тұңғиығындағы тұлғалар (ХҮІІІ-ХІХ ғғ.). Ғылыми
мақалалар жинағы. – Алматы:Арыс, 2008. – 240 бет.
Ресей Федерациясы орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты ороММ),
6-қор, 10-тізбе, 716-іс.
Ахмет А. Қаратай хан. – Алматы: Арыс, 2007. – 176 бет.
Ресей Федерациясы орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты ороММ),
6-қор, 10-тізбе, 872-іс.
Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы (1745-
1860). // т.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертация. - орал,
2007. - 189 б.
Ахметова Ұ. Арынғазы хан (1786-1833). – Ақтөбе: А-Полиграфия, 2004.
– 168 бет.
Ресей Федерациясы Астрахань облыстық мемлекеттік мұрағаты (АоММ),
1-қор, 1- тізбе, 460-іс.
РФ АоММ, 1-қор, 3-тізбе, 986-іс
Ғиззатов С.М. Бөкей ордасындағы аграрлық саясат (ХІХ ғасырдың
бірінші жартысы) // т.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссерта-
ция. - орал, 2010. - 164 б.
Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай / Құрастырушы Қ.Сыдиқов. – Алматы:
Жазушы, 1989. – 144 б.
Мақаш әкім. Жинақ. – Алматы: «Арыс», 2004. – 272 б.
Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мұрағаты (ҚР оММ),
4-қор, 1-тізбе, 214-іс.
150
151
Бекет ата тағлымы*
Әу баста-ақ қазақ халқы осы кең далада еркін көшіп-қонып,
ұрпағын таратып, табиғатпен терең үндесіп, ертеңгі күнге үлкен
үмітпен қарап, оның мәңгіліктілігін қамтамасыз етуге барын салды.
Сол себептен де кешегі түркітілдес халықтардың ата тірегі болған Ұлы
дала төсінде орналасқан бүгінгі Қазақ елі сақталып, мәртебелі тарихтың
төрінен лайықты орын алды. Ал оның қалыптасып, дамуындағы «тар
жол тайғақ кешу» жолдарының сан-салалы кезеңдерінің барлығы
қазіргі таңда зерттеліп, зерделенуде.
Қай заманда да азды көп еткен, жоқты бар еткен, жеңіс отын
ешқашан сөндірмеген халықтың асыл ұлдары мен қыздары көптің на-
зарында болды. олардың бірі қол бастаған батырлар, екіншілері дуа-
лы ауызды билер, үшіншілері елін рухани тұрғыдан байытып, батыр-
ды да, биді де оқытып, тәрбиелеген терең ойшыл ұстаздар. олардың
барлығын біз жұрты құрмет тұтатын, тарих айтып, өткенімізді жыр ет-
кенде ауызға алып, әр кез тағзым ететін тұлғалар деп танып үлгердік.
Өзімізден гөрі өзгені жаттап өскен аға ұрпақ кешегі кеңестік заман-
да кеңірек насихаттала қоймаған ұрпақтар сабақтастығын тәуелсіздік
алуымызбен қайта жалғастырып, оның маңыздылығын дәлелдеп,
жүріп өткен жолымыздың даңқты беттерін, атақты азаматтарының та-
рихи тұлғасын қайтаруда айтарлықтай тер төгуде. Бекет атаның 260
жылдығына арналған конференцияның өзі соның айғағы емес пе? Өткен
тарихымызда жадымызда сақталған барлық бірдей тұлғалар жазба де-
рекке түсті дей алмаймыз. Тарих ғылымының арқа сүйер дерегінің өзі
мұрағатта хатталған, ондағы мыңдаған құжаттар болғанымен, соңғы
жылдары шежіреге, аңыз, атадан – балаға жеткен әңгімелерге на-
зар аударып, оларды мұрағатпен салыстыра отыра пайдаланудамыз.
Мұның өзі қазақ тарихына жаңаша көзқарасты қалыптастыра баста-
ды. оның ықпалымен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бұқар жырау,
Сырым батыр, ақын Махамбет т.б. шешендік сөздері, жырлары жаңа
белеске көтерілді. Ал олармен қатарлас, бірін ізін баса, екіншісінен
алда өмір сүрген Бекет Мырзағұлұлы бабамыз ше? Ресей, Қазақстан
мұрағаттарынан толыққанды құжаттар табыла қоймағанымен, қолда
бар деректер оның қалдырған мұрасы арқылы тарихта сайрап жатырған
іздерін айғақтап отыр. оған дәлел бар ма? Болса қай зерттеулерді алға
тартуға болады?
Алдымен, ХІХғ. І ширегінде Ресейге Германиядан келіп, орын-
бор өлкесінің табиғатын зерттеген Э.А. Эверсманның (1794-1860)
жазбаларын айтуымызға болады. ол 1820 жылғы Бұхараға жасалған
орыс елшілігінің құрамында болып, Үстірт туралы ой пікірлерін
білдіреді. Кейін Э.А. Эверсман 1825-1826 жылдары Каспий, Арал
теңіздері аралығына жасалған экспедицияға қайтадан қатысты. Міне
осы экспедиция барысында жазған күнделігінде ол 1826 жылы 14
қаңтарда Үстіртке келіп, ол жерде әскери бөлімнің таудағы үңгірді
паналағандығын жазады. «ол үңгірді ауқатты, құдайға сыйынған
Бекет атты қазақ жасаған және үңгір оның атымен аталады. оның
жасаған мұндай ескерткіштері төртеу; екіншісі Маңғыстаудан қашық
емес. Үшіншісі Жем өзенінің жоғарғы жағында, төртіншісі Баялыда,
ол Арал теңізінен қашық емес. Бекет аталған ескерткіштерде жылдың
төрт мезгілінде: біріншісінде көктемде, екіншісінде жазда, үшіншісінде
күзде, төртіншісінде қыста өмір сүрген. осы дін жолына берілген адам
осыдан 12 жыл бұрын қайтыс болған»-деп сипаттайды (Первые рус-
ские научные исследования Устюрта. М., 1963. с.145). Біздіңше, Э.А.
Эверсманның бұл жазбасы толықтай Бекет атаның 1813 жылы қайтыс
болғандығын толық дәлелдейді.
Екіншіден, 1826 жылы 14 қаңтарда жоғарыда аталған экспе-
диция құрамында болған, Бас штаб подпоручигі А.о. дюгамельдің
топографиялық журналы. Журналда топографтың 1826 жылы 14
қаңтарда Үстіртте Бекет ата мешітінде болған кезіндегі әсері көрініс
табады. А.о. дюгамель Үстірттегі «Көптеген бұлақтардың ішіндегі
ең суы көбі сұпы Бекет мешітінде. Мешіт гипс жартастарынан
ойып жасалған қазақ киіз үйі көлеміндей екі бөлмеден тұрады»-
деп суреттейді (Первые русские научные исследования Устюрта.
с.98). Кейін 1867 жылдары ол пікірлерін толықтыра түсіп, «Жемдегі
Ақмешітті бұдан 50 жыл бұрын (Бекет ата-Ә.М.) салған. Бекет өлген
соң оғыландыға қойылған»- деген тоқтамға келеді (Автобиография
А.о. дюгамелья...// Русский архив, 1885, №2, с.184-187). Топограф
Үстірттегі мешіт жанында бірнеше төрт құлақты тастан салынған
қазақ молаларының барлығын еске алады.
Үшіншіден, 1825-1826 жылдардағы Ф.Ф. Берг экспедициясынан 25
жыл өткеннен кейін солтүстік Үстірттің топографиялық анықтамасын
жазған орынбор корпусының подпоручигі Алексеевтің 1853 жылғы
еңбегі ғалым 1851-1852 жылдары Үстіртте болып, Ақмешітті толықтай
сипаттады. оның анықтауынша «бұл үлкен үңгір, бүгінде қазақтардың
Үстірттен Жемдегі жаз жайлауына көшкен мезгілдегі тоқтайтын тұрағы.
Мола киелі, аруақты орын саналады, оған жыртылған көптеген маталар
ілінген. Айнала толы мал сүйектері». Автор еңбегінде «Ақмешіт – Бе-
*Мақала «орал өңірі» газетінің 2010 жылғы 16 қыркүйектегі санында
жарияланған.
152
153
кет моласы»- деп анықтап, оның суретін салған. Жергілікті қазақтармен
сөйлескеннен кейін Алексеев «Жемнің таулы жағалауындағы алғашқы
үңгірді осыдан 50 жыл бұрын адай руының Мұңал бөлімінің қазағы Бе-
кет Байтеле ойып жасады. ол жазда Үстірттен Жемдегі жаз жайлауына
келетін. осында бос уақытында ол ер балаларды татарша сауаттанды-
рып, құдай жолына оқытты, ал басқа уақытта көпшіліктен бөлектеніп,
үңгірде құдайға сыйынатын. орданың барлық қазақтары оны киелі
санайды. ол 40 жылдай бұрын қайтыс болды және Үстірттегі Ушан-
ды (деректе солай. оғланды - Ә.М.) мекенінде жерленген. Ушанды
Үстірт пен Маңғыстау түбегінің өзара жалғасқан жерінде. Бұдан өзге
екі үңгірді Бекет шәкірті Кульджан (Көлжан болуы мүмкін - Ә.М.)
жасаған. Қазақтардың айтуынша ол да балаларды оқытқан, бірақ киелі,
әруақты ретінде мойындаолмаған деген қорытындыға келеді» Алек-
сеев Бекет атаға байланысты түрлі аңыз әңгімелерді жинап, естіген.
Бірақ оған сенбегендіктен «оларды осы жазбаға енгізбедім» деп ашық
жазады. Бізге әсіресе, ғалымның «Рассказывают также, что сюда к мо-
гиле каждогодно собираются родственники покойного, молятся над
прахом его и потом старший из трех оставленных им сыновей влезает
один в могилу и там бреет голову и подбривает усы у покойного отца,
каждогодно вырастающие»-деген естеліктері жетіп отыр (Первые рус-
ские научные исследования Устюрта. с.282-283). Бұл еңбектің біз үшін
маңыздысы Бекет ата білімі мен ілімінің барша қазаққа мойындалу-
ын дәлелдейді. Сонымен бірге автор жоғарыдағы ғалымдардай Бекет
атаның 1813 жылы өмірден озғандығын тағы да дәлелдеп береді.
Төртіншіден, ата шежіреде сөз болатын Бекет ата замандастарының
қоғамдық-саяси қызметінің мұрағат құжаттарынан көптеп табылуы.
Мәселен, Бекет атаның қарт нағашысы тама Есет батырдың бүгінде
1756 жылдарға дейін өмір сүргендігі анықталды. Бұдан Бекет атаны
1750 жылы дүниеге келген деп есептесек оның тама Есет бабадан, яғни
қарт нағашыдан бата алды деген шежіредегі бізге жеткен әңгімелер
толық дәлелденеді. Батада:
Үстіңнен дүбір кетпесін,
Құлағыңнан сыбыр кетпесін,
Ақ пен қараны айырар,
Жауды кері қайырар,
Атың айтып тұрғандай дүр боларсың,
Елге шуақ шашып нұр боларсың
Үш жүзге танымал Пір боларсың, - деген жолдар бар.
Ал табын Барақ, адай Атақозы, Өмір батырлар Сырым бастаған
ұлт-азаттық қозғалысқа белсене қатысушылар.
Табын Барақ Сатыпалдыұлы тарихта 1743 жылы дүниеге келген
деп есептелінеді. ол қыста Арал, Каспий жағалауларын мекендесе,
жазда солтүстікке қарай жылжып, Жем өзеніне дейінгі аралықта көшіп
қонған. 1785 жылдардағы мұрағат дерегінде Сырым жанында 2700,
Барақта 2000, Тіленшіде 1500-дей сарбаздар болған делінеді. Барақ
қолдарының Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалыс кезеңінде ерлікпен
орыс отаршылдығына қарсы күрескендігін ел аузындағы әңгімелер
де дәлелдейді. оның есімі Солтүстік Үстірттегі мүйісте сақталған.
Барақтың баласы Асау да белгілі тарихи тұлға. Мұрағатта олардың
өзге де қазақтың би-батырларымен бірге 1822 жылы 24 желтоқсанда
Санкт-Петербургкке патшамен кездесуге кеткен Арынғазы ханды елге
қайтару туралы жазған хаты белгілі ((Материалы по истории КазССР
(1785-1825).- М., 1940. с.47,434). Әкелі-балалы екі тұлға да Сам
құмындағы Тұрыш ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км. жерде
жерленген. Сонымен әкелі-балалы батырлардың өмір сүрген жылдары
да, жайлап, қыстаған географиялық ауқымы да Бекет атаның көшіп-
қонған мекендерімен қатар екендігіне куә болдық (Каспий қайраңы.
Тарих тағылымы. – Алматы, 2000. 262-264б.).
Ал енді Атағозы батырға келсек, оның да ізі мұрағатта сайрап
жатыр. ол 1785 жылғы мұрағаттық құжатта Кіші жүздің белгілі аза-
маттарымен қатар, соның ішінде адай руынан Өмір баһадүр, Шо-
тан баһадүр, Хасан билермен бірге Нұралы ханды тақтан тайдыруға
қатысты. Өзі де хат астында баһадүр аталады (Материалы по истории
КазССР. с.54). Ал баһадүр атауы 18 ғасырдың бірінші жартысында
атақты Әбілқайыр, Абылайларға тіркелген. ол әскери басшы дегенді де
білдіреді. Яғни, Бекет ата замандастары Сырым бабамыздың азаттық
күресін бірауыздан қолдады.
2008 жылы жарық көрген Маңғыстау энциклопедиясында
«Атағозы Айтқұлы 1704-1794 жылдар аралығында өмір сүріп, сыртқы
жауларға қарсы күресте ерлігімен аты шыққандығы жазылып, жер-
ленген жері Бейнеудегі Бекет ата мешітінің солтүстігінде 2 км. жер-
де деп көрсетілген. Яғни, мұндай жағдайда Бекет пен Атағозының
өзара сыйластығын көрсетпей ме? Атағозының ел ішіндегі билігі
«Шешендік сөздерде» де сақталған. Мәселен, Балтабай Адамбаев
жинаған мұралардан байбақты Сырым мен алаша Байсау бидің айты-
сын реттеп, екі жақты бітістіргенін байқаймыз. Ал мұндай шешімді
менсінбеген ханға Атағозы «Сіздің семіз болуыңыз халық қамын
ойламағаныңыздан болар. Мен қайтсем топтан торай шалдырмаймын
деп, қазақтың жалғыз тайын қалмаққа алдырмаймын деп, бір түнде
тоғыз оянамын, тоқсан толғанамын, маған қайдан шыр бітсін»-деп
жауап қайтарған екен (Шешендік сөздер. Алматы, 1992, 152б.).
Бекет атаның өзара сыйласқан азаматтары арасында жоғарыда
154
155
баһадүр деп жазылған Бегей Өмір батырдың өзіндік орны бар. Өмір де
Атағозы, Сырым, т.б. бірге орыс отаршылдарымен, өзге де оңтүстіктегі
көршілес халықтардың жаулаушылық соғыстарына қарсы талай рет қол
бастады. Ата шежіреде Өмір батырдың түркімендермен соғысы туралы
айтылған. оның түркімендердің Құрақбай батыр бастаған қолдарын
ойсырата жеңіп, батырдың өзін жекпе-жекте өлтіруі халқымыз арасын-
да аңыз ретінде сақталған. осы шайқаста Бекет ата қазақ жасақтарының
рухын көтеріп, жеңіске деген сенімін қалыптастырды.
Міне бұл аталған зерттеулер мен келтірілген дәлелдер Бекет
атаның 1750-1813 жылдар аралығында өмір сүріп, қазақ ордасындағы
күн тәртібінде тұрған – елдің бірлігін сақтау, рухани тұтастықты
қалыптастыру, сыртқы жаулардан қорғану, т.б. мәселелерді шешуде
айқын көзге түскендігін толық дәлелдейді. Ендігі біздің міндетіміз та-
рихи тұлғаның қалдырған бай мұрасын талмай зерттеп, оны мұрағат
деректерімен толықтыра түсу. олай болса осы бағыттағы жаңалықтар,
ізденістер алда деп есептеймін.
сарышоңай бидің өмірі мен қызметі*
Сарышоңай Алыбайұлы - ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысы мен ХІХ
ғасырдың І ші ширегі аралығында өмір сүріп, елінің алдына жарқырай
көрінген қазақтың белгілі биі. оның қоғамдық-саяси қызметі Сырым
бастаған ұлт-азаттық қозғалыс кезеңіндегі тарихи оқиғалармен бай-
ланыста дамыды. Сол кездегі беделді Сырым, Сегізбай, Мұратбек,
Қаратау т.б. билердің оған ықпалы айтарлықтай тиді. олардың жа-
нында жүріп, Ресей, Хиуа, Бұхара бағытындағы саяси-экономикалық
мәселелерді шешуді үйренді. Қазақ қоғамындағы қарым-қатынасты
ата жолы би заңдарымен үйлестірді. оның алғырлығы, шешендігі,
билігі оған ата-бабаларынан дарыса керек.
Сарышоңай Кіші жүздегі әлімұлы шектінің қабақ руынан.
Қабақтың Пұсырманынан Қалыбек, Қарабас, Өмір, Жарас, Сек-
сен атты ұлдар дүниеге келген. Кейін олардан атақты Сегізбай би,
Сарышоңай би, Көтібар, Арыстан, Есет, Бекет, Әзберген батырлар
т.б. өрбіді. Міне біз әңгіме еткелі отырған Сарышоңай Пұсырман –
Қалыбек – Алыбайдан тарайды. Сарышоңай атасы Қалыбек туралы ел
арасында сақталған ауызекі әңгімеде «Қалыбекке жүкті кезінде анасы
биенің жаңа сауған сүтінің көбігіне жерік болыпты. Содан сол кездегі
ақсақалдар осыған қарап «бұл бала сөз қадірін білетін тілді болар-ау»
деп болжам жасағандығы айтылады. Ал, Қалыбек бойындағы қабілеті
оның ұлдарына дарыған. оның ұлы Сегізбай Сырым заманында
әлімұлдарының бас биі, бас старшыны болған. Кейін 1787 жылы орыс
үкіметі құрған расправаның әлімұлдары бойынша төрағасы болып,
тархан атағын иеленіп, жоғары деңгейдегі қазақ-орыс келіссөздеріне
қатысып, Сырыммен бірге мемлекеттік мәселелерді шешкен. 1787
жылы 20 қазанда белгілі қазақ би, батырларымен бірге орынборға
барып, ел басқарудағы Ресей саясатының өзегіне көз жеткізеді. Әкесі
Алыбайдың ағасы Сегізбайдың қайраткерлігі, сөз жоқ, Сарышоңайға
әсер етсе керек. Сегізбай би мұрағат деректерінде алғаш рет 1785
жылғы шілдедегі Кіші жүздегі би, батырлардың жиналысында ата-
лады. Жиналысқа қатысқан ордадағы байұлы, әлімұлы, жетірудың
25 руының 21 өкілі Еділ-Жайық жайылымын қазақ пайдасына шешу,
казак-орыс әскерилерінің шабуылын тоқтату, халық талабын шеше
алмаған Нұралыны хандық биліктен айыру мәселелерін талқыға
салған болатын. Кеңесте байбақты Сырым, беріш Саржала, Қара, шер-
кеш Тұрмамбет, адай Атақозы, масқар дөнен, алаша Сыпыра, ысық
Қаратау, төртқара Қаракөбек және т.б. бірауыздан Нұралы хан саяса-
тына қарсылық танытып, тақтан тайдыруға шешім қабылдайды. Міне
осыдан бастап, Сегізбай би – өмірінің аяғына дейін Сырым батырдың
үзеңгілес жолдасы болып өткен жан. Ақсақал жасына келгеніне
қарамастан, Сегізбай би 1792 жылы қыркүйекте Сырымның Ресейге
қарсы соғыс жариялау жоспарын қуаттап, өзі бара алмаса да, бауыры
Алмұстафаны Сырымға қосады (1).1795 жылы шекті билері Сегізбай
мен Мұратбек қайтыс болғаннан кейін саяси аренаға Сарышоңай
шығады. Сарышоңай жас кезінде-ақ болашақ қабілетін дәлелдесе
керек. Ата шежіреде шөмекей және шектінің қабақ бөлімі арасында
дау-дамай болғандығы жазылады. Міне осы таласты шешуге беделді
ақсақалдармен бірге 17 жасар Сарышоңай да өзі сұранып барып-
ты. Үлкендер атынан билік айтуды сұрап алған Сарышоңай «Әлім –
үйім дер ем, шөмен – елім дер едім, Елдеспек бар да, жауласпақ жоқ.
достаспақ бар да, қастаспақ жоқ. Айтыңдаршы, ағайын?! Бір шаңырақ
астында, бір түтіннің иісін иіскеп отырғандарға жанжал не керек?!
