Екеуінің ұқсастықтары: екеуіде даналық сөз және«Аталар сөзі» деген ұғымнан шыққан.
Ә.Қайдар «Халық даналығы» еңбегінде қазақ мақал-мәтелдерін тілдік табиғатына байланысты іштей 2 топқа бөлген.
Прозалық (қара сөз) Поэтикалық (өлең сөз)
Ал, Ғабдолла Қалиев пен Әсет Болғанбаевтың 2006 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбегінде: «Мақал дегеніміз – халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжірибесі жинақталып берілген, мазмұны жағынан ғибрат, өсиет сияқты, ізгі қасиеттерді уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі ырғақты, ықшам нақыл сөз. Мақал формасы жағынан аяқталған сөйлем іспеттес. Мақалдардың көпшілігі екі компонентті, яғни құрмалас сөйлем типтес болып келеді. Мысалы, Түстік өмірің болса, кештік мал жина. Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі» [2, 197-бет].