Мотивациялық эссе
Сөздің шыны керек бұл эссені қалай бастаймын деп көп
ойландым. Басқалары сияқты сұрақ қою арқылы ма әлде өзімді
таныстыру арқылы бастасам ба деп басым қатты. Бірақ соңында
арман қуып, білім алу үшін еліне, жеріне өз пайдасын тигізу үшін
жырақта жүрген қазақ қызының атамекенге, қазақ жеріне келудегі
мақсатынан бастайын деп шештім. 18 жыл өмір сүрген туған
жерімізден, жақындарымыздан жырақта білім алу бізден үлкен
шыдамдылықты талап етеді. Бірақ бір жағынан ата-бабамыз аңсап
кеткен атамекенге оралу, жаңа білім, жаңа мәдениетті меңгеру біз
үшін қуантарлық жайт. Бұл мен үшін жарқын болашағыма жасаған
маңызды қадамдардың бірі болды.
Қазақстанға келудегі ең басты мақсатым ол жоғары оқу орнына
түсіп, дәрігер мамандығын игеру, өз мамандығымның білікті де білімді
иесі болу. Қандай жағдай болмасын адамдарға өз пайдамды тигізу.
Бұл мамандықты таңдауыма 4 жылға таяу созылған коронавирус
басты себеп болды. Осы жұқпалы ауру басталғанда 10- сыныпқа енді
көшкен кез. Болашақта «Кім боламын?»- деген сұрақ осы кезден
бастап көкейімізден өз орнын алып үлгерді. Бала күнімнен білімге
құштар болып, жан-жақты өзімді дамытып өстім. Мектеп
табалдырығын аттағаннан бастап қай пән болмасын барлығына
ынтамды салып, жақсы оқыдым. Түрлі жарыстарға қатыстым.
Барлығына бірдей қызығып, оқығаннан кейін ба мен үшін мамандық
таңдау қиынға соқты. Қандай мамандықта оқитынымды білмесем де
әуел бастан Қазақстаннан білім аламын деп шешіп қойғанмын. Бірақ
дүние жүзін шарпыған мына індеттен кейін оның орындалуы екі талай
болды. Барлығы бір сәтке тоқтап қалғандай. Санамызда «Енді не
болмақ?»-деген жауапсыз сұрақтар ғана. Бұл індетті тоқтату
мақсатында барлығы карантинге алынды.7 миллиардтан астам
адамдар өз болашағы үшін уайымдай бастады. Бірінші құдайға екінші
ақ халатты абзал жандарға яғни дәрігерлерге үміт артты. Бұл қиын
қыстау кезеңде біз үшін деп, халқым үшін деп көмек қолын созған
дәрігерлердің қайтпас қайсарлығына, адамдарды құтқару үшін өз
жандарын қатерге тіккеніне, ұйқысыз, күлкісіз өткізген қаншама
күндеріне қарап менде кім болатынымды шешкендей болдым.
Осы уақыт аралығында бұл вирус маған шыдамды болуды, өз
бетімше оқуды, қандай да бір мәселе болғанда одан қашуды емес
керісінше қарсы тұруға үйретті. Қаншама адамдар осы індеттен кейін
дәрігер болудан бас тартып жатты. Мен болсам бұндай қиындықтарға
қарамастан бәрі бір де дәрігер боламын деген ойда қалдым. Себебі
біз сияқты жастарға үміт артып отырған жан қаншама. Болашақ мына
біздің, жастардың қолында. Елімізді өсіретін де өшіретін де мына біз.
Оқуды ынтамен оқитын мен үшін кішкентайымнан жауапкершілік
алып өскен маған, бастаған ісімді соңына дейін жеткізетінім жақсы
дәрігер болуыма көмектесетініне сенемін және де осы арманымды
барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы,
жастардың дамуына үлес қосатын С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ
Ұлттық Медицина Университетімен бірге жеткім келеді. Бұл вирустан
кейін адамдар бренд киімдерден гөрі денсаулығына көбірек көңіл
бөле бастады. Сол себепті сол адамдарға қолымнан келгенше
көмектескім келеді.
Қорытындылай келе мен бұдан кейін де түрлі вирус, аурулар
шығу мүмкіндігі жоғары болатынын білсем де, қиындықтарға
қарамастан медицина саласындағы мәселелерді азайту үшін
білімімді үздіксіз жетілдіріп, оқу үдерісіне бар күш жігерімді салып, өз
білімім мен дағдыларымды жақсартуға тырысамын. «Не ексең, соны
орасың»-дейді халық мақалы. Егер университетті жүзім ағашымен
салыстыратын болсам, мен осы жүзім ағашының тәтті жемісі бола
алатыныма сенімдімін. Егер адам бір нәрсені шынымен қатты қаласа
ол адамды тоқтату мүмкін емес. Арманға жету жолында белгілі бір
мақсаты бар адамдар ғана күресе алады деп ойлаймын, және менде
өз арманыма жететініме сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: |