Мұрат Есжанның тарихи тұлға, қазақ халқының біліміне, ғылымына, саясатына үлкен үлес қосқан Ахмет Байтұрынұлы туралы сериал өте керемет туынды. Құнды мәліметтер жинақталған



Дата28.04.2022
өлшемі14,74 Kb.
#32734
Байланысты:
Өтегенова Қарақат, ия-нк 21-1,ойтолғау


Ойтолғау

Мұрат Есжанның тарихи тұлға, қазақ халқының біліміне, ғылымына, саясатына үлкен үлес қосқан Ахмет Байтұрынұлы туралы сериал өте керемет туынды. Құнды мәліметтер жинақталған. Ахмет атамыздың тұлғасын, өмірін, тағдырын баяндайтын жалғыз сериал. Тарихи сериалдардың жанкүйері емеспін, алайда бұл сериал маған қатты әсер еткен сериалдардың бірі болды. Дәл осындай форматтағы сериалдар көп болса тарихты түсіну де, әр тұлғаның болмысын ашу да, патриоттарды тәриелеп шығу да оңай болушы еді. Кітаптан оқу бір бөлек, көзбен көрген бір бөлек екен. Тарих сабағында оқып, жаттаған оқиғалар, өзгерістер, революциялардың мәнін ашты.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының біртуар азаматы. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Білімге, ғылымға, тарихқа, әдебиетке қосқан үлесін санап айту мүмкін емес. Бала кезімде тек жазушы, ақын деп қана танитынмын. Бірақ өсе келе тұлғаның біз үшін жасаған ерліктерін оқып, зерттей келе жан-жақты, өте білімді, ұшқыр ойлы алып тұлға екенін түсіндім. Елім, жерім деп тұрған азаматтардың бірі болған. Бар ғұмырын елінің игілігіне арнаған. Қиын заман болса да, патша өкіметінің озбырлығынан қорықпай ел үшін күресті. Бір ойлы азаматтарды жинап, қазақ халқының тұңғыш газетінің шығуына атсалысты. Бұл кісінің жазған еңбектерін барлығымыз білеміз. Өлеңдерін кішкентай кезімізден жаттап өстік. Мен Ахмет атамыздың тұлғасына көбірек тоқталғым келіп тұр. Нағыз ер азамат деп айтуға лайық адам. Өз қара басын ойлаудың орнына, жанын елінің жолында пида етті. Қанша қиындық көрді. Көп жылын түрменің төрт қабырғасында өткізді. Патша өкіметінің құйтырқы айлаларына тап болды, ұрды, соқты, жазалады, айдауға жіберді, өлім жазасына кесті, балаларын да өлтірді. «Халық жауы» деген жаламен өлім жазасына кесті. Ахметтей ұлы адамның өмірі осылай аяқталғанына жаның ашиды. Өз халқының тағдыры үшін алаңдап, еңбек еткен адамды жау атады. Әділдікке қол жеткізу үшін барын салды. Тарихты оқып отырып, қанша қорлық көргенін біліп отырып, қорықпай өз дегенінен қайтпаған қайсар адам екеніне таңқаламын. Көп адамның қолынан келе бермейтін іс. Сериалда көрсетілген сценада ол бұл жасап жатқан ісінің ақысын сұрамайтынын, ешкімнен мадақ сөз күтпейтіндігін айтқан. Недеген даналық десейші. Тіпті тергеушілердің өзі оған төтеп бере алмаған. Қасында жүрген жолдастары тап өзіндей зиялы қауым өкілдері. Бір-біріне қолдау көрсетіп, жұмылып бірталай істер атқарған. Алайда араларынан сатқындар шыққан уақыттары да болған. Қазақ бола тұра, елі үшін күресіп жүргендерге қол ұшын берудің орнына оларға ор қазып, жау есептегендерге қарап жаның ашиды. Патша өкіметіне сатылып кеткен қазақтар да жетерлік.

Сондай қиын заманда, қанша қиындық көре жүріп, білім алуын, еңбек жазын тоқтатқан емес. Сол аралықта бірталай еңбектер жазған. Қаншама қолжазбаларын тәркілеп, өртеп жіберген. Жарыққа шыққан қанша еңбегі болса, шықпай қалғаны қаншама. Егер де сол заман тыныш болып Патша өкіметінін озбырлығына ұшырамаған болсақ, Ахметтей, Дулаттай, Мағжандай ұлы адамдарымыз еркін өмір сүріп, қазақ халқының білімі мен мәдениетін бірталай дәрежеге жеткізер еді. Сол кезде біздің халықтың надан болып қалуы үшін өкімет барын салды. Бірақ олардың қолынан келмеді. Жасырын түрде болса да, кітаптарды шығарып, балалардың білім алуына барын салды. Сол уақытта тіпті «Қазақ» деген ұлт тұрмақ, жеріміз де, тіліміз де жоғалуға айналған еді. Өз еліміздің құндылықтарын сақтап қалуға күш салған бабаларымызға мың алғыс айтамын. Ол кісілер болмаса, қазақ деген халық, ел болмас еді. Осылай еркін өмір сүріп, білім алып, өз мәниетімізді ұстанып, өз тілімізде сөйлеп жүргеніміз сол адамдардың арқасы. Егерде сол уақытта елдің болашағы үшін деп ешкім күреспеген болса, осы уақытта «Қазақ» деген атау әлемнен жойылып кетер ме еді.



Сериал Ахмет бейнесін ашуға қатты әсер етті. Менің жүрегімде бірнәрсе қозғалғандай болды. Осындай ұлы тұлғаларға қарап елім үшін, жерім үшін деп тау қопарғың келеді. Бірақ дәл сол кісілердей өз ғұмырын елінің жолына арнайтындар қазірде жоқтың қасы. Сырттай қарап тұрсаң рас нәрсеге ұқсамайды. Қалай өзінің өмірін қауіпке тігіп, алып империяға қарсы шығып, әділдік үшін күрескен қаншалықты ержүрек адам дейсің. Нағыз батырлар сол кісілер. Қылышсыз шайқасқан батырлар...

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет