Ms excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік. Бағдарламаны іске қосу, мәзірмен жұмыс ms excel



бет16/43
Дата26.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#40239
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Байланысты:
00015f93-92fffb7e

Деректер режимі өрісіне ауыспалы жолын белгілеп ат береміз. Бұл қадамдар төменгі суретте көрсетілген [15]. 

2.28-сурет. «Мониторлар» макросын құру


Осы ретпен сұраныстарды, есептерді, функцияларды, көріністерді ашу және тағы басқа көптеген командаларды орындауға болады. 
Деректер қорын құру барысында Microsoft Access мүмкіндіктерінің шектеусіз көп екеніне көз жеткіздік. Оны құру да көптеген ДҚБЖ бойынша білімді керек еткені сөзсіз. Бірақ нәтижесі айтарлықтай жоғары және қандай да болмасын кез-келген саланы қамтитыны, сапалы өнім алуға болатыны айқын. Ол мәліметтерді енгізіп, тиімді әрі жеңіл пайдалануға арналған. Деректер қорын құру барысында оны неғұрлым әмбебап, түсінікті қолдануға ыңғайлы етіп шығаруға ұмтылдым. Сол үшін жүйенің объектілері анықталып, олардьң арасындағы байланыстар орнатылды, әр түрлі кестелерге ыңғайлы формалар құрылды.
«Компьютерлік орталық» қосымшасын құру негізінде деректер қорын басқару жүйесінің қолдану аясы кең және оның мәнінің жоғары болуын дәлелдеу. 
Қорыта келгенде деректер қоры – бұл көптеген деректер қорын жеңілдетуге мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ бұл ыңғайлы және тиімді программа болып табылады. Тек деректер қорларын құру жүйелерімен жұмыс істеуді толық меңгергенде ғана біз аз уақытта тиімді жүйе жасап шығара аламыз.
Бақылау сұрақтар:



  1. Мәліметтер базасы дегеніміз не?

  2. Берілгендер қоры дегеніміз не?

  3. Берілгендерді қорын басқару жүйесі дегеніміз не?

  4. Access программасын іске қосу жолы?

  5. Access программасының объектілерін атаңыз.

  6. Кесте құру режимін атаңыз?

  7. SIN_kaz электрондық кітабындағы тапсырмаларды орындау.

  8. Ауызша сұрақтар

9. Тапсырмалар орындау


29 –сабақ. Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Мәліметтердің Access -те бейнеленуі.

Қандай да бір тасушыда, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығын деректер базасы деп түсінуге болады. Ақпаратты сақтау- компьютердің ең маңызды функцияларының бірі. Оның ең көп тараған құралы деректер қоры (ДҚ) болып табылады. ДҚ-берілген құрылымдағы ақпараттардан тұратын арнайы форматтағы файл. ДҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады.


Деркетерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың келесі типтері бар: 1)иерархиялық; 2) тораптық;3) реляциялық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет