Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012


VIII БӨЛІМ  Бастамасы. Кедергілерге төтеп беру



Pdf көрінісі
бет55/57
Дата29.01.2023
өлшемі1,27 Mb.
#63498
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
VIII БӨЛІМ 
Бастамасы. Кедергілерге төтеп беру 
Егер адамдар оқып, қаржы жөнінен сауатты болса да, кедергілерге тап болады. 
Қаржы сауатына ие адамдар неге «актив» атты бағанын толтырмайды екен? Оның 5 себебі 
бар: 
1.Үрей 
2. Ценизм 
3. Жалқаулық 
4. Жаман әдеттер 
5. Тәкаппарлық 
№1 себеп: Ақшаны жоғалтып аламын деген үрей. Мен ақша жоғалтқанды ұнататын 
адамды кездестірмеппін. Алайда бүкіл өмірімде ешқашан ақша жоғалтпаған бай адамды 
кездестірмеппін. Ақша жоғалтып алу қаупі – нақтылы. Ол барлық адамда бар, бай болсын, 
жарлы болсын. Алайда мәселе сол сәтсіздіктермен қалай күресетіндіктеріңізде. Ол сіздің 
өміріңізде із қалдырады, адам өмірінің көп нәрсесін анықтайды. Менің бай әкем ақшаға 
қатысты үрейді түсінетін. «Кейбір адамдар жылланнан қорқады, кейбіреуі ақша 
жоғалтудан қорқады. Бұл – адамға тән үрейлер». Ол ақшаны жоғалтумен күресуді былай 
кеңес еткен: «Егер қауіп-қатер және мазасыздықты жек көрсеңіз – алдын-ала 
дайындалыңыз». Сол үшін де банктер жастарға ақша жинауды кеңес етеді. 
№ 2 себеп: Цинизм және онымен күресу. Адамдар инвестиция жасаймын деп 
ойлағанда, басына неше түрлі ойлар келеді. «Мен аңғарғыш адам емеспін», «Басқалар 
менен жақсырақ», «Мен инвестиция салғанда, экономика құласа не болады?». Біздің 
жақындарымыз, достарымыз бар, олардан сұрамасаңыздар да кемшіліктерімізді айта 
береді, айта береді. Олар: «Өзіңе-өзің не себепті сенімдісің?», «Егер бұл тамаша идея 
болса, неге басқа адамдар жасамайды оны?», «Не айтып тұрғаныңды өзің де 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
білмейсің!». Бұл сөздер құлағымыздан кетпей, бір істі де бастай алмай қаламыз. 
Қорқыныш сезімі бойды билеп, тамақ та батпайды. «Ақылсынғандар ешқашан жеңісті 
қолдарына алмайды» - деп бай әкем айтатын. «Бақылай алмайтын күдік пен бақылай 
алмайтын үрей арсыз адамды жасайды. Арсыздар сын іздейді, ал жеңгендер сараптама 
жасайды» - деп айтқанда бай әкем жақсы көретін. Сын арсыз адамдардың көзін 
байлайды, басқалары жеткен мүмкіндіктерді көре алмағандықтан жіберіп алады. Ал 
адамдар жіберіп алған мүмкіндікті табу – кез-келген табыстың кілті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет