Жаныңыздың ерінуіне жол бермеңіз Кейде өмірімізде біз түсіне бермейтін нәрселер болады: бала Даун синдромымен
туылады, жас әйелді тонау барысында өлтіреді, Цунами жолындағы ауылдар мен
қалаларды жуып өтеді. Біз тек сұраймыз: «Не үшін?» Адам баласына бұл құбылыстарды
түсіну мүмкін болмаса да, түсіндірмені іздеп көрейік. Адам өмірінде жағдайлар
қайталанып тұратынын байқап па едіңіздер? Луизаны әр жарты жыл сайын жұмыстан
шығарады, Франкке қарсы әр жыл сайын сот шағымдары түседі, ал Джим әрдайым
тағамдық улануға тап болады. Ал кейбір жағымсыз жағдайлар болмайды ғой! Мысалы,
Джимді ешқашан жұмыстан шығармаған. Луиза сотта болмады, Франк ауруханадан
жақындарына ашық хат жібермеді. Әр адам өзіне тән сабақтар алады және болып жатқан
оқиғаларға үш түрлі әдіспен жауап қайтарады. Мысалы:
«Менің өмірім – пайдалы және уақтылы сабақтармен кезектестірілген» (Рухани
тыныштық әкелетін ең дұрыс көзқарас)
«Өмір – лоторея, не болмасын одан пайда табамын» (бұл әдіс орташа өмірлік
қанағаттанушылыққа жеткізеді)
«Неліктен бар жамандықтар менің ғана басымнан өтеді?» (Бұл позиция көңіл
қалушылыққа, қайғы-қасіретке душар етеді)
Бізді жазаламайды. Бізді үйретеді. Кез-келген уақиға бізге жақсырақ болуға
көмектеседі! Кез-келген уақиғаның мәнісін тауып көріңіз, сонда өміріңізде мәнді
болады. Уайымдап, зар қағу: «Ай, бұл әділетсіздік!» - мүмкін болған жолдардың ең
нашары. Біздің тұлғамыз – бізбен болып жатқан себептердің алғашқы себебі. Ойлар,
сезімдеріміз сәйкес жағдайларды жасайды. Біз жұмыс, қарыз, қарым-қатынас жайлы
сабақтарды меңгермегенше, оған қайта-қайта ораламыз. Жағдай ана немесе мына түрде
қайталанатын болады. Өмір солай. Алдымен бізге ұсақ тастар ұшады – бұл ескертпе. Оны
елемесек, басымызға кірпіш құлайды. Оны да назарсыз қалдырсақ – алып қойтас бізді
өмірден жоқ етеді. Өзімізге өзіміз шынайы болайық, күнделікті өмірде бұндай белгілерден
без-без етеміз. Сөйтіп ұятымыз барып сұраймыз: «Неліктен дәл мен?»