МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ


§ 49. КОЛЛОИДТЫ-ДИСПЕРСТІ СИСТЕМАЛАРДЫ АЛУ



бет122/147
Дата06.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#15984
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   147
Байланысты:
С. Жайлауов физикалы химия

§ 49. КОЛЛОИДТЫ-ДИСПЕРСТІ СИСТЕМАЛАРДЫ АЛУ

Затты ұнтақтап конденсациялау әдістерімен коллоидты бөл-шектер алуға болады. Қоллоидты ерітіндідегі бөлшектер бірімен-бірі өзара қақтығысқанда, олардың жабысып, іріленуіне кедергі ^олатын түрақтандырғыштардың (стабилизаторлардың) болуы



213

қажет (мысалы, электролит иондарының коллоидты бөлшектін, бетіндегі ионды-гидратты кабықша). Коллоидты бөлшектер дис-перстік ортада (еріткіште) нашар еруі керек. Осы айтылған жай-дын бәрі бірдей орындалғанда коллоидты системадағы бөлшектер-дің тұнбаға түсуіне кедергі болатын электр заряды мен гидратты қабықша пайда болады.



А. Дисперстік әдістер. Дисперстік әдіс берілген үлкен қатты затты әуелі майдалап, сосын оны ұнтақтап, коллоидты-дисперсті бөлшектерге дейін кішірейтуге бағытталған. Мұның өзін бірнеше әдіспен жүзеге асырады.

Механикалық әдіс. Механикалық әдіс берілген қатты заттың үлкен бөлшектерін ұзақ және тоқтаусыз, әрі жылдам ысқылау, ұнтақтау сияқты механикалық жолмен кішірейтуге бағытталған. Бүл арнайы машиналармен жүзеге асырылады, шары бар және коллоидты диірмендер қолданылады. Шары бар диірмен — (техни-када оны шарлы, шарлық диірмен дейді) ішінде әр түрлі өлшем-дегі болат не фарфор, тіпті кейде басқа да катты заттардан әзір-ленген шары бар, іші куыс болат цилиндр. Әдетте диірмен ішінде-гі астар мен шариктер біртекті және ұнтақталатын заттан едәуір-катты болады. Осындай диірмен ішіне дисперстелетін зат пен түр-лі өлшемдегі шарлар бірге салынады да белгілі жылдамдықпен, электромотор көмегімен айналдырылады. Ондағы ұнтақталу шар көмегімен жүзеге асады. Мұндай диірмендер әр түрлі дисперстел-ген жүзгіндерді алу үшін кеңінен пайдаланылады. Әйтсе де бұл диірменде ұсакталған заттардың дисперстілік дәрежесі төмен, он-дағы бөлшектердің диаметрі — 50—60 мкм шамасында.

Егер дисперстік дәрежесі жоғары зат керек болса, онда арнаулы коллоидты диірмен пайдаланылады. Мүндай коллоидты диір-меннің бір түрін Плауссон 1920 жылы ұсынды. Ол — іші қуыс ци-линдр, ішіндегі калақшалары бар ротор минутына 20 мыңға дейін жылдамдықпен айналады (59-сурет). Диірмен ішкі будырлы бөлігі (а) мен ротор қалақшасы (в) арасына түскен зат біліктің жылдам айналуынан ұнтақталады (ұнтақталу дәрежесі 0,1 —1,0 мкм). Үнтақталған бөлшектердің өзара бірігіп, жабысып қалмауы үшін тұрақтандырғыштар косады.

Ультрадыбысты эдіс. Соңғы кезде заттарды ультрадыбыс әдісімен ұнтақтау кең таралуда. Ультрадыбыстың әсер етуші механизмі әлі де болса толық зерт-телмегендіктен, оның кейбір жайы мен мәні түсініксіз. Сұйық бөлшектері систе-мадағы өте тез ауысатын қысым мен кеңею салдарынан бөліне келіп, ұнтақталуы мүмкін деген болжамдар бар. Ультрадыбысты қондыргылардың өнімділігі аса жоғары.



Химиялық әдіс арқылы үнтақтаудың арасында пептизация әдісі жиі таралған. 59-сурет Бұл процесс пептизатор деп аталатын

214

\

ұнтақтайтын зат әсерімен жүріп, гельді зольге айналдырады. Бұл алынған борпылдақ шөгіндіге пептизатор қосып, оны коллоидты бөлшектерге дейін ұнтактауға негізделген. Пептизатор ретінде қол-данылатын электролиттер бөлшектерді біріктіріп, оларды жеке коллоидты бөлшек түрінде ұстайды. Демек, электролиттер аморф-ты шөгінділерді өзара бірігуден, агрегацияланудан қорғайды екен. Бұған мысал ретінде темір (III) гидроксидінің золін алуға бола-ды. Жалпы темір (III) гидрооксидін тұнбаға түсірмеу үшін оған пептизатор ретінде темір (III) хлоридінің ерітіндісін қосады. Мұн-дайда темір (III) гидроксиді бірден тұнбаға түспей, золь түрінде жүзіп жүреді.

Химиялық дисперстеу әдістерінің арасында өздігінен ұнтақта-латын тәсіл де белгілі. Ол негізінен әрбір жағдайға сәйкес таңда-лып алынған еріткіш көмегімен коллоидты ерітінді алуга бағыт-талған. Мысалы, крахмал, желатин, агар-агарды суда еріткенде коллоидты ерітінділер алынады. Мүндағы еріткіш (су) — пепти-затор. Осы процесс өздігінен жүреді. Бұл әдіс, әсіресе, катты поли-мерлерді арнайы алынған еріткіштерде еріту арқылы жоғары мо-лекулалық қосылыстардың ерітіндісін әзірлеуге кеңінен пайдала-нылады.

Б. Конденсациялау әдістері. Қоллоидты ерітінділерді алудың конденсациялау әдістерінің басым көпшілігі тотығу, тотықсыздану, гидролиз сияқты химиялық реакцияларға негізделген. Бұл реакциялар кезінде ерітінділер еріген заттардың ерімейтін күйге ауысуы нәтижесінде коллоидтыға түрленеді. Сондай-ақ, конденсациялау әдісі химиялық реакциялармен қатар олардың конденсациялануы сияқты физикалық құбылыстармен де сипатталады. Конденсациялау әдістерінің маңызды түрлеріне қысқаша тоқталайык.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет