Ультрасүзу. Ултьтрасүзу деп қатты, қуысты денеге арнайы бе-кітілген жартылай өткізгіштік қабілеті бар кеуек сүзгіштер арқы-лы коллоидты ерітіндіні сүзу процесін айтады. Кәдімгі сүзгіш қа-ғаз арқылы коллоидты ерітінділер оңай өтетіндіктен, ультрасүзу кезінде арнаулы целлофан немесе коллоид сіңірілген сүзгіш қағаз-дар пайдаланылады. Әдетте ультрасүзу процесі үлкен кысымда не вакуумда жүргізіледі. Мұндайда не сығу, не сору құбылыстары пайда болып, олар сүзу ісін тездетеді және осы кезде дисперсті фаза, яғни коллоидты бөлшектер сүзгіште қалады да, “керексіз ерітінді” сүзгіштен өтеді. Ультрасүзу әдісі жоғары молекулалық қосылыстардың зольдері мен ерітінділерін концентрлеу үшін жиі колданылады. Бұл әдіс, әсіресе, коллоидты система температураға төзімсіз болған жағдайда аса кұнды. Ультрасүзу кезінде тек белгі-лі дисперстік дәрежедегі коллоидты бөлшектерді өткізетін сүзгіш-терді қолдану аркылы олардың өлшемін анықтап, сұрыптауға да болады. Осы негізге сүйене келіп, көптеген вирустар мен бактерия-лардың өлшемі алғаш рет дәл анықталған. Соңғы кезде электро-диализ және ультрасүзу әдісі бір кондырғыда біріктіріліп қолда-нылуда. Мүндай құрама әдісті электроультрасүзу дейді. Әрине оның жылдамдығы өзіне дейінгі әдістегіден едәуір жоғары.