Бір ауа жұтып, бір сумен сусындаушыларға дау не қажет?! дауласуға
сырт жетпей ме? Жауласуға жау аз ба? Құдай бізді араздастыру үшін
туыстырған жоқ, Татуластыру үшін туыстырды ғой. Ақылға келейік,
ағайын!..» деп ағайындарды табыстырған екен(2). орнымен дәл
айтылған дана сөз жайдан жай бүгінге жетпесе керек.
*Мақала тарих ғылымдарының докторы А.Қ. Ахметпен бірлесе дай-
ындалып, «Қазақстан мұрағаттары» журналының 2010 жылғы №1 санында
жарияланған.
156
157
орыс үкіметінің қолына Сарышоңай би туралы алғашқы
мәліметтер 1797 жылдың басында тиеді. Мәліметте оның Сырым-
мен жақтас екендігі, оның Есім ханды өлтіруге қатысы барлығы
анық жазылған. Хабарды жеткізген Қаратай сұлтан олардың
қатарына кердері Тілеп Қойбашевті де қосады (3). Сонымен қатар,
Сарышоңайдың шекті-қабақ Сегізбай бидің деңгейіндегі беделді би,
батырлармен тығыз араласқандығынан хабарданған о.А.Игельстром
оны болашақ хан Айшуақпен бағыттас қылудың жоспарын жасай
бастайды. осы мақсатта орынбор шенеуніктері биді 1797 жылы 6
маусымда Кіші жүздегі билікті басқаруды қолға алған Хан кеңесіне
енгізеді. Кеңеске төраға ретінде Айшуақ сұлтан, төртқара Боран-
бай, ысық Сұлтанбек, алаша Шақшақ, табын Күшік, кердері Битік,
Қабалдар мүшелікке тағайындалады. Мүфти М.Хусайынов көп
ұзамай-ақ басқарудың қиыншылықтарын тізбелей бастайды. оның
анықтауынша, қазақтардың көшіп-қонуы, бір орталықтың болмауы,
материалдық жетіспеушіліктер жұмысқа кедергі болған еді. Жұмысын
1797 жылы 8 тамызда бастаған Хан Кеңесіне кеңес мүшелерінен басқа
300 жуық би, батыр, старшындар арнайы келіп қатысты (4).
Көп ұзамай 13 тамыздан бастап, Кіші жүзде Қаратай сұлтанның
хан болып сайлағандығы туралы мәліметтер орынборға жетеді. оны
қолдаушылар қатарында шекті руының 14 белгілі азаматы болды.
Кезінде Қаратайдың Сарышоңайды кінәлағанымен, кейін бұл кінәнің
негізсіз екендігі дәлелденеді. Қаратай Сырым батырдың шектілермен
қоян-қолтық араласуын жақсы түсінгенімен, хан сайлау кезінде өзінің
жоспарын іс жүзіне асыру мақсатында беделді би, батырлармен бай-
ланысын реттей бастайды. Нұралы хан ұрпақтары ішіндегі беделді
Қаратаймен келісімге Сарышоңай да мүдделі болды.
Бірақ хандық басқаруды шайқалтуға әбден машықтанған
о.А.Игельстром 74 жастағы Айшуақты 1797 жылы 16 қазанда орын-
борда таққа көтереді. Әскери губернатор жоспары бойынша хан мен
Хан кеңесі бір жерде тұрақтауы тиіс болды.
Сарышоңай би Хан кеңесіндегі жұмыстарымен шұғылдана жүріп,
ел тыныштығы үшін билермен бірлесіп, патшаға да хат жолдаған.
Мәселен, 1798 жылдың күзінде Сырым, Қаракөбек, Мұсылман,
Сарышоңай т.б. Қазан көпесі М.Шехмұратов арқылы құпия түрде хат
жолдайды. Хат арқылы Ресей Коммерциялық министрі Н.П. Румян-
цев башқұрттар мен казак-орыстардың қазаққа күш көрсетіп, үнемі
тонау себебін анықтап, хан мен жаңа губернатор Н.Н. Бахметевтің
дәрменсіздігін сезінеді (5). Сарышоңай би 1797 жылы қазан айында Хан
Кеңесі төрағасы болып тағайындалған Бөкей Нұралыұлымен де тіл та-
бысты. осы кезеңде ол Қобда өзені бойын жайлап, тұтқындарды боса-
ту, қашқындарды іздестіру, қазақ-орыс арасындағы даулы мәселелерді
анықтау т.б. шұғылданады. Бөкей, Сарышоңай т.б. Хан Кеңесі арқылы
қазақтардың талаптарын орынборға хабарлап, оны шешудің жолда-
рын ұсынды. Көп жағдайда керуен, сауда-саттықтың қалыпты жүруіне
септігін тигізді.
ХІХ ғасыр басында Сарышоңай мен Мұсылман билер шекті
руларының орынбор мен Бұхара, Хиуа арасындағы керуен жолда-
рын бақылауда ұстады. 1803 жылы Бұхараға барып қайтқан пору-
чик Я.П.Гавердовский Сарышоңай мен Мұсылман билерге әлімұлы-
шектінің – тілеу, қабақ, назар және шүрен бөлімдерінен 8 000 түтін
бағынады деп хабарлайды. олардың қыста Жем бойында, Борсық
құмында, Арал теңізінің батысындағы Қоңырат қаласына дейін, жаз-
да Жем өзенінің сол жағалауын, Темір өзені бойын, Сағыз өзенінің
жоғары жағын, ойыл, Қобда, Елек бойларын жайлайтыны белгілі бол-
ды. орыс поручигі сауда-саттықтың көпшілік жағдайда Хиуада жүзеге
асатынын жеткізді (6). орыс деректерінде Сарышоңай, Мұсылман би-
лермен қатар кішкене-шекті билері Жанназар, Жанұзақ, Қожаберген,
Өтегендер аталады. олардың арқа сүйер ханы Сыр бойын билеген
Әбілғазы Қайыпұлы еді. Әбілғазы хан негізінен Сыр бойында тұрақтап,
Кіші жүздің оңтүстігін қорғап, әлімұлдарымен бірлесіп, аталған билер-
ге арқа сүйеді. Ал билер өз кезегінде тұтастай ел ішіндегі қоғамдық-
саяси өмірге тығыз араласты. олай болса Сарышоңай Әбілқайыр,
Қайып хандар ұрпақтарымен үнемі байланыста болған.
Кіші жүзді Айшуақ хан басқарған 1797-1805 жылдар әлеуметтік-
экономикалық, саяси жағдайдың шиеленіскен кезеңі ретінде сипат-
талады. Шекаралық комиссияның төрағасы генерал-майор Г.Ф. Генс
Айшуақтың ел басқаруының соңғы жылдарын «революциялық кезең»,
«хан ешқандай билікке ие бола алмады, рулар арасындағы тартыс
күшейіп, түсінбестік жағдай қалыптасты. Бұхара мен Хиуаға баратын
керуендер тоналып, із-түссіз кетті» деп бағалады (7). Мұндай күрделі
тұста 1804 жылы 26 қазанда Сарышоңай Хан Кеңесі төрағасы Бөкей
сұлтанмен бірге Байұлдары, Жетіру би-батыр, сұлтандарымен кездесті.
Кездесуге Айшуақ хан орнына үміткер Қаратай сұлтан да қатысты.
1805 жылы 17 ақпанда өз билігінің дәрменсіздігін сезінген
Айшуақ біржолата хандық биліктен бас тартып, орнына баласы
Жантөрені ұсынды. 1805 жылы 29 тамызда 5000-ға жуық жиналған
қазақтар Жантөрені орынборда патша үкіметінің шешімімен хан
тағына отырғызды. Ал хан кеңесі төрағасы болып орман Нұралыұлы
тағайындалды. Сарышоңай би бұрынғысынша кеңес заседателі болып
қала берді. орыс үкіметі ханға 300 руб., ал 6 кеңесшіге 250 руб. жалақы
тағайындады. Бір ерекшелігі Хан кеңесі ережесінде кеңесшілер 3 жыл-
158
159
да қайта сайланып отыруы тиіс делінгенімен, Сарышоңай 1797 жыл-
дан бері Кеңеске мүше болатын. Мұның өзі бидің ел ішінде ғана емес,
сонымен бірге Ресейде де үлкен беделге ие болғандығын дәлелдейді.
Жантөре хан да Сарышоңай бидің халқы алдындағы беделін өз пайда-
сына пайдалануды көздеді.
Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалыс кезінде патша үкіметіне
қарсылықтарымен көзге түскен Жантөре хан тағына отырған кезеңінде
толықтай орыс шекарасына орнығып, ел ортасына бармайтын басшыға
айналды. оны жақсы білетін Қаратай сұлтан генерал-губернатор Г.С.
волконскиймен болған кездесуде-ақ «Жаңа хан қазақ даласына емес,
керісінше сандықта ғана жайлы» деп бағалады (8). Жантөре хан ел
ішіне бара алмағанымен, Сарышоңай билерде елдің толық мәліметтері
болды. Жантөре мен Қаратай арасындағы шиеленіске Сарышоңай би
бейжай қарай алмады. 1806 жылы арнайы хат жолдап, «Қаратай мен
Жантөреге Қобда өзенінің жоғары жағындағы халық Кеңесіне келуді
міндеттеуді» өтінді.
Кейін 5 тамызда Хан Кеңесі мүшелері, 35-ке жуық би, батырлар,
сұлтандар Кеңес өткізу үшін Жантөре ханға ұсыныс білдіреді. 1806
жылы 10 тамызда өткен кеңеске байұлы, әлімұлы, жетірудан белді
азаматтар қатысқанымен, Жантөре хан «ауруын сылтауратып» келе
алмады. Хан кеңесі, Сарышоңай Мұсылман билер содан Г.С. волкон-
скийге «Жантөре Қобдаға келемін дегенімен, уәдеге тұрмады. Мұны
көзімен көрген халық Қаратайды хан атай бастады» деп хабарлайды
(9). Билердің хабарын кейін жазылған хаттарда анықтай түседі. Хатта
«Біз сауда жасаудан қалдық. Үмітіміз Қаратай сұлтанда» делінген.
1807 жылы да Кіші жүздегі Кеңеске Жантөре хан қатыспады.
Бар кінәні Қаратай сұлтанға жапқан хан оны шекаралық шепте ұстап
алуға шақырды. Мұндай ұсынысты орынборда қолдады. Г.С. волкон-
ский сондықтан да Сарышоңайдың Қаратай туралы жақсы пікірлерін
тізбектеп, сұлтанды мадақтап жеке кездесуге шақырды. Генерал губер-
натор сұлтанды «Байұлдары мен әлімұлдары қолдап хан көтергенімен,
әзірше патша бекітпейінше хан атауға келіспейтіндігін» жеткізді.
орыс саясатының астарын түсінген Қаратай шекарадағы түрмелердегі
жатқан қазақтарды босатуды талап етіп, Ресей керуендерін тоқтата
бастады. Қазақтар еш қорықпастан, 100 орынбор казагы қорғаған
300 түйеден тұратын керуенді қоршауға алып, өз талаптарын қойды.
Бұл туралы хабар алған Г.С. волконский уақыт созбай генерал-майор
д.И.Герценбергке әскери жорыққа дайындалуды бұйырды. 1350 адам-
нан, 3 артиллериядан тұратын әскери команда 1807 жылы 13 тамыз
күні ойыл өзеніне аттанды. Сарышоңай мен Мұсылман билердің
ескертуімен Қаратай қолдары сақадай қаруланған әскерлермен бетпе-
бет келмей, шегініп үлгерген. 28 тамызда тапсырған рапортында д.И.
Герценберг «ойыл бойындағы Сарышоңай, Мұсылман билер, ахун
Мұхамеджандар Сары Қобдадан Тамды көлге көшті дегенін естіп, ар-
тына барлаушылар жібердім. Кейін билер талабы бойынша Қаратай
шектілер алған 8 түйені босатты. Керуенді Асау батыр мен Сарышоңай
баласы бастап келеді. Жанында Қаратайдың 400 адамы бар» деп жа-
зыпты. Жорыққа қатысқан полковник Струков те орынборға тапсырған
есебінде Қаратайдың Сарышоңай мен ахун Мұхамеджанға сенетіндігін
дәлелдеді(10). 1808-1809 жылдары Қаратайды Сарышоңайдың не-
мере бауырлары Көтібар Бәсенұлы (Пұсырман – Қарабас – Жапақ
– Бәсен – Ә.М.) Арыстан Тінәліұлы (Пұсырман – Қарабас – Тінәлі
– Ә.М.) батырлар ашық қолдап, орыс шептеріне шабуылдап, мал-
жандарын қуып алды. Мұның арты орыстардың қазақтарға қарсы ба-
рымтасына ұласты. онымен қазақты тоқтата алмаған Г.С. волконский
тұтқындағы Қаратай інісі Өзбекқали сұлтанды босатып, жанынан хо-
рунжи Искаковты ертіп, шектілерге жіберді. 1808 жылы 3 ай жүріп,
18 қазанда орынборға оралған Искаков шекараға жақын қазақтар хан
ретінде Қаратайды мойындайды, өйткені, ол ел ортасында тұрады де-
ген қорытындыға келді. дегенмен хорунжи Сарышоңай, Мұсылман
би, Мұса батыр (арғын шақшақ Жәнібек немересі – Ә.М.) және ахун
Мұхамеджандар Қаратайдың хан деп аталуына келісім бермеген деп
өзгеше ой түйіндейді (8, С. 56-57). Бұл арада билер мен ахунның
Ресейдің өзіндік пікірі, батыл шешімі бар Қаратайды ешқашан хан
сайламайтындығын түсінген сияқты.
Өз жоспары жүзеге аспағандықтан генерал-губернатор казак-
орыс әскерилеріне қазақ ауылдарына жорық жасауға рұқсат етті. 1809
жылы шілде айында верхнеозерск қорғаны коменданты майор Климов
Мендияр Әбілғазин сұлтанның көрсетуімен Сарышоңай, Мұсылман
билер ауылына келіп, 406 жылқысын тартып әкетті. Кейін, билердің
талап етуі бойынша әскерилердің жорықта асыра күш қолданғаны
дәлелденді (11).
Казак-орыс арасындағы шиеленістің арты Ресей үкіметінің
қолдан жасаған Жантөре ханның өліміне алып келді. 1809 жылы 2
қарашада Сахарный қамалынан қашық емес орналасқан ауылында
Жантөре Айшуақұлы Қаратай сұлтанның бағыттауымен, 200 астам
шектілердің, бірнеше сұлтандардың қатысуымен өлтірілді. 1809-1811
жылдар аралығында болған тергеу бойынша Хан Кеңесі төрағасы ор-
ман Нұралыұлы, Есім хан ұлдары Қара, Шожық т.б. кінәлі деп табы-
лып, Санкт-Петербургке жер аударылды. Қаратай сұлтан күресін әрі
жалғастыра берді.
1809 жылдан бастап 1812 жылдың қыркүйегіне дейін мұрағат
160
161
қорларында Сарышоңай туралы деректер кездеспеді. Бірақ 1812
жылы қайтадан Хан Кеңесі құрылып, төрағалыққа сұлтан Медетқали
Тұрдалиев (Әбілқайыр хан бауыры Бұлқайырдың шөбересі – Ә.М.)
бекітілген тұста, би соңғы рет Кеңес мүшелігіне ұсынылған екен.
Өкінішке орай осы жылы Сарышоңай би қайтыс болған (12). Яғни,
биді 1836 жылы қайтыс болған деген құлыптасындағы мәліметті
өзгерткен абзал.
Сөйтіп атақты билер әулетінде дүниеге келіп, тұтастай қазақтың
азаматына айналған, 15 жылға жуық Кіші жүз хан Кеңесінің белді
мүшесі болып, өзінің ерекше қабілетімен, әділдігімен Ресейді де
мойындатқан Сарышоңай Алыбайұлы тарих сахнасынан кеткенімен,
оның ісі мен қызметін ұрпақтары жалғастырды. Мұрағат деректерінде
Сарышоңайдың Меңдіғұл, Қасым, отаралы атты ұлдары аталады.
Меңдіғұл әке орнына үрім-бұтақты бастаған би болған. оның есімі 1819
жылы шілде-тамыз айларындағы Кіші, орта жүз игілерінің орынбор
әскери губернаторы П.К. Эссенге Арынғазы Әбілғазыұлын хан сайлау
туралы жазған ұсыныс хатында аталады. Хатқа қол қойған 380 би, ба-
тыр, старшын, сұлтандар арасында Кіші жүздегі 25 рудың 19-ының,
орта жүзден қыпшақ, арғын, Ұлы жүзден үйсін руларының өкілдері
бар. Сол замандағы беделді байбақты Жүсіп Сырымұлы, табын Жола-
ман Тіленшіұлы, шекті-тілеу Қаражігіт Бектауұлы, шекті қабақ Ары-
стан Тінәліұлы т.б. Меңдіғұл тығыз араласқан (1, С. 322-327).
Сарышоңай би және ұлдары туралы ел аузында төмендегідей
өлең-жырлар сақталған. Соның бірінде
Би Шонай алты алашқа аға болған
дұшпанға бар ма жері таба болған?!
Баласын үш ананың шырқ үйіріп,
Аулына Кіші жүздің пана болған.
Шонайдан отаралы, Қасым өткен,
Күнінде дариядай тасып өткен.
Өзінің болып тұрған заманында
дұшпаннан аруағы басым өткен, – делінеді (2,53 б.).
Қасым Сарышоңайұлы туралы деректер Арынғазы сұлтанның
1821 жылғы Санкт-Петербургке сапары кезінде кездеседі. Алдымен
Арынғазы жоғары дәрежелі кездесуге қатысатын адамдары туралы
мәліметті орынборға жолдап, өз тізіміне шекті-қабақ руынан Қасым
биді енгізген. Бірақ Ресей астанасына барып, қайтқандар арасын-
да Қасым би аталмайды. Соған қарағанда Қасым дәлелді себептер-
мен қалып қойған, ал орнына Қ.Мұсылманұлы енгізілген. делегация
құрамындағы шекті-жақайым Қ.Мұсылманұлы, шекті-қабақ Санасап
Сатұлы 1822 жылы 30 наурызда, шекті-тілеу Қаражігіт Бектауұлы
1822 жылы қазан айында елге жіберілді. Ең соңынан елге 1829 жылы
Жүсіп Сырымұлы оралды. Ал Арынғазы мәңгілікке Калуга жерінде
қалды (13). осы деректегі Қоспақ Мұсылманұлы Сарышоңайдың
заманындағы шекті-жақайым Мұсылман Шағатайұлының баласы.
Санк-Петербургке барған кезінде Қоспақ би 40 жаста болатын.
Ал отаралы Сарышоңайұлы да өз заманында елі сыйлаған би
ретінде мойындалды. ол турасында 1839 жылы Кіші жүзде болып,
Махамбет Өтемісовпен кездескен орыстың белгілі жазушысы және
жиһанкезі Е.П. Ковалевский «Құрылықта және теңіздерде саяхат
жасаушы» еңбегінде жазып, оны 75 жас шамасында деп көрсетеді.
отаралы 1841 жылы тамыз айында Хиуа ханы Аллақұл өткізген
кеңеске қатысты. Кеңес в.А.Перовский жіберген орыс елшілерінің
Хиуаға келуіне байланысты ұйымдастырылды. Кеңеске отаралымен
бірге байбақты Жүсіп Сырымұлы, табын Жоламан Тіленшіұлы, Нияз
би және Жанғазы Қайыпұлы, Қайыпқали сұлтандар қатысты. Ресей
қазақтарды өзіміздің отарымыз деп дәлелдеуге тырысқанымен, оны
Кеңеске қатысушылар мойындамады(14). Кейін әкесінің ізін қуған
Нияз тұтастай қабақ бөлімінің биіне айналды. 1852 жылғы мұрағат
дерегінде «Нияз отаралыұлы, 39 жаста, қабақ бөлімінің басқарушысы,
би. ол-орта бойлы, қара қасты, қою кірпікті, қара көзді, толық қара
торы, дөңгелек жүзді, қыр мұрынды азамат. Бір әйелі, 4 ұл, 2 қызы
бар. ол шекті руының қабақ бөлімінің, қалыбек бөлімшесінен. Жаз-
да ор өзенінің жоғары жағын, қыста Ұлы Борсықта жайлайды» – деп
жазылған (15). Міне осы Нияздың Сүлейменінен белгілі тарихшы Бек
Сүлейменов тарады.
Қорыта келгенде, Сарышоңай би тарихы арқылы жүріп-өткен
жолымыздағы ел игілерінің халқымыздың бүгінгі тәуелсіздігі үшін
күресін, ізденісін, жанқиярлық ерлік істерін сезінеміз. Мұның бүгінгі
ұрпақты отансүйгіштікке, өткен тарих арқылы аға буынға ерекше
құрметпен қарауға тәрбиелері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |