Мақал-мәтелдер – ертегі, аңыз әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлендер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жанр. Олай дейтініміз ХІІ-ХІІІ ғасырлардын сақталған сирек жазба деректерде де мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Орхон жазуларында: «Жырақ болса жаман сыйлық берер, жақын болса жақсы сыйлық берер»; «Бастыны еңкейткен, тізені бүктірткен»(Күлтегін); «Жұқаны тастау оңай, жіңішкені үзу оңай»; «Өлімнен ұят күшті» (Тоныкөктен) деген мақалдарды оқи аламыз. Ал Махмуд Кашқаридің «Дивани лұғат ат-түрік» сөздігінен: «Ұлық болсан кіші бол...»; «Тай ат болса ат тынар, ұл ер болса – ата тынар»; «Күз болары көктемнен мәлім»; «Бейнет түбі - зейнет»сияқты мақалдары; Баласұғынның «Құдатғу білік» дастанынан: «Біліп сөйлесең білікке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр»; «Ауыздан бірде от, бірде су шығар, бірі жанса, бірі сөндірер»; «Аққан су ол – жақсы сөз, қайда ақса сонда су өсер»дейтін мақалдарды кездестіруге болады.
Мақал-мәтелдер – ертегі, аңыз әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлендер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жанр. Олай дейтініміз ХІІ-ХІІІ ғасырлардын сақталған сирек жазба деректерде де мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Орхон жазуларында: «Жырақ болса жаман сыйлық берер, жақын болса жақсы сыйлық берер»; «Бастыны еңкейткен, тізені бүктірткен» (Күлтегін); «Жұқаны тастау оңай, жіңішкені үзу оңай»; «Өлімнен ұят күшті» (Тоныкөктен) деген мақалдарды оқи аламыз. Ал Махмуд Кашқаридің «Дивани лұғат ат-түрік» сөздігінен: «Ұлық болсан кіші бол...»; «Тай ат болса ат тынар, ұл ер болса – ата тынар»; «Күз болары көктемнен мәлім»; «Бейнет түбі - зейнет» сияқты мақалдары; Баласұғынның «Құдатғу білік» дастанынан: «Біліп сөйлесең білікке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр»; «Ауыздан бірде от, бірде су шығар, бірі жанса, бірі сөндірер»; «Аққан су ол – жақсы сөз, қайда ақса сонда су өсер» дейтін мақалдарды кездестіруге болады.