215
дис ілімінде сүннет – Аллаһ елшісінің
айтқан сөздері, істеген істері және құптаған
амалдары. Яғни хадис ілімінің термині ретінде «сүннет» сөзі хадиспен мағыналас.
Көбінесе хадис деп – Мұхаммед пайғамбардың
сөздерін, ал сүннет деп істеген
амалдарын атайды. 3) Фиқһ ілімінде сүннет – орындалуы міндетті емес, орындаға-
ны үшін сауап алатын, орындамағыны үшін күнәкар болмайтын амалдар. Мысалы,
егер намаз оқушы намаз сүннеттерінің бірін немесе бірнешеуін орындамаса, на-
мазы бұзылмайды және ол сәһу сәждесін жасамайды. Сүннетті орындағаны үшін
сауап алады, ал әдейі орындамау мәкруһ. Пайғамбарымыздан бізге жеткен сүннет
намаздар рауатиб және рауатиб емес деп екіге бөлінеді.
Сунна ғайр муәккәдә ةدكؤم ريغ ةنس – бекітілмеген сүннет. Бұған Аллаһ елшісі
бірде орындап, бірде орындамаған құлшылықтары жатады. Мысалы, аср (екінті)
намазының алдындағы төрт ракағаттық сүннет намаз.
Сунна муәккәдә ةدكؤم ةنس – бекітілген сүннет. Муаккада сүннеттерін
Мұхаммед пайғамбар үнемі тастамай оқыған, бірақ кей кездерде мұсылмандар ол
амалдардың парыз емес екендігін білсін, сезінсін деген ниетпен орындамаған. Мы-
салы, таң намазының екі ракағат сүннеті.
Сур رؤس – сарқыт су. Сур – адам не басқа бір жануар ішкен аз судан қалған
қалдық су. Ислам шариғатында мұсылман
және кәпір деп бөлместен,
барлық
адамдардың және қой, ешкі, сиыр, жылқы сияқты еті жеуге жарамды малдардың
сарқыт суы таза деп есептеледі және ол сумен дәрет алуға болады. Шошқа, ит және
қасқыр секілді жыртқыш аңдардың сарқыт немесе қалдық суы нәжіс деп есептеледі
және ол суды ішуге, дәрет алуға пайдалануға болмайды. Тышқан аулап жейтін үй
мысығы мен нәжіс жерлерден қорегін шоқып жейтін тауық тұқымдас құстардың
қалдық суы мәкруһ тәнзиһи болып табылады.
Сутра ةرتس – намаз оқып тұрған адамның алдына басқалардан қалқалап тұру
үшін қойылған зат. Шариғатта жақын аралықта намаз оқып тұрғандардың алдынан
кесіп өтуге тыйым салынған. Сондықтан намаз оқушы алдына басқалардан қалқа-
лап тұратын бір затты қоюы керек. Ол зат «сутра» деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: