МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ



бет69/147
Дата06.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#15984
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   147
§ 22. КҮРДЕЛІ РЕАКЦИЯ

Қүрделі реакция деп жалпы кинетикалық теңдеулерінщ құ-рамында жай реакциялармен салыстырғанда бірнеше жылдамдык константасы бар реакцияларды айтады. Күрделі реакциялар қа-тарына қайтымды, параллельді (қосарлы), тізбекті және басқа реакциялар енеді. Бүл реакциялардың теориялық негізі системада бір мезгілде бірімен-бірі қатарынан әркайсысына жай реакциялардың кинетикалық теңдеуін қолдануға болатын құбылыстардың жүруі деп есептелетіндігі.

Параллельді немесе қосарлы реакция деп берілген бір қосылыстан не заттан бір сәтте қатарынан екі не одан да көп өнім алынатын күрделі реакцияларды айтады. Оны жалпы мына тө-мендегідей етіп жазады:

ABC немесе Берілген А реагентінен реакция нәтижесінде В және С одан да көп өнімдері бірімен-бірі қатарынан қосарласа шығады. Бұған екі бағытта жүретін бертолле тұзының ыдырауы жақсы мысал болады:

Сол секілді көптеген радиоактивті элементтердің де ыдырауы бірден екі бағытта қосарласа жүреді. Органикалық химияда да параллельді реакциялар жиі кездеседі. Мысалы, фенолды азот қышқылымен өзара әрекеттестіргенде нитрлеу реакциясы бірден



125

екі бағытта жүреді және мұнда осы кезде бірден орто-және пара-нитрофенолдар түзіледі.

Жалғасымды немесе сатылы реакция деп бірінен кейін бірі жалғасып жүретін күрделі химиялық реакциялар түрін айтады. Оған мысал ретінде берілген А затынан В қосылысы түзіліп, ре-акция онан әрі жалғасып, сатылай жүріп С өнімі шығатын реак-цияны келтіруге болады: Бұл реакциялар табиғатта кең таралған. Олар екі, үш не одан да артық жекеленген сатылы реакциялардан тұрады және олардың әрқайсысы әр түрлі моле-кулалық та, күрделі де болуы мүмкін. Дикарбон қышқылдары күрделі эфирлерінің немесе гликольдердің күрделі эфирлерінің, дигалоген туындыларының, майлардың және т. б. гидролиздеу реакциялары, яғни суда ыдырауы осы жалғасымды реакцияға жа-тады. Сол секілді үш сахаридті гидролиздегенде, әуелі дисаха-ридке ыдырап, онан әрі бұл дисахарид моносахаридке жіктеледі. Оны үш сахаридті рафиноза дейді, оның гидролиздену реакциясы екі сатыдан тұрады:

1.C18H32O16+H2OC6H12O6+C12H22O11-— дисахарид, 2.C12H22O11+Н2ОС6НІ2О6 + СбНІ2O6 — моносахарид.

Жалғасымды реакциялардың жалпы немесе берілген жағдай-дағы кинетикалық теңдеуін тауып, оны есептеу өте күрделі. Сон-дықтан оларды қүрамына енетін жай реакцияларға жіктеп, олар-дың әрбір сатылы реакцияларын ескереді. Егер берілген реакция бірнеше сатылы реакциялардан тұрса және олардың реакция жылдамдығы біріне-бірі тең болмаса, онда жылдамдығы төмен болатын реакция берілгеи реакцияның жылдамдығын анықтайды.

Кейде бір реакция өздігінен жүрмейді. Ал егер онда басқа бір реакция жүрсе, соған ілесіп, яғни соның жүруіне үйлесімді жүре-Nтін күрделі реакциялар түрі кездеседі. Мұндайларды ілесімді не орайластық реакциялар дейді. Мұндай реакцияларды жалпы түрде былай көрсетуге болады:

1. А + ВМ, 2.A+CN

Демек, ілесімді реакциялар екі сатыдан тұрады. Оның бірінші сатысындағы реакция ешнәрсеге тәуелсіз, өздігінен жүре береді, яғни А және В реагенттері М өнімін түзеді. Ал екінші реакцияда-ғы А мен С реагенттері өздігінен реакцияға түспейді және N өнімі шықпайды. Ал, егер А, В және С реагенттерін бір реакторға салса, онда әуелі М түзіледі де оған ілесе екінші реакция жүріп, оған орай N өнімі пайда болады. Оған екі мысал келтірейік:

1.H2O2(A)+Fe+(M)+H2O

2. Н2О2(A)+2НІ(С)І2(N)+2Н2О

Мұндағы бірінші реакция бойынша екі валентті темір тұздары, айталық ҒеS04, сутектің пероксидінде ешнәрсеге тәуелсіз өздігі-нен жүреді, яғни темір (II) сульфаты тотығып, үш валентті темір сульфатына айналады. Ал екінші реакцияны жеке бөліп алса, ол

126

өздігінен жүрмейді. Ол теІЬ бірінщі реакция жүріп, темір (III) сульфаты пайда болғанда ғана сол реакцияға ілесе жүреді де, иодты сутек қышкылындағы иодтьщ тотықсыздануы темір (III) сульфатына орайлы келеді. Мұндай реакциялар органикалық хи-мияда, әсіресе, биохимияда жиі кездеседі. Мысалы, индиго деп аталатын қара көк бояудың судағы ерітіндісі ауадағы не ерітін-дідегі оттекпен тотықпайды, ерітінді реңі оңалмайды, Ал, егер осы ерітіндіге бензальдегидті қосса, ерітінді бояуы оңалады. Сөйт-се, бояу ерітіндісіне қосылған бензальдегид ондағы оітекпен әрекеттесіп, тотыққанда бензой қышқылы түзіледі де, оған ілесе индиго тотығып, бояу оңалады да, изатин дейтін әлсіз органика-лық қышқыл түзіледі:

1. O2(А) +С16Н10,О2N2(В)2С8Н5О2М2(M)-- изатин индиго

2. О2(А)+С7Н6О(С)С7Н7О2(N)—бензои қышқылы. бензальдегид

Бұл құбылысты 1905 жылы Н. А. Шилов жан-жақты зерттеген және оны химиялық ивдукция (ыкпал) деп атады. Осы реакция-лардағы ортақ А реагенттерін (сутек пероксиді және оттек) актор, В қосылыстарын — акцептор, ал С — индуктор дейді.

Қайтымды реакция деп жылдамдығы тура және кері жүретін реакциялардың жылдамдық айырымына теңелетін реакцияларды айтады:

Қайтымды реакцияға мысал ретінде сірке қышқылы мен этил спиртінің арасында жүріп, күрделі эфир мен судың түзілетін ре-акциясын алуға болады:

НзССООН + С2Н5ОН^НзССООС2Н5 + Н2О.

Мұнда тура реакцияның жылдамдығы уакыт өткен сайын төмен-деп, кері реакцияныкі артады және бұл құбылыс осы екі реакция-ның жылдамдықтары өзара теңелгенше, динамикалык. тепе-тен,-дік орнағанша жүреді. Мұндай реакцияның константасы тура және кері реакциялардың жылдамдық константаларының қатынасына тең:

A және В азаяды (141 а)



A1 және В2 көбейеді (1416)

(141)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет