Терезеден диаграмма типі (мысалы, Гисограмма) мен көрінісін таңдау. ( Терезеге 14 тип енгізілген. Тип атаулары: Гистограмма, Айналма, Сақиналы, Грфик және т.б. Оның бірін таңдаған кезде «Көрініс» бөлімінде тип құрамындағы диаграмма түрлері көрсетіліп қойылады.)
Терезенің «Одан әрі» түймесін шертіп, екінші терезені ашу. Терезелерде «Кейін», «Одан әрі», түймелерінің бірін шертіп, алдыңғы келесі терезелерге өтуге болады. «Дайын» түймесін шертілген кезде Диаграмма шебері терезесі жабылып, обьект жұмыс парағына кірістіріледі). Терезенің жоғарғы жағында диаграмма тақырыбы және таңдалған блок атауы көрсетіліп қойылған. Олардан төменгі қатарларда таңдалған блоктың бағандық не жолдық екенін білдіретін ауыстырып қосқыш белгілерінң бірі орнатылған. Онымен келіскен жағдайда бірден «Одан әрі» түймесін шертуге болады.