Ғалым аталған еңбегінде мақал-мәтелдердің пайда болып, қалыптасуы ішкі және сыртқы факторға байланысты болады деп тұжырым жасаған.
Ішкі фактор әрбір этникалық қауымның халық болып қалыптасуының ұзақ тарихи процесіне, өзіндік дүниетанымына байланысты.
Ал, сыртқы фактор сол этникалық қауымның бір табиғи ортада, басқа халықтар мен араласуынан, бір-біріне тигізген мәдени әсеріне байланысты деп көрсеткен. Сонымен қатар, мақал мен мәтелдің ұқсастықтарын және айырмашылықтарын көрсеткен.