META тәгі HTML спецификациясында жоқ конструкцияларды құжат басында анықтауға арналған. Үш атрибуты бар: NAME, CONTENT, HTTP-EQUIV. Бұл тәгтің күрделілігі – бұл тәг арқылы енгізілетін конструкцияны интерпретациялау үшін сервердің немесе қолданушы интерфейстің конструкцияны қолдана білу және шифрын оқи білу мүмкіншілігі болуы қажет. Мұндай жұмыс түрі үшін программа SGML конструкцияларын интерпретациялауы қажет. Бірақ ол ешбір интерфейсті программада қамтылмаған. Практика жүзінде бұл тәгті тек құжаттың басына HTTP-EQUIV атрибуты арқылы анықталған HTTP ақпараттар протоколы бойынша енгізу арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол келесі түрде болады:
Мұндай қолданымнан соң HTTP пакетінің басына келесі қатарлар қосылады: Keywords: Plasma, Nuclear, Physics. Мысалға, бұл почта арқылы жіберу кезінде өте ыңғайлы.
META контейнерінің ең тиімді қолданылымын демонстрациялық роликтерді құру үшін пайдаланады. Мұндай жағдайда көрсетілетін беттің өзгеруі Refresh (яғни, құжат өңделу уақытында) параметрінде құрылады. Құжат басына META контейнерінің келесі түрі жазылады:
бұл құжат басында шығатын HTTP протоколының хабарламасымен бірдей болып табылады. Ол келесі түрдегідей болады:
Refresh = 0; URL=next.html
Бұл негізінен құжаттың браузер қосылғаннан кейін ауысқандығын білдіреді. Сонымен қатар жаңа құжат ретінде URL параметріндегі құжат қолданылады.
^