«Мұрағаттану» пәні


Соғысаралық кезеңдегі шетелдердегі мұрағат ісі (1918-1939 жж.)



бет7/12
Дата30.06.2023
өлшемі47,93 Kb.
#103859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мурагат лек

Соғысаралық кезеңдегі шетелдердегі мұрағат ісі (1918-1939 жж.)
Мұрағаттар жүйесі мен құрамына енгізілген өзгерістер. Соғыстың ықпалының нәтижесінде құжаттық материалдармен, мұрағат қорларының құжаттарымен алмасу. Мұрағат құжаттарының жаппай жойылуы.
Соғыс кезіндегі арнайы мұрағаттар мен кітапханалардың құрылуы. Бірінші дүниежүзілік соғыс тарихы туралы құжаттарды жариялау. Еуропалық кабинеттердің үлкен саясаты (Германия), соғыстың басталуы туралы британдық құжаттар (Англия), 1871-1917 жж. (Франция) француз дипломатиялық құжаттары және т.б.
Мұрағат құжаттарына қолжетімділіктің шектелуі. Мұрағат комиссиясының құрылуы (1929 ж.) және Ұлттар Лигасы жанындағы мұрағаттанушы-сарапшылар комиссиялары (1931 ж.). Мұрағаттарға байланысты халықаралық жолсілтер анықтамалықтардың пайда болуы.


Шығыс және Орталық Еуропа мемлекеттерінің мұрағат ісі


Польша мұрағаттары. Ірі тарихи ведомстволық мұрағаттар. Олардың құрамы. 1919 ж. мұрағаттар туралы заң. Мұрағат ісін басқару ұйымының құрылуы және мемлекеттік мұрағаттар жүйесі. Облыстық мұрағаттар. Мұрағаттардың құрамы және құрылымы. Мұрағат жұмысының әдістемелік және техникалық жұмысының жағдайы мен жалпы сипаттамасы.
Австрия мұрағаттары. Венаның мемлекеттік мұрағаты. Ведомстволық тарихи мұрағаттар. Әскери мұрағат, қаржылық палата мұрағаты, ішкі істер және юстиция мұрағаты. Ағымдық ведомстволық мұрағаттар.
Жергілікті мұрағаттар. Мұрағаттарды жинақтау.
Германия мұрағаттары. Мұрағаттар құрамының өзгерілуі. Жалпыимпериялық мұрағаттың қалыптасуы (1920 ж.). Мұрағаттарды жинақтау ерекшеліктері. Мұрағат құрылымы.
Неміс жерлерінің мемлекеттік және провинциалдық мұрағаттары. Олардың мұрағат ісінің теориясы мен әдістемесінің дамуына тигізген әсері.
Әскери мұрағаттардың орталықтандырылуы. Әскери Орталық мұрағаттың ұйымдастырылуы (1936 ж.).


Батыс Еуропа мемлекеттерінің мұрағаттары


Франция. Мұрағаттарды орталықтандыру жүйесі. Мемлекеттік мұрағаттар жұмысының біркелкі әдістері мен нысандары. Мұрағат туралы үкіметтік декреттер (нотариалдық мұрағаттарды тапсыру 1928 ж., мемлекеттік мұрағаттарға мекемелер материалдарын тапсыру 1936 ж.).
Соғыс туралы мұрағат пен кітапхананың құрылуы.
Бельгия мұрағаттары. Бельгиядағы мұрағат мекемелерінің жүйесі. Мұрағат жұмыстарының әдістемелік дамуы. Мұрағат кадрларын даярлау. Бірінші дүниежүзілік соғыс құжаттарының шоғырлануы. Соғыс мұражайының (1918 ж.), соғыс мұрағатының (1919 ж.) құрылуы. Оларды шоғырландыру ерекшеліктері.
Голландия мұрағаттары. 1918 және 1919 жж. мұрағаттар туралы заңдар. Мұрағаттық мекемелер жүйесінің анықталуы. Ведомстволық мұрағаттарға бақылау орнату.
Нидерландының тарихи-экономикалық мұрағаты және «Нидерландық жолбарыс» геральдық қоғамының мұрағатының құрылуы (дворяндар тарихы мен генеалогиясы материалдары).
Ғылыми және мұрағат-техникалық жұмыстарының жағдайы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет