Мухангалиева Жанар Кажмуханбетовна, аға оқытушы, т.ғ. к. (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2022 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы



бет2/49
Дата16.10.2023
өлшемі307,48 Kb.
#116570
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Курстың міндеттері: Курс өз алдына өлкенің тарихын танып білу барысында студенттердің ғылыми көзқарасын, жоғарғы моральдік және патриоттық сана-сезімін қалыптастыруды, яғни оқу мен тәрбие поцестерінің органикалық бірлігіне қол жеткізуді міндет етіп қояды.
Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша)
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
- археологиялық, этнографиялық, топонимикалық деректерін, мұрағаттық құжаттарын, ауызша халық туындыларын жинақтау, сараптау, оларды өлкелік зерттеулерге пайдалану әдіс-тәсілдері жөнінде теориялық білімді игереді;
- музей, мектептік музей жоспарларын, сабақтан тыс жұмыстардың жоспарларын құрастыру туралы білімді игереді;
- Қазақстанда өлкетану ғылымының қалыптасу, даму барысы, зиялы қауымның өлкетанулық қызметтері жөнінде теориялық білімді игереді және олардың еңбектерінің мазмұнымен танысады.
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
- жазба, заттай деректерді жинақтай алады, оларға деректанулық талдау жасай алады, өлкетанулық зерттеулерде дерек көздері ретінде пайдалана алады;
- тарихи-өлкетанулық музейлердің жоспарын құрастыра алады, оны құруға қойылатын талаптарды игереді;
- карталармен жұмыс істеу, тарихи карталарды құрастыруды игереді;
- туған жерінің атауының шығу тарихын зерттей алады;
- сабақтан тыс жұмыстардың жоспарын құрастыра алады, оларды оқу мен тәрбие үрдісінде пайдалана алады.
Игерілетін дағдылар:
- археологиялық, этнографиялық, топонимикалық деректерін, мұрағаттық құжаттарын, ауызша халық туындыларын жинақтау, сараптау, оларды өлкелік зерттеулерге пайдалану дағдыларын игереді;
- музей, мектептік музей жоспарларын, сабақтан тыс жұмыстардың жоспарларын құрастыру дағдыларын игереді;
- карталармен жұмыс істеу, тарихи карталарды құрастыру дағдыларын игереді;
- әртүрлі жазбаша жұмыстарды: рефераттарды, баяндамаларды, аннотацияларды және тұжырымдамаларды жазу дағдыларын игереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет