173
«Молдалар азан айтқанда,
Бинамаз ұйықтап жатқанда,
Ақ сәлделі бір адам
Жетіп келді қасына,
Таянып келді басына» (Батырлар жыры).
«Таң сарғайып атқанда,
Молдалар азан айтқанда,
Сайын сынды батырдың
Желкесі жерге тақ етті,
Маңдайы күнге жарқ етті» (Батырлар жыры).
«Ахирет жолын білсін деп,
Беріп едім молдаға.
Ат қызығын көрсін деп,
Мінгізіп едім жорғаға.
Артында қолған сол залым
Қылмады дұға молама.
Не жазығым бар еді,
Жасаған Жаббар құдаға!» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
«Жаман сол – жақсы сөзді ұға алмаса,
Ғалым болмас ұстаздан дұға алмаса.
Молла есімін алған жан толып жатыр,
Не керек ғылым бойға жұға алмаса» (Шал ақын, Өлеңд.).
Достарыңызбен бөлісу: