Гальваникалық элементтер. Гальваникалық элементтер негізі-нен мына төмендегі екі белгі бойынша сипатталып, бөлінеді:
1. Гальваникалық элементтің негізгі әрекеті болып есептелетін ондағы процестер қосындысыньщ сипаты бойынша топтасады.
108 Мұндай процестер химиялық реакциялар бір электролиттің екі ерітіндісіндегі әр түрлі концентрацияны теңеуге бағытталған про-цестер болуы мүмкін. Осы топтағы белгі бойынша біріккен электродтар химиялық және концентрациялық болып өзара онан әрі бөлінеді. 2. Гальваникалық элементтердегі екі ерітіндіні қосатын сұйық жалғастырушының жоқ немесе бар болуына орай топтасады. Егер гальваникалық элементте ондағы екі ерітінді арасын қоса-тын сұйық жалғастырушысы болса, онда мұндай гальваникалық элементтерді тасымалдаушысы бар не тасымалды тізбек деп атай-ды. Ал, егер сұйық жалғастырушысы жоқ болса, оны тасымалсыз тізбек дейді. Химиялық элемент. Химиялық процестердің энергиясын бірден және тікелей электр энергиясына түрлендіріп жіберетін электро-химиялық элементтерді химиялық деп атайды. Олар әр түрлі екі элементтен тұратындықтан, оларға әр түрлі табиғи сипаттағы электоодты реакциялар тән. Екі электродтағы ерітінді бірдей болса, яғни екі электрод бір электролит ерітіндісіне батырылса, онда мұндай элементті тасымалсыз элемент деп атайды. Әрине, мұндай электродтарда диффузиялық потенциал айырымы болуы мүмкін емес. Процесс бұған кері болса, айталық, екі электрод не екіге бөлінген, не екі ыдыстағы екі электролит ерітіндісіне баты-рылса, онда осы электролит ерітінділерінің арасын жалғастыру-шысы бар элементті тасымалды дейді. Тасымалды химиялық элементтер қатарына Якоби-Даниэль элементі жатады: (-)Zп|ZпSО4||СиSО4|Си( + ) Бұл элементте электрохимиялық механизм бойынша, өздіпнен Zп + СиSО4->-Си + ZпSО4 химиялық процесс жүреді. Бір электродта Zп->-Zп2+ + Zе реакция бойынша мырыш тотықса, ал екінші мыс электродында Си2+ + 2е->-Си реакция бойынша мыс тотықсызда-нады. Ал, егер жалпы элементтегі электрод потенциалын салыс-тырғанда, мырыш электроды теріс, мыс электроды оң зарядта-лады екен. Егер екі электролит ерітіндісіндегі диффузиялық по-тенциалды болдырмаса, онда бұл элементтің электр қозғаушы күші келесі тендеумен анықталады:
пт а 2+ +я
Е = ЕСи -Еzn = E-E+ немесе Г = 298 К, aси =аzп =1 болғандықтан,
Тасымалсыз химиялық элементке Вестон элементі мысал бола-ды. Ол да бұрын қарастырғандай (-)Сd, Нg|СdSО4 (қаныққан) Hg2SO4Hg(+)
109 тізбегінен тұрады. Ол бірінші текті электрод — 12 процентті кад-мий және сынап амальгамы мен екінші текті электрод — сынап пен сынап сульфатынан тұрады. Бұл элементтің электр қозғаушы күші температураға ғана тәуелді де уақытқа тәуелсіз. Сондықтан да Вестон элементі стандартты электр қозғаушы күш көзі ретінде өте жиі қолданылады.