МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ



бет106/147
Дата06.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#15984
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   147
Байланысты:
С. Жайлауов физикалы химия

Капиллярлық конденсация. Адсорбциямен қатар капиллярлық конденсация құбылысы, яғни қаныққан бу қысымы аз кездегі адсорбат буының конденсациясы байқалады. Адсорбция кезінде адсорбент қуысындағы ішкі қабырғалар адсорбцияланатын заттың буымен өте жұқа пленка болып жабылады (астарланады). Олар сұйықпен жақсы жұғысады. Мұндағы тепе-теңдік қысымының қа-ныққан будың серпімділігінен кіші болатыны физикадан белгілі. Сондықтан да адсорбент қуысындағы қаныққан бу кіші қысым кезінде де конденсациялана береді.

Капиллярлық конденсациямен сорбциялық гистерезис құбылы-сы жиі байқалады, адсорбция мен десорбция изотермаларының бірдей бола бермеуінен адсорбциямен салыстырғанда десорбция құбылысы кіші қысымда баяу жүреді. Қапиллярлық конденсация кезіндегі гистерезис құбылысының пайда болуына физикалық ад-сорбцияның қайтымдылығымен қатар, адсорбент қуыстарының түрі, қисықтығы, бірдей болмауы әсер етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет