226
ген кезде дәреттің немесе ғұсылдың орнына бетке және екі қолға таза жер жыны-
сымен мәсіх жасау. «Тәйәммум» сөзі араб тілінде «мақсат» деген мағына береді.
«Ғұсылды, Құран бағыштауды да, жаназа шығаруды да «тәямімді» қалай соғуды да
үйретеді» (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Тәкаппарлық ربكتلا – ақиқаттан бас тарту және адамдарға менсінбей қатынас
жасау. Тәкаппарлық – шариғат тыйым салған ең жаман күнәлардың бірі.
Тәкбир (тәкбір) ريبكتلا – Аллаһты ұлықтау. «Аллаһу әкбар» ( Аллаһ ұлық) деп
айту.
Тәкбір айту – «Аллаһу әкбар» деп айту.
«Сармолла осы
сырттағы халық арасында болып,
мешіт ішінде қарт имам
бастаған намаздың әр кезек «тәкбир-таһлилін» сыртта ұйыған саптарға, ашық үн-
мен әсемдей ескертіп тұр: «Аллаһуәкбар!», «Самиғоллаһу лимән хамидә!», «Әсса-
ламуағалайкум уарәхметолла» деген ауық-ауық намаз бөлімдерін дауыстап, сырт-
тағы қауымды іштегі михраптағы имамның намазына қалт еткізбей ұйытып тұрды»
(М.Әуезов, Абай жолы).
Достарыңызбен бөлісу: