Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет118/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   200
Қызыр қонды. Қыдыр дарыды.Қызыр ата ол үшін дұға жасады. 
«Алла ісінен басқа жаққа баспады, 
Жастық дәурен көп әуресін тастады. 
«Көктен тапты» жерден күткен арманын, 
Қызыр қонды жаратушы жақтады» (К.Салықов, Жезкиік). 


159
«Ер жігіттер қор болмас
Жеке қызырдарыса.
Харам болмас дария 
Тоқсан доңыз сарыса» (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
«Аз күнгі дүние қызық жалған үшін, 
Досынан дос айырылып шығар жолдан. 
Өтіпті бір бай патша бұрынырақ, 
Тұсында қызыр шалып бақыт қонған. 
Болыпты үш баласы сол уақытта, 
Ержетіп ақылына кәміл толған» (Ә.Найманбаев, Шығармалары). 
«Бай болған Ормақайға қызырдарып, 
Смайыл келген еді қажы барып» (Жамбыл, Шығармалары).
Қыл көпір – қияметте махшар мен жаннаттың арасын жалғаушы, тозақ үсті-
нен жүргізілетін өткел. Қара: сират көпір.
Қырағат ةءارق – «Қырағат» араб тілінде «оқу» деген мағына береді. Діни 
ғылымдарда бұл термин бірнеше мағынада қолданылады. Мысалы, фиқһ ілімінде 
«қырағат» сөзінің мағынасы намаздың ішінде Құран оқу. Құран ілімдері ғылымын-
да «Құран оқу мәнері» және «әртүрлі араб тілі диалектілерінде Құран оқу тәсілі» 
деген мағынада қолданылады.
Қысас صاصق – кек алу, қарымта, есе қайтару. Ислам шариғатында қазының 
кісі өлтіргенге не біреудің дене мүшесіне зақым келтіргенге және т.с.с. қылмыс жа-
саған адамға жаза ретінде жасаған қылмысына сәйкес жаза қолдануы «қысас» деп 
аталады. Қазақ тілінде терминдік мағынасына қарағанда тілдік «кек алу» мақса-
тында да жиі қолданылады.
«Қол астындағы адамы бетіне келсе, онымен қырық жылға шейін қысас бо-
лып кететіндер бар» (С.Алдабергенов, Жаңару). 
«Бұл Еркежан мен Абайға қатар жасаған қысас еді» (М.Әуезов, Абай жолы). 
«Жас жігіт Саржанның 16 жыл сергелдеңінде Уәли байдың қысас қырсығынан 
әскерге алынды» (Р.Нұрғалиев, Күретамыр). 
«Бірақ әжесінің мінезі өзіне аян: Ақық әжей адамға қысас жасағанды жақтыр- 
майды» (Н.Ғабдуллин, Сарғайған жапырақ).


160


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет