Астана
2009
«Мәдени МұрА»
МеМлекеттік бАғдАрлАМАсының
кітАп сериялАры
ҚАзАҚстАн республикАсының тұңғыш президенті
нұрсұлтАн нАзАрбАевтың
бАстАМАсы бойыншА шығАрылды
Құл-Мұхаммед М., төраға
Досжан А., төрағаның орынбасары
Асқаров Ә., жауапты хатшы
Қоғамдық кеңестің мүшелері:
Абдрахманов С.
Аяған Б.
Әбусейітова М.
Әйтімова Б.
Әлімбай Н.
Әуезов М.
Базылхан Н.
Байпақов К.
Биекенов К.
Бурханов К.
Ертісбаев Е.
Кенжеғозин М.
Қасқабасов С.
Нысанбаев Ә.
Өмірбеков Б.
Салғара Қ.
Сариева Р.
Сейдімбек А.
Сұлтанов Қ.
Таймағамбетов Ж.
Тұяқбаева Б.
Хұсайынов К.
«Мәдени МұрА»
МеМлекеттік бАғдАрлАМАсын
іске Асыру ЖӨніндеГі
ҚоғАМдыҚ кеңестің ҚұрАМы
бАбАлАр
сӨзі
жүз томдық
Ғашықтық
жырлар
54 том
УДК 398
ББК 82.3 (5 Қаз)
Б 12
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары),
Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.,
Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б., Қосан С.
Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Томның редакция алқасы:
Қосан С. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Қирабаев С.,
Алпысбаева Қ., Әлібеков Т., Қорабай С.
Томның ғылыми түсініктемелерін жазып, баспаға дайындағандар:
филология ғылымдарының кандидаттары:
Алпысбаева Қ. (жауапты шығарушы), Қосан С.
Б 12 Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2009.
Т. 54: Ғашықтық жырлар. —456 бет.
ISBN 9965-35-701-3
«Бабалар сөзі» сериясының 54-томына «Қозы Көрпеш—Баян сұлу»
жырының жеті нұсқасы ұсынылып отыр. Жырдың оқиғасы көне түрік
сюжеттері мен байырғы қазақ аңыздарына құрылған.
УДК 398
Б
ББК 82.3 (5 Қаз)
ISBN 9965-35-701-3 (т. 54)
© Әдебиет және өнер институты, 2009
ISBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2009
4702250205
00(05)—08
ҚұРАСТыРУшылАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле-
кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін
«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын
әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған елу үш томы ұлттық
фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са-
налатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда,
бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни
дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың тоғыз томы,
тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының жиырма
томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп,
баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы
қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат
қазынасы—фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен-
дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен
қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін
жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 54-том ғашықтық
жырларға арналды. «Бабалар сөзі» сериясының кезекті бұл
томына негізінен қазақ халқының сан ғасырлардан айтылып,
құлақтан-құлаққа, ауыздан-ауызға, бірден-бірге жетіп, бүгінгі
ұрпағымен есен қауышқан ең көне мәдени жәдігерлерінің бірі
«Қозы Көрпеш—Баян сұлу» эпосының таңдаулы жеті нұсқасы
еніп отыр.
«Қозы Көрпеш—Баян сұлудың» қазақ арасына кең тараған
30-дай нұсқасы және орыс тіліне өткен ғасырларда аударылған
бірнеше вариант—версиялары бар. Олардың көпшілігінің
түпнұсқалары мен қолжазба материалдары, негізінен, Ресейдің
6
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Омск т.б. қалаларының
мұрағат қорлары мен кітапханаларында сақталған.
«Қозы Көрпеш—Баян сұлу» эпосы тек қазақ халқының ғана
емес, барша түркі халықтарына да ортақ Рухани мұра. Мәселен,
аталған жыр сюжетінің алтайлықтарда—6, башқұрттарда—
28, татарларда,—22 нұсқа мәтіні сақталғандығы да осының
жарқын дәлелі.
Эпостың қазақ арасынан жазылып алынған ең көне нұсқа-
ла ры ның бірі 1830 жылы Мәскеуде шығатын «Отечествен-
ные записки» журналында орыс тілінде басылған. Бұдан соң
«Қозы Көр пештің ...» кейбір нұсқалары В.В.Радловтың (1870),
И.Н.Бере зиннің (1896), Н.И.Ильминскийдің (1878,1890, 1894,
1896, 1905) жинақтарында басылып, қалың оқырманға кеңінен
таныс болды.
Эпосты жинау жариялау, зерттеу жұмыстарына ш.Уәли-
ханов, Г.Н.Потанин, Н.Ф.Костылецкий, Н.Я.Коншин, С.шор-
манов, А.Құнанбаев, М.Ж.Көпеев, Д.Сұлтанғазин, Ғ.Дербі-
сәлин сынды көптеген зиялы азаматтар атсалысты. Бұл орайда,
әсіресе сұлтан шыңғыс Уәлиханұлы мен оның балалары—
Қоқыш, Мақажан, Болат, шоқандардың атқарған еңбегі ұшан
теңіз.
Санкт-Петербургтегі шығыстану институтының Березин
мұрағатында сақталған «Қозы Көрпештің ...» Жанақ, шөже
нұсқаларының бірнеше көшірмелері де мұнда шоқанның орыс
достары арқылы жеткізілгені мәлім.
Кеңес тұсында ұлы эпосты зерттеу, жариялау жұмыстары
одан әрі жалғасты. «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» театр сахнасын-
да қойылды. Жаңадан табылған варианттары зерттеліп, халық
әдебиеті, фольклор жинақтарына енгізілді. С.Сейфуллин,
С.Мұқанов, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов,
Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, ы.Дүйсенбаев, Н.С.Смирнова,
С.Садыр баев, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, З.Сейтжанов, Т.Сыды-
қов, Б.Әзібаева, М.Ғұмарова сияқты көптеген қазақ ғалымдары
мен қаламгерлердің үлкен еңбек сіңіргенін атап көрсеткен аб-
зал.
«Бабалар сөзі» сериясының 100 томдық басылымына
атақты эпостың ең жақсы, үздік деген нұсқалары іріктеліп,
оларды екі томға топтастыру (54, 55-томдар) жоспарланды.
ұсынылып отырған осы томға «Қозы Көрпеш—Баян сұлудың»
6
7
ҚұРАСТыРУшылАРДАН
шоқан, Радлов, Бейсенбай, М.Ж.Көпеев, Потанин, шөже,
Н.И.Ильминский варианттары енді.
«Бабалар сөзі» сериясының кезекті елу төртінші томы
бұл көптомдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес, ғылыми
қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға,
томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су
атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есім-
дерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның
жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер
тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі—28,5 б.т.
М Ә Т I Н Д Е Р
Мекен іздеп, жігіттер, кел кетелі,
Ортасында көктөбе белгі етелі.
Азаматым, ерінбей тыласаңыз,
Қозы Көрпеш—Баянды тербетелі.
Қыл көпірден адамды айдар еміс,
Қылмысшылды тамұққа айдар еміс.
Тыңдай тұрған жігіттер, ерлер болса,
Ерте заман бір екі бай бар еміс.
Сол екі байдың жайлауы төмен еміс,
Киік атып, аң етін жеген еміс.
Екі байды сұрасаң, азаматым,
Қарабай мен Сарыбай деген еміс.
Бай да болса пиғылдары тар секілді,
Тәңір берген дәулеті бар секілді.
Малды беріп, Құдайым басты бермей,
Бір шыбындай перзентке зар секілді.
Ал Қарабай мен Сарыбай аңға шықты,
Екі байдың мергендігі даңға шықты.
Екеуінің зайыбы шүбәлі екен,
Ғайып жерден алдынан аң қашыпты.
Қарабай мен Сарыбай аңға барған,
Буаз марал алдынан пайда болған.
Атайын деп Қарабай оғын салған,
«Үйімде зайыбым буаз» деп атпай қалған.
Көрпеш һәм Баян сұлу
(Шоқан нұсқасы)
10
20
12
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Көксеңгірден екі бай бөкен тосқан,
Буаз марал алдынан душарласқан.
Буаз марал алдынан душарласса,
«Атпайын» деп Қарабай қайта қашқан.
—Жасағаннан тілеуім көп-дүр,—дейді,
Киік атып, аң етін жепті дейді.
Буаз марал алдыңнан душарласса,
Неге атпадың, Қарабай, депті дейді.
—Жата-жата үйімде ішім пысты,
Жігіттікте көп қылдық мұндай істі.
«Атайын» деп үйімнен шығып едім,
Сол жерде көңіліме бір қиял түсті.
—Ал мергендікті қоймадық тамам,—дейді,
Душар келді бір марал саған,—дейді.
Душар келген маралды атпай қалып,
Қиялыңды айт-сана маған,—дейді.
—Алда қалай бола-дүр заман,—дейді,
Буаз маралды көп атпақ жаман,—дейді.
Үйде менің зайыбым шүбәлі еді,
Сол есіме түсті де, обал,—дейді.
Талай қызық көрерміз аман болса,
Мергендікті қоярмыз жаман болса.
Құда болар менімен бар ма жайың,
Құдай перзент көрсетер заман болса.
Қаса мерген—екі бай дейді деді,
Киік атып, аң етін жейді деді.
—Құдай перзент көрсетер заман болса,
Болсақ, бола қалайық,—дейді деді.
Қарабай мен Сарыбай ат тоқыған,
Ат тоқыған жерінде хате оқыған.
Қосқанының белгісі сол емес пе,
Түсе қалып, сол жерде бата оқыған.
30
40
50
12
13
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
Жиын қылып Қарабай бие сойған,
Бір биенің етіне жұрты тойған.
Қарабайдың қатыны қыз тауыпты,
Баян Сұлу депті де, атын қойған.
Аягөздің бойынан ел ауыпты,
Қылады екен Сарыбай бір қауіпті.
Үш күндей толғатып, азаматтар,
Сарыбайдың қатыны ұл тауыпты.
—Сарыбай қай жаққа кетті?—дейді,
Тазша, шүйінші тілейік депті, дейді.
Асығыста шүйінші тілемеймін деп,
Сарыбайдың ажалы тиді дейді.
шүйінші тілер тазша құл жүгіре түсіп,
Асықпаса не етеді, көтін қысып.
Қуанғаннан Сарыбай шапқан екен,
Мойны үзіліп өліпті, аттан ұшып.
Жұрт жиылды сүйегін жерлеймін деп,
Қарабай айтты: «Бұ жұртты көрмеймін» деп.
Көше қашып Қарабай кетеді енді,
«Жетім ұлға қызымды бермеймін» деп.
Сарыбайды, жігіттер, Құдай алды,
Ақыр заман Құдай былай салды.
Көше қашып Қарабай кеткен екен,
Жесір қатын, жетім ұл білмей қалды.
Тамам молда жиылып оқыр хатым,
Жеткізіп-дүр Сарыбай жұртқа датын.
Сарыбайдың қатыны ұл тауыпты,
Қозы Көрпеш қойыпты оның атын.
Сол екі байдың ауылы көшкен екен,
Бір перзент көкейін кескен екен.
«Қатынымыз қыз тапса екеуіміздің,
Қол бақшасы бір болсын» дескен екен.
60
70
80
14
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Сол екі байдың ауылы көшкен екен,
Бір перзент көкейін кескен екен.
«Екеуі де ұл туса енді осының,
Таң еткендей дос болсын» дескен екен.
Сол екі байдың ауылы көшкен екен,
Бір перзент көкейін кескен екен.
«Біреуі ұл, біреуі қыз болса,
Құдай қосса, біз қостық» дескен екен.
Ақ хан өліп, Қара хан босқан екен,
Көксеңгірден киікті тосқан екен.
Қозы Көрпеш құрсақта, Баян іште,
Іште жатқан екеуін қосқан екен.
Көшіп кетті Қарабай аңға көнбей,
Сол кеткеннен кете-дүр, қайтып келмей.
Сөйтіп қосқан қосағын Қозыекемнің
Сол Қарабай кете-дүр қалай бермей.
Қозы Көрпеш һәр нені ойлайды еміс,
Дегеніне бір жетпей қоймайды еміс.
Ересек болған соң Қозы Көрпеш,
Тазшаменен асықты ойнайды еміс.
Қозы Көрпеш атадан жаста қалды,
Асық ойнап тазша мен пері салды.
Тазша бүгін асығып ұтып алса,
Зорлықпенен Қозыекем тартып алды.
Өштес қылған екеуін Құдай ма екен,
Жаман сөзді Қозыекем тыңдай ма екен.
—Қатынына бара алмай,—деп жүр дейді,
Асығымды тартып алды деп жылайды екен.
Асық ойнарға Қозыекем үйден келе,
—Сарсаң қылдың, ау, тазша, мұнда неге?!
Сарсаң қылмай, айтсана расыңды,
Алтын сақам берейін шүйіншіге!
90
100
110
120
14
15
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
—Сол екі бай бөкенді тосып еді,
Сенің білген ақылың осы ма еді?
Есің болса, онда ойлап білмес пе едің,
Атаң жастай біреуге қосып еді.
—Кетейін Алашада енді бір мен,
Жаңа менің көңіліме сәна кірген.
Өтірікші болмасаң, тазша, деймін,
Айтып қосқан қосағым қайда жүрген?
Сарыбай бұл ғаламнан өтіп еді,
Қозы Көрпеш Құдайға не етіп еді!
«Жетім ұлға қызымды бермеймін» деп,
Көше қашып Қарабай кетіп еді.
—Құдай қосса, соңыңнан қалмаймын ғой,
Жамандықты есіме алмаймын ғой.
Өтірік қана айтасың сарсаң қылып,
Тазша, сенің тіліңе нанбаймын ғой.
—Құдай саған бермеді сана деймін,
Һештемені білмейсің, бала, деймін.
Менің айтқан тіліме сен нанбасаң,
Үйіңе барып шешеңнен сұра деймін.
—Жүруші едім адамнан көңілім қайтпай,
Сен қайтардың көңілімді жалған жаттай.
Кішкентайдан қосылған қосағымды
шешем қалай жүрген-дүр неге айтпай!
—Алдайсың да жоқ дүние өтеді деп,
Ғазирайыл соңыңнан жетеді деп.
Сенің шешең жасырып айтпай жүрген,
«Жалғыз балам лағып кетеді» деп.
Сүйдеген соң Қозыеке нанды дейді,
Тазша жатып сол жерде қалды дейді.
«Ғафияда бір алдап сұрайын» деп,
Жүгіргеннен үйіне барды дейді.
130
140
150
16
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Жүгіргеннен үйіне кетті дейді,
Демін алмай үйіне жетті дейді.
«Қарным ашып барады, Тәңірі деген,
Бидай қуыр, шешеке», депті дейді.
Жүгіргеннен Қозыеке келді дейді,
Жау тигендей қылады елді дейді.
«Жарықтығым қарыны ашқан-ды» деп,
Беген бидай қуырып берді дейді.
Қозыекемнің көңілі демейді-мыс,
Жаман-жақсы адамға демейді-мыс.
Беген бидай қуырып шешекесі,
Салып берсе табаққа, жемейді-мыс.
Мен айтайын, Қозыекем, бұ бір кеңес,
Қозыекесі шешесіне айтушы емес.
Қозыекемнің көңілінде әлде не бар,
Қазанымен берсе де, тағы жемес.
—Қаз келе-дүр, ей, шеше, айтайын да,
ұйқым келді, төсек сал, жатайын да.
Еңбекпенен өсірген, ай, шешеке,
Қолыңменен бер сана татайын да.
Не жамандық Қозыекем көрді дейді,
Баласының тіліне ерді дейді.
Алдағанын Қозыекем қайдан білсін,
Қолыменен шеңгелдеп берді дейді.
—шеше, сенен көрмедім пайда,—дейді,
Мың жылқыны өзің-ақ айда,—дейді.
ыстық бидай қолына басып тұрып:
—Құдай қосқан қосағым қайда?—дейді.
—Қолым күйді, ей, балам, мен қайтейін,
Дәнемең жоқ Алашта, неңді айтайын.
Құлазытқан көңіліңді тентек етіп,
Сарсаң қылған кім еді, жоғалтайын.
160
170
180
16
17
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
—Тазша бір сөз айтты ғой маған кеше,
Қолың түгел бүріссін маған десе.
Кішкенеден қосылған қосағымды
Енді қалай айтпайсың маған, шеше?
—Сол төріде еш көзін аша алмасын,
«Іздеймін» деп, ай, балам, кім жолдасың?
Құлазытқан көңіліңді тентек етіп,
Естірткен кім еді, еш оңалмасын!
Жылқы жайған бір тазша бала айтады,
Түйе айдаған ақсақал шал айтады.
Тым-ақ рас секілді, жан шешеке,
шөрік иірген бір кемпір және айтады.
Оғын жөндер Қозыекем тазқарадан,
Жасын ұзақ тілеймін азғанадан.
Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,
Түзде кеңес сұрайды бозбаладан.
Етті дейді Баянды көңіліне тоқ,
Бір ойнаса жарымен арманы жоқ.
Түзде кеңес сұраса бозбаладан,
Оңды кеңес айтпайды бозбала боқ.
Ақсақалды біреуге қорлатыпты,
Алып келіп тазшаны жырлатыпты.
Алып келіп тазшаны жырлатқан соң,
Құлақ салып ақсақалға тыңдатыпты.
—Дүниеден еш лаж жоқ өтейін бе,
Құдай қосқан Баянға жетейін бе?
Құдай қосқан менің сол қосағымды,
Іздейін бе, іздемей кетейін бе?
—Қозыекем, сен тәубаңды жаңыласың,
Еш көрмеген Баянды сағынасың.
Одан жақсы қалындық алып берейік,
Ерте кеткен Баянды не қыласың?
2-0137
190
200
210
18
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Тамам қызды бір үйге салды дейді,
—Ағаларға көңілім қалды,—дейді.
«Енді қыздан бір кеңес сұраймын» деп,
Жүгіргеннен қыздарға барды дейді.
—Суға біткен солқылдақ жекен деймін,
Құдай қосқан қосағым екен деймін.
Құдай қосқан сол менің қосағымды,
Ай, апалар, іздесем бе екен деймін.
—Қартайғанша ер жігіт «қыз» дер болар,
Жасы үлкенді өзінен «сіз» дер болар.
Ол айтқаның рас-дүр, жарықтығым,
Құдай қосқан қосағын іздер болар.
—Ондай кеңес шайтандық ермегейсің,
Өз ойыңдай, Қозыекем, көрмегейсің.
Өз ақылың өзіңе бола тұрған,
ұрғашының тіліне ермегейсің.
—Көргенім жоқ Баянды, өзі қандай?
Беті айдай депті де, бойы талдай.
Ерте кеткен Баянды іздемейін,
Баяндай қыз бар ма екен, сірә, ондай?!
—Тілімді алсаң, Қозыекем, бара көрме,
Ондай ойды көңіліңе ала көрме.
Құлазытқан көңіліңді тентек етіп,
Сен Баянды есіңе ала берме!
—Енді қайтіп жүрейін есіме алмай,
Жүруші едім адамнан көңілім қалмай.
Көңілім менің таразы еш тағатсыз,
Әкем қосқан Баянға мен бір бармай.
—Мен бір кеңес айтқан соң көңілің қалар,
Қодар деген бір құлы қиял болар.
Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,
Бір шыбындай жаныңа зиян болар.
220
230
240
18
19
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
—Үйдемеңіз, сына-дүр сағым,—дейді,
Қарабайда кетіпті хақым,—дейді.
Қарабайдан хақымды ала алмасам,
Мұнда жүрсем, тең-құрбым «қатын» дейді.
—Айтса дағы, Қозыекем, тіл алмассың,
Барғаннан соң сен қайтып келе алмассың.
Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,
Енді қайтып бұ жұртты көре алмассың.
—Есен болсам, мен қайтып келейін де,
Келе алмасам, сол жолда-ақ өлейін де.
Құдай қосқан сол менің қосағымды
Қодар құлға, жігіттер, берейін бе?
—Қарабайдың ауылы енді қай жақ,
Бөлініп қалған жылқыдан бұ бір саяқ.
Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,
Қодар атты құлынан жерсің таяқ.
—Айтып салды бір тазша әлде қалай,
Өзің оңда, жасаған Алла Тағала-ай!
Әлі де болса, жұртым, жіберіңіз,
Құлдан таяқ жегенше, алсын Құдай!
—Не таба-дүр Қозыекем онда барып,
Қодар құлдар алмасын жүрген жанып.
Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,
Қиық Қодар қоймасын басыңды алып.
—Сарсаң қылдың, Құдайым, мұндай ғана,
Менің әлім жоқ па екен құлдай ғана!
Құлдан өлсем жатайын тұрмай ғана,
Еш басыңа жамандық келтірмесін.
—Еш басыңа жамандық келтірмесін,
Таппадым құлдардың білдірмесін.
Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,
Қиық еді Қодар құл, өлтірмесін.
250
260
270
280
20
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Қодар құлдар дегенің құл ма, сірә?
Құлдан өлсем, жатайын тұрмай, сірә.
Бір сөз айтса, өледі дей бересің,
Жораң қалай жаман-дүр, жұртым, сірә?!
—Мақтанады Қозыекем мұнда тұрып,
Қайтіп алар Баянды құлдық ұрып.
Сол алпыс құл ортаға бір алған соң,
Өлмек түгіл қаларсың өме тұрып.
—Жан болмайын жарымды құлға берсем,
Сөйлетпейді менің құрбым мұнда жүрсем.
Әрне болса, жұртым-ау, жіберіңіз,
Жатқанымнан тұрмайын, құлдан өлсем.
—Талай кеңес үйреттім енді, ботам,
Кеңесімді алмадың сен де, ботам.
Кеңесімді алмадың, кері барғыр,
Білгеніңмен бола гөр енді, ботам!
Шешесіне келіп, шешесі айтқаны:
—Қаз келеді, шешеке, атайын-ды,
Бидай қуыр, қолыңнан татайын-ды.
Атты ертте, ей, шеше, азық сайла,
Ай, әкем қосқан Баянға кетейін-ді.
—Ай-һай, балам, ай, балам, кете алмассың,
Аягөздің бойынан өте алмассың.
Құлазытқан көңіліңді тентек етіп,
Ерте кеткен Баянға жете алмассың.
—Ай-һай, шеше, ай, шеше, көтер-ақпын,
Аягөзің бойынан өтер-ақпын.
Сол Қарабай кеткелі қырық жыл болған,
Қырық жыл қусам соңынан, жетер-ақпын.
Көздің жасын көл қылып төкті дейді,
Бір тазшаны түгел жұрт сөкті дейді.
290
300
310
20
21
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
—Көзім жасы көл-дария болды, балам,
Одан қайтып өтесің?—депті дейді.
Қозыекемнің мінгені Көкті дейді,
—Жасағаннан тіледім көпті,—дейді.
Көзің жасы көл-дария болса, шеше,
Көпір салып өтермін,—депті дейді.
Көзінің жасын көл қылып тағы төкті,
Бір тазшаны жиылып жұрты сөкті.
—Қиқулының қырық бөрі бар-дүр, балам,
Одан қайтіп өтесің?—тағы депті.
—Уайымды көп айтпа маған,—дейді,
Өзің оңла, Жасаған тобам,—дейді.
Қиқулының қырық бөрі келсе жетіп,
Қырық кез оғым жалынсын оған,—дейді.
—Ойлай берсе, ой түбі қайда кетпес,
Жұртын тиған Қодарға әлің жетпес.
Тілімді алсаң, Қозыекем, бара көрме,
Асқаралы тауы бар адам өтпес.
—Ай-һай, шеше, ай, шеше, кетер-ақпын,
Құдай қосқан жарыма жетер-ақпын.
Асқаралы тау душар болса алдымнан,
Қылыш пенен жол салып өтер-ақпын!
—Ай-һай, балам, ай балам, барасың ба,
Мекен кетіп, бір қадар табасың ба?!
Тілімді алсаң, Қозыекем, бара көрме,
Қырық күндік шөлі бар арасында.
—Алдауыңа мен енді көнбен, шеше,
Өзге қызбен дәуренді сүрмен, шеше.
Құдай қосқан жарымды естіген соң,
Енді мұнда жан болып жүрмен, шеше!
320
330
340
Достарыңызбен бөлісу: |