бет 4/4 Дата 28.02.2022 өлшемі 9,22 Mb. #26673
Анамнез; Алдыңғы, ортаңғы, артқы риноскопия ; Артериалды қан қысымын өлшеу; Жалпы қанды тексеру; Биохимиялық тескеру; Гематологтің кеңесі қажет. Емі Гипостатикалық ем; Гипотензивті ем; Суық қою; Бас пен денені жоғары ұстау; Танауды саусақпен мұрын пердесіне қысу; Қанталаған аймақты күйдіру; Гальванокаустика; Тығындау (алдыңғы және артқы тампонада); Сыртқы ұйқы артериясын байлау. Жедел ринит (тұмау) Этиологиясы: микробты флора. Патогенезі: токсикалық , вазомоторлық компоненттермен қатар секреторлық бұзылыстардың жүруімен сипатталады. Ықпал ететін факторлар: тоңазу, ағзаның жалпы және жергілікті реактивтілігінің төмендеуі. Клиникасы Субъективті белгілер: Мұрынның қышуы; Тұмаурату; Бітелу; Түшкіру; Жалпы әлсіздік; Селқостық. Объективті белгілер: Мұрын қуысының шырышты қабатының қызаруы және ісінуі; Мұрын жолдарында кілегейлі, кілегейлі-іріңді бөліністердің болуы; Тыныс алудың нашарлауы ; Гипосмия; Ыстықтың көтерілуі. Емі Мұрынға қан тамырларын тарылтатын тамшыларды тамызу; Қабынуға қарсы ем; Гипосенсибилизациялық ем; Белгілерге қарсы ем; Ынталандырушы ем; Нүктелі массаж; Физиоем. Алдын алу шаралары Инфекция ошақтарына санация жасау (тазарту); Денені шынықтыру ; Жеке бастың гигиенасын сақтау; Қоғамдық гигиенаны сақтау; Жедел жоғарғыжақ синуситі (гайморит) Этиологиясы: микробты флора. Патогенезі: мұрын қуысымен байланысатын өзектердің дренажды қызметінің бұзылуы, улану және аллергиялық компоненттермен қатар өтеді; Ықпал ететін факторлар: жедел респираторлы аурулар (ЖРА), тоңазу, жарақаттар , шірік тістер және ағзаның басқа да инфекция ошақтары, ағзаның жалпы және жергілікті реактивлігінің төмендеуі т.б.жатады. Клиникасы Субъективті белгілер: Жоғарғыжақ қуыстың маңының ауруы; Ұлпаның ісінуі; Іріңді тұмау; Мұрынның бітелуі; Бастың ауруы; Селқостық т.б. Объективті белгілер: ЖЖҚ алдыңғы қабырғасы пальпация кезінде ауыру сезімі; МҚ шырышты қабатының қызаруы және ісінуі; ОМЖ және ЖМЖ бөліністің болуы ; Тыныс алудың бұзылуы; Гипосмия; Ыстықтың көтерілуі т.б. Диагностикасы Шағымы; Жалпы қарау; Пальпация; Алдыңғы және артқы риноскопия; Эндоскопия; Тыныс алу қызметін тексеру; Иіс сезу қызметін тексеру; ҚАҚ рентгенографиясы; Контрасті рентгенография ; Қуысқа пункция; Ультрадыбысты тексеру; Компьютерлік томография; Емі Қабынуға қарсы ем; Гипосенсибилизациялық ем; Белгілерге қарсы ем; Мұрынға қан тамырларын тарылтатын тамшыларды тамызу; Пункция жасау және түтікше қою; Қуысты жуу; Оған емдік дәрілерді жіберу ; Физиоем; Риногенді асқынулар кезінде ЖЖҚ тазарту мақсатымен операция жасау. Алдын алу шаралары Жоғарғы тыныс алу жолдарындағы инфекция ошақтарына санация жасау; Ағзаның жалпы және жергілікті реактивтілігін жақсарту; Денені шынықтыру Достарыңызбен бөлісу: