43
рет көрсеткен француз ғалымы Жан Жак Ампер еді. Осыдан кейін еуропа
ғылымының жұртшылық осы терминді кеңінен қолдана бастады. Этнология
ғылымының дербес пән ретінде ресми түрде қалыптасуы Париж этнологтары
қоғамының құрылуынан (1839) басталады. Бұл оқиға пән және оның қоғамдық
ғылымдардағы орны туралы қызу ғылыми-теориялық пікір-сайыстар туғызды.
Кейбір мәселелерге қатысты сан алуан көзқарастар болғанымен, қазіргі таңда
этнологияның орны, пәні мен зерттеу әдістері, міндеттері, т.б. айқындалған.
Алғашқыда этнология дамуы артта қалған, жазуы мен мемлекеттілігі болмаған
халықтарды зерттеумен айналысып, бұл үрдіс ХХ ғасырдың бас кезіне дейін
созылды. Кейіннен түрлі саяси және экономикалық мүдделерге сай ғылымның
ауқымы кеңейіп, бүгінгі күнге дейінгі мәселелер қарастырыла беретін болды.
Жаңа тарихи жағдайларға байланысты қазіргі уақытта Этнология күрделі де сан
салалы тармақтардан тұратын іргелі ғылымға айналды. Оған этнологиялық
антропология,
этнологиялық
социология,
этнологиялық
психология,
экономикалық
этнология,
этнодемография,
этнологиялық
география,
этнопедагогика сынды бірнеше бөлімдер кіреді. Қазақстанда этнологиялық
ізденістердің дамуы ілкі замандардан бастау алған. Ерте темір дәуірінен
басталған мол этнологиялық жадығаттар ғасырлар бойы жинақтала берді.
Қазақтар туралы нақтылы этнологиялық деректерді патшалық Ресей тұсында
Қазақстанға келген орыс шенеуніктері жинастырды. Әсіресе, бұл салада П.С.
Паллас, И.Г. Георги, И.П. Фальк, И.Г. Андреев, А.И. Левшин сынды
зерттеушілердің еңбектері зор. ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында қазақ
этнологиясына елеулі үлес қосқандар Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсарин,
М.Бабажанов болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ
этнологиясына Н.Гродеков, Н.Аристов, Ә.А. Диваев, Г.Н. Потанин,
Ш.Құдайбердіұлы, І.Қостанаев, т.б. елеулі үлес қосты. ХХ ғасырдың 20-
жылдарының соңында С.И. Руденко бастаған ғылыми экспедиция құрылып,
оның құрамында Ә.Х. Марғұлан жұмыс істеді. Бұл экспедиция «Қазақтар»
деген атпен бірнеше жинақтар шығарды. 1946 жылы Қазақстан Ғылым
Академиясы құрамында Тарих және этнология институты ашылғаннан кейін ел
арасынан дерек көздерін жинастыру, ғылыми талдау жүргізу жұмыстары жолға
қойылды. Жинақталған мағлұматтар негізінде қазақ халқын этнологиялық
тұрғыда зерттеу тарихы (Е.Масанов), ру-тайпалық құрамы (В.Востров,
М.Мұқанов, Х.Арғынбаев), ұлттық киімдері (И.Захарова, Р.Ходжаева), басқа
өңірлердегі қазақтардың тұрмысы (У.Шалекенов), неке және отбасы, ұлттық
қолөнер (С.Қасиманов), ұлттық тағамдар, т.б. көптеген тақырыптар төңірегінде
көлемді зерттеулер жүргізілді. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін
республикада этнологиялық ізденістер тарихи шындық тұрғысынан түзіле
бастады. Республиканың түкпір-түкпірлерінде ғылыми ошақтар өркендеп,
бірқатар зерттеушілер (Ә.Төлеубаев, С.Әжіғали, Ж.Артықбаев, Ш.Тоқтабаева,
т.б.) этнологиялық мәселелерді жаңа қырынан қарастыруда. Ғалымдар
мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша да тың зерттеулер жүргізіп
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: