Мұрын қуысы сүйек пен шеміршектен түзіліп, сырты терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады



Дата22.09.2023
өлшемі25,14 Kb.
#109672

Мұрын қуысы сүйек пен шеміршектен түзіліп, сырты терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Мұрын қуысының кілегейлі қабаты қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Мұрынға енген шаң тозаңды эпителий кірпікшелері ұстап қалады. Ал бездерден бөлінген сілекей бактерияларды өлтіріп отырады. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрынды тең екі бөлікке бөледі. Оның артқы бөлігі сүйектен, алдыңғы бөлігі шеміршектен тұрады. Көз жасы арнайы түтік арқылы мұрын қуысына өтеді, оның кілегейлі қабатын ылғалданып тұрады. Мұрын қуысының бүйір қабырғасында жоғарғы, ортаңғы және төменгі кеңсірік қалқандары бар. Олардың аралығынан жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын жолдары өтеді. Осының нәтижесінде ішке сорған ауа тыныстау мүшелеріне тікелей өтпей, ауа жолдары арқылы жылытылып, тазартылып өтеді. Мұрын қуысы тыныс алу және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді. Иіс сезу бөлігі мұрынның жоғарғы бөлігінде орналасқан. Оларға ерекше жасушалар мен иіс сезу рецепторлары жатады. Мұрын қуысы тыныс алу мүшесіне жатады, ол газ алмасу, дыбыс шығару, сөйлеу қызметіне қатысады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет