Ключевые слова: модернизация системы оборазования, цифровизация, повышение уровня профессионалной компетенции, дистанционное повышения квалификации, стрим-технология
Annotation
The author in his article highlights the ways of using stream technologies in the system of professional development of teachers in the context of digitalization of the Kazakhstani education system
Key words: modernization of the educational system, digitalization, increasing the level of professional competence, remote raising qualifications, stream technology
Қазіргі қазақстандық білім берудің маңызды мақсаты және қазақстандық қоғам мен мемлекеттің басым бағыттарының бірі адамгершілігі жоғары, шығармашыл, азаматтық жауаптылығы орнықты және бастамашыл азаматтың қалыптасуы мен дамуын әлеуметтік-педагогикалық қолдау болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер – оқыту мен оқу жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, қоғамның, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында жаңданған қоғамның, жаңа әлемнің өзгермелі өмірге бейім, жан-жақты тұлғасын қалыптастыру қажеттілігінен туындаған процесс. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша ХХІ ғасыр білім ғасыры болып белгіленді. Сапалы білімді игеруде білім маңызды емес, игерілген білім негізінде жаңа білімді жасақтау қабілеті, мектеп қабырғасында креативтілік тұрғыда игерілген білімді теориялық, тәжірибелік және әдіснамалық тұрғыда басқару маңызды. Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер — тарихи объективті үдеріс.
Қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілікті бірлесуіндегі, ішкі және сыртқы жағдайлардың алдында бірігуінің, әлеуметтік ынтымақтастығын нығайтудағы түйінді рөл білім беру саласына беріліп келді. Қазақстандық білім беруді модернизациялау және педагогикалық инновациялардың саналуандығы жағдайында білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттырудың үздіксіздігін, олардың кәсіби педагогикалық шеберлігін дамытуды қамтамасыз ететін әдістемелік қызметтің жаңа жүйесін құру аса маңызды бола түсуде. Аталған міндетті атқаруда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының басқармасы мен филиалдарында келелі, жүйелі жұмыстармен қатар, жаңа форматтағы қызметтерде жүзеге асырылуда.
Жаңа стандарттарды жүзеге асыру үдерісі бізден, институт оқытушыларынан арнайы ұйымдастырылған әдістемелік қызметтерді, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің білім беру тәжірибесін әдістемелік қолдау, педагогтардың әдістемелік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз ететін жаңа мазмұнын талап етуде.
Қазіргі білім беру жүйесін жаңарту жағдайында білім беру ісін ақпараттандыру, сандық сауаттылық мәселелері әрі пандемия шарттары қашықтықтан оқыту нысандарын дамытуды алға қойып отыр.
Қашықтықтан оқыту негізінен, білім беру үдерісіне қатысушыларының сырттай, қашықтықтағы өзараәрекеті ақпараттық-коммуникациялық желілерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын технологиялардың көмегімен ұйымдастырылады. Интернетте күн сайын оқу үдерісін заманауи стрим-технологияларды қолдана отырып, табысты ұйымдастыруға арналған жаңа және жаңартылған веб-қызметтер мен бағдарламалар пайда болуда.
Стриминг – бұл аудитория үшін жанды бейнені интернет арқылы тарату. Стриминг (ағылш. streaming – ағымдық) – бұл мәліметтерді, контенті қашықтықтағы серверде орналасқан жағдайда, қайнар көзден түпкі қолданушыға беру тәсілі. Алдын ала жазылған, монтаждауға және түзетуге болатын бейнежазбалардан айырмашылығы, стриминг – бұл тікелей эфир.
Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру бағдарламалары бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына арналған қолжетімді ZOOM интернет-платформасы негізінде өткізуді ұсынды. Себебі, Zoom стриминг платформасының «Өрлеу» БАҰО» АҚ жүргізілген вебинарлар мен педагогтарға арналған біліктілік арттыру курстары барысында апробациялау нәтижелері бойынша курстарды берілген платформа арқылы ұйымдастыру, орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру бағдрламаларын жүргізу талаптарына толық сәйкес келетіндігі туралы қорытынды жасалды.
Аталған бағдарламаға сай күніне 8 сағат өткізу ұсынылды, мұнда 1 академиялық сағат – 45 минут. Сабақты қашықтықтан ұйымдастырудың білім беру үдерісінің қатысушыларының денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету және өздігінен білім алу қағидаттары сияқты ерекшеліктерін есепке ала отырып, күнделікті сабақтар кестесі былайша құрылымдалды: 4 сабақ – ұзақтығы 40 минуттан тұратын онлайн-дәріс және 4 сабақ – ұзақтығы 50 минуттан тұратын тыңдаушының оқытушымен орындайтын өзіндік жұмысы. Педагогтардың біліктілігін арттыру курстарының оқу-тақырыптық кестесі мен сабақ кестесі аталған құрылымды басшылыққа алып, құрастырылды.
Zoom платформасының мүмкіндіктері орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру талаптарына толық сәйкес келетіндігін «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары мысалында тарқатсам:
- сабақтарды тікелей эфирде өткізу тренерге курс тыңдаушыларымен интерактивті режимде өзараәрекеттесуге мүмкіндік береді. Курстың әрбір тыңдаушысымен бейне және аудио байланыс білім беру үдерісінің субьектілерінің тиімді өзараәрекеті мен ынтымақтастығын ұйымдастыруға жағдай жасайды.
- онлайн курсқа қатысу үшін тыңдаушылар интернет және Zoom бағдарламасы қолжетімді компьютерден немесе ноутбуктен, сондай-ақ телефоннан немесе планшеттен кірді әрі аталған құралдарды өздігінен білімін арттыруда қолдану дағдыларын арттырды;
- тегін тіркеу жазбасы тренерге ұзақтығы 40 минуттық бейнеконференция өткізуге және сабақты қайталанбалы сілтеменің көмегімен қайта жаңартуға берілген мол мүмкіндік болды. Оның үстіне күнде-күн сабақтардың бейне жазбасы интернет байланысы үзіліп не мүлде болмай қалған мұғалімдердің электронды почтасына тұрақты түрде салынып тұрды;
- тегін тіркеу жазбасы кезінде 100 адамға дейінгі қатысушының қосылуына мүмкіндік беретін бұл платформа - облыс көлеміндегі әр ауданнан құрамы 25-28 адамнан тұратын топтарда бұл бағдарлама өзін ақтады;
- тренер әрі ұйымдастырушы ретінде, микрофонды өшіру және қосу, сондай-ақ барлық қатысушылардан ережелерге және сабақ сценариіне сәйкес бейнені өшіру және қосуды сұрау мүмкіндіктері сабақты тиімді ұйымдастырып өткізудің маңызды тетіктерін екендігіне көзім жетті;
- онлайн сабақ барысында тренерге берілген оқу үдерісін «экран демонстрациясы» функциясының көмегімен толыққанды басқару мүмкіндігінің арқасында сабаққа арналған таныстырылымды көрсету, оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын және оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендерді, сондай-ақ басқа да мәтіндік, аудио және бейнематериалдарды, Интернет-ресурстарды демонстарциялау, оларды ауызша және жазбаша комментарийлер арқылы басқару – оқыту тиімділігін қамтамасыз етті;
- келесі ұтымды қолданылған баптау - хабарламалар жазуға, барлығына файлдар жолдауға немесе бір тыңдаушыны таңдауға болатын чат. Чатты әр конференция сайын автоматты есте сақтауға немесе қолдап сақтауға, баптауға болады;
- тыңдаушыларды жұптарға және топтарға бөлу, оларды жеке бөлмелерге – сессиялық залдарға (мини-конференциялар) бөлуде тыңдаушыларға тек бір-бірімен оқу диалогын жүргізуге жағдай жасалды, оның үстіне басқалардың оларды көрмеуі әрі естімейтіні еркін диалогты қамтамасыз етті. Бөлмелер санын тренер ретінде оқу тапсырмасының мақсатына сай анықтап отырдым. Тренердің «сессиялық залдарға» кіру мүмкіндігін пайдаланып, фасилитатордың рөлін жүзеге асыра отырып, тыңдаушылардың қойылған проблемалық сұрақтарға қатысты пікірлері мен ұстанымдарын еркін білдіруге жағдай жасадым;
- платформаға мәтіндік жазбаларды бірлесе жүргізу, оқу тапсырмалары бойынша постерлер құруға арнап орнатылған интерактивті тақта, бұл сабақты ұйымдастыру мазмұнының, әдістері мен формаларының әр тыңдаушының белсенді, өнімді, өз бетінше әрекетке енуіне бағыттылығын қамтамасыз еткені сөзсіз.
Онлайн эфирде алынған білімдерді және қалыптасқан біліктерді ұғыну, жинақтау, жүйелеу және бағалау бойынша рефлексивті әрекетін ауызша жүзеге асырылса, чат жазбаша немесе графикалық нысандағы жұмыстар үшін қолданылды. Сонымен қатар, кері байланыста белгілі бір нысандарды толтыру, оларды тыңдаушыларға жеткізіп, олардан алуда бір мезгілде Whatsapp желісі пайдаланылды.
Сабақтың бейнежазбалары компьютерге жазылып, әр тыңдаушының электронды поштасына салынып, «Облако»-ға жүктелді. Егер тыңдаушыларда интернетпен проблемалары туындаса, онда олар сабақтың жазбасын көруге мүмкіндіктері болады. Интернетпен проблема тренерде пайда болған жағдайда, конференцияның басында ұйымдастырушының мүмкіндіктер болатын серіктес-ұйымдастырушы – серіктес-тренерді тағайындауға да болатындығы ескерілді. Дегенмен онлайн курстар барысында тыңдаушылар тарапынан ғана интернетке қосылуда ұсынылады.
Осылайша, орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын қашықтықтан оқыту жағдайында Zoom стриминг платформасы арқылы өткізу білім беру үдерісінің барлық қатысушылар үшін қолжетімді, тыңдаушылардың курс Бағдарламасының күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу және жүзеге асыру талаптарына сай болып табылады.
Қазіргі таңда қашықтықтан оқытуда жаңа технологиялардың көптеп пайда болып жатқаны белгілі. Олардың барлығы дерлік сандық технологиялар. Олар гипермедиа бағдарламаларынан тұрады. Бұл бағдарламалар білім алушыға ақпараттық қорды, Интернет және басқа желілер арқылы қолжетімді мәліметтер қорын, тіптен мәліметтердің кіріктірілген кешендерін меңгеру тәртібін өзінің бақылауына мүмкіндік береді және осы үдеріс Zoom стриминг платформасының «Өрлеу» БАҰО» АҚ жүргізілген вебинарлар мен педагогтарға арналған біліктілік арттыру курстары барысында айқын көрініс берді. Курс тыңдаушылары видеокурстармен, аудиоматериалдармен, мәліметтер қорымен және тағы да басқа бағдарламалық қамтамалармен өз үйінен, жұмыс орнынан тура қосылу барысында қол жеткізді.
Қашықтан оқыту – білім беру жүйесіндегі жағдайды өзгертті, түрлі платформаны, тиімді формаларды меңгеру мұғалімнің жан-жақты кәсіби дамуына, мобильді болуына игі әсерін тигізді. Қашықтықтан оқыту деген не? Қашықтықтан оқыту жүйесі дегеніміз не екендігін түбегейлі шешіп алу үшін, ең алдымен оқыту үдерісіне деген көзқарасыңызды анықтап алғаныңыз абзал. Егер оқытуды өзарабайланысқан бөлшектер мен үдерістер жүйесі ретінде қарастырар болсақ, онда осы жүйені басқаратын құралдарға деген қажеттілік айқын. Сондықтан осы жерде классик Питер Друкердің «Өлшеуге келмейтінді басқару мүмкін емес» деген тұжырымы орынды сияқты.
Қашықтықтан оқыту жүйесін қолдану оқыту үдерісін басқару дегенді білдіреді және мұны оқу контентін жасаумен шатастыруға болмайды. Сіздің қолыңызда электронды курстардың, бейнедәрістердің немесе тесттердің толық топтамасы бар болған жағдайда да, осы материалдарды қолдануға жәй ғана рұқсат ету жеткіліксіз. Басқаша айтқанда, текшеде кітаптың тұрғаны жеткіліксіз, оны енді оқып шығу керек.
Біздің еліміздегі білім беру жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырауда, оның ары қарай дамуы аталған саланың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуындағы басымдығын түйсінумен тығыз байланысты. Мұнда білім саласының сапасы, оны ізгілендіру, демократияландыру, білім берудің үздіксіз білім берудің барлық дейгейлеріндегі, соның ішінде кәсіптік білімнің қолжетімділігі мәселелерін шешу жайлы болып отыр. Қазақстандық әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени реформалар жалпы әлемдегі ғаламдық өзгерістер контекстінде жүзеге асырылуда. Әлеуметтік-экономикалық салалардағы интеграциялық үдерістер әлеуметтік-мәдени сала проблемаларын алға тартады. Білім беру мәдениеттер диалогы үдерісіне кіреді, ол мәдениеттің феномені әрі мәдениеттің қозғаушы күші болып табылады. Білім берудің қазіргі заманғы мәдениеттегі орнын түйсініп қана қоймай, ондағы интеграциялық үдерістерді мәдениеттің бір бөлігі ретінде дамытқан маңызды. Бірыңғай білім беру кеңстігін дамыту міндеті жүйелі сипатқа ие және тек кәсіптік білім саласында нақты жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырушы мамандардың белсенді шығармашыл өзараәрекетінің нәтижесінде шешілуі мүмкін.
Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін айтарлықтай уақыт керек, ең бастысы білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығының, әсіресе ересектердің, белсенді қатысуы мен өзараәрекеті қажет. Осы үдерістің барлық қатысушылары әдістемелік жұмыстың қазіргі жүйесін қалыптастырудағы жаңа тәсілдердің келесі талаптарын жадында ұстап, есепке алуы тиіс:
- білім беру кеңістігінің субьектілерінің ұтқырлығын дамыту;
- кәсіби қызметтің өзгермелілігі жағдайында жоғары бейімделгіштікке қабелітті болу;
- білім берудегі инновацияларды игеру қабілеттілігі;
- толыққанды кәсіби және жеке-дара өзін-өзі реттеу және өздігінен білімін жетілдіру;
- жеке өнімді идеяларды әзірлеу және жүзеге асыру;
- өзінің жеке даму стратегиясын құру.
Бір сөзбен айтқанда, қазіргі кезең тек қана әдістемелік ұсыныстарды жақсы білетін және оны пайдалана алатын маманды ғана емес, қызметіндегі тез өзгермелі жағдайларға сауатты жауап бере алатын, қалыптасқан оқу жағдайын жан-жақты бағалай алатын, білім алушыны оқыту мен тәрбиелеуге байланысты көптеген практикалық міндеттерді шеше алатын маманды қажет етеді.
Халқымызда «Ұстаң көштен қалса, көп болса желімді тостақсыз қаларсың. Ал ұстазың көштен қалса, білімді ұрпақсыз қаласың» деген өсиет бар. Қай заманда болмасын, ұстаз қолында адам тағдыры, ел тағдыры, ұлт болашағы тұратындығы белгілі. Сондықтан да ұстаздар қауымы, ұлт мүддесі жолындағы еңбегін адал да жауапкершілікпен орындауға міндетті. Педагог жаңаша оқыту тәжірибесін пайдалана отырып, өз білімі мен біліктілігін жетілдіріп, өзіндік даму бағдарын анықтауы арқылы жетістікке жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |