147
«Құбыладан қаптаған тұтас алапат бұлт күннің көзін қайтадан сірестіріп ба-
сып алды» (С.Жүнісов, Ақан Сері).
«Бата жасалған соң, Балқожа қойды құбылаға қаратып жықты да, аяқтарын
айқастыра ұстады» (Н.Қазыбеков, Тұсаукесер).
Бетін [
басын] құбылаға берді. Жүзін (
басын) құбыла жаққа, күннің батысына
қарай түзеді.
«Сөйтсем, төрдің қақ
төбесінде бетін құбылаға беріп,
Мақпал намаз оқып
отыр» (Б.Соқпақбаев, Өлгендер қайтіп келмейді).
«Кім болды екен деп жақындасам, әкем екен. Құбылаға бетін беріп, шарт жү-
гініп күбірлеп отыр» (Т.Иманбеков, Үш айдың үш күні).
«Осыдан үш күн бұрын мынау оң жақ бұрышта басын құбылаға беріп әкесі
жатып еді» (С.Мұратбеков, Жабайы алма).
Достарыңызбен бөлісу: