Оқырмандардеп ат беріп сақтаймыз.
5. Екінші кесте үшін төмендегі өрістерді енгіземіз: кітаптың аты, кітаптың авторы, баспасы, шыққан жылы, кітаптың нөмірі, көлемі, бағасы. Кестені толтыр.
6. Оқулықтар деп ат беріп сақтаймыз.
7. Аспаптар панеліненМәліметтер схемасы (Схема данных) батырмасын іздестіріңіз. Меню жолындағы команданы табыңыз: Сервис →Мәліметтер схемасы. Осы терезенің ашылуымен қатар бір уақытта Кестелерді қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады, бұл қосымша кестеден аралық байланысты құратын кесте таңдауға болады.
8. Қосу (Добавить) батырмасын шерту арқылы Оқырмандар және Оқулықтар кестелерін таңдаңыз — Мәліметтер схемасы терезесінде осы кестелердің өріс тізімдері ашылады.
9. Shift пернесін басып тұрыпОқырмандар кестесін екі өрісті ерекшелеңіз: Кітаптың аты және Кітаптың авторы. 10. Осы өрістерді Оқулықтар кестесінің өріс тізіміне әкеліңіз. Тышқан батырмасын жіберген сәтте, Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесі шұғыл түрде ашылады.
11. Байланысты өзгерту ( Изменение связей) терезесінің оң жақ панелінен байланысқа қосылатын Оқырмандар кестесінен Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерін таңданыз.
12. Байланысты өзгерту ( Изменение связей) терезесін жауып, Мәліметтер схемасы терезесінен пайда болған байланысты көресіз. Байланыс сызығын тышқанның сол жақ батырмасын шертіп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, байланысты үзуге және редакциялауға мүмкіндік беретін жанама меню ашылады. Мәліметтер схемасы терезесін жабыңыз